БАЛУАНДАР ОСЕТИЯДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫН ӨТКІЗІП ЖАТЫР

Уақыты: 26.03.2024
Оқылды: 338

Еркін күрестен олимпиадалық салмақта сынға түсетін балуандар қазіргі таңда Осетияда жаттығуда. Бұл туралы құраманың бас бапкері Мадияр Құрамысов айтты. Бас бапкердің айтуынша, Бішкекте өтетін Олимпиадаға іріктеу турнирі мен Азия чемпионаты қарсаңында құрама мүшелері дайындықты күшейтуде.


 

«Олимпиадалық салмақтағы балуандарымыз Осетияда жаттығуда. Жақын арада бірлескен жаттығу жиынына Ресей құрамасы қосылуы керек. Атап айтар болсам, 74, 86, 97 және 125 келідегі балуандар сол жақта жүр. Азия чемпионатына қатысатын Ризабек Айтмұханов пен Талғат Сырбаз да сол жақта», — деді бас бапкер.

Еркін күрестен Қазақстан командасында әзірге Олимпиаданың бір жолдамасы бар. 86 келідегі Азамат Дәулетбеков Белградтағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанып, лицензия ұтып алған.

 Бішкекте өтетін Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатын еркін күрес шеберлері:

– 57 келі: Ерасыл Мұхтарұлы
– 65 келі: Майис Әлиев
– 74 келі: Нұрғожа Қайпанов
– 97 келі: Әлішер Ерғали
– 125 келі: Юсуп Батырмұрзаев

➡️Париж Олимпиадасына іріктеу турнирі 19-21 сәуірге жоспарланған.

Фото: 1bol.kz