Мәлімет беру тәртібі

Уақыты: 11.12.2017
Оқылды: 1066

Бағалы металдар мен асыл тастардың, олардан жасалған зергерлік бұйымдардың лизинг берушілері, ломбардтары, риэлторлары және дилері үшін берілетін мәліметке назар аударыңыз!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет), «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі –ҚЖ/ТҚҚ туралы Заң) 3-бабының 1-тармағы 13)-16) тармақшаларына сәйкес қаржы мониторингі субъектілеріне лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар, ломбардтар, бағалы металдар және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, жылжымайтын мүлікті сатып алу, сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жататындығы туралы ақпараттандырады. 
Қаржы мониторингі субъектілерімен міндетті түрде орындау үшін ҚЖ/ТҚҚ туралы Заңымен рәсімдер көзделген. ҚЖ/ТҚҚ туралы Заңының 3-бабы 3-тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Комитетке қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті. Өз кезегінде қаржы мониторингі субъектілері болып табылатын тұлғаның қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламасы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» (www.elicense.kz) («Қаржы» бөлімі – «Хабарлау тәртібі») ақпараттық жүйесінде автоматтандырылған. 
Қызметті бастағаны туралы хабарламаны қағаз жүзінде жіберген тұлғаларға осы жүйе арқылы хабарламаны қайта жіберу талап етілмейді. Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың осы Заңда рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді.ҚЖ/ТҚҚ заңнаманы орындау үшін қаржы мониторингі субъектілері ҚЖ/ТҚҚ туралы Заңының 4-бабымен көзделген қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар туралы мәлiметтер мен ақпаратты жіберуге міндетті. ҚЖ/ТҚҚ туралы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері мәліметтер мен ақпаратты бөлiнген байланыс арналары арқылы ұсынады. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 Қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын 3-тармағы 1-бөлігіне сәйкес Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 6), 8) - 17) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi ұсынатын ақпарат операция жасалған күннен кейінгі жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының телекоммуникация желілері (АРМ-СФМ) немесе XML пішімінде уәкілетті органның веб-порталы (Web-СФМ) арқылы жіберіледі.    
Комитеттің ресми интернет-ресурсында (kfm. gov.kz) «ҚМСК» – «ҚОМЖЖ» бөлігінде жүйелерінде тіркеу туралы ақпарат орналасқан. Web-СФМ жүйесіндегі жеңілдетілген тіркеу операциялардың кішігірім көлемі бар қаржы мониторингі субъектілеріне арналған. Осылайша, ҚЖ/ТҚҚ және рұқсаттар, хабарламалар туралы заңнамаларды бұзуға жол бермеу мақсатында Сіздерге ҚЖ/ТҚҚ туралы Заңмен көзделген барлық қажетті шараларды қабылдауды, қызметтің басталуы туралы хабарламаны жолдауды және жоғарыда көрсетілген жүйелерге тіркелуді ұсынамыз.

Қазақстан 
Республикасы 
Қаржы министрлігінің 
Қаржы мониторингі комитеті.