Жастарға жігер береді

Уақыты: 15.01.2018
Оқылды: 1031

Елбасы Н. Назарбаев халқымызға «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын арнады. Елбасы дәстүрлі Жолдауында халқымыздың алдына маңызды 10 міндет қойды. 

Міндеттер Отанымыздың тұғырын биіктетуге, мемлекетіміздің әлеуметтік және экономикалық дамуын ілгерілетуге негіз болатыны анық. Елбасы Жолдауына ауданымыздың жастары қолдау танытты. Мемлекет басшысы аталған Жолдауында: «2017 жылы еліміз әлемдік дағдарыстың қолайсыз салдарын еңсеріп, сенімді өсу жолына қайта түсті», – деп атап көрсетті. Мұның бәрі бізге қуаныш сыйлайды. 
Тәуелсіз мемлекетіміздің тіреуі мен тілегі болар жастар ел болашағына сенеді. Жалынды жастар алаңсыз білім алып, еңбек етіп, мемлекет дамуына үлес қосуы керек. Біз Елбасымыздың халыққа арнаған кезекті Жолдауын оқып, жақсы көңіл ауанында болдық. Мемлекет басшысының индустрияландыру, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту, қаржы секторын қайта жаңғырту, адами капитал, білім мен денсаулық туралы алға қойған міндеттері – ұшқыр уақыт алға тартқан маңызды қадамдар. Сондықтан біз, жастар, ауданның әр саласында өз мамандықтарымыз бойынша жаңаша еңбек етіп, қажыр мен қайратымызды, білімімізді жарқын іске, жақсы бастамаларға арнайтын боламыз. Бұған біздің күш-жігеріміз жетеді.

Тоғжан Біржансалова,
Райымбек аудандық жастар ресурстық
орталығының жетекшісі