Шаруаларға жақсылық көп

Уақыты: 15.01.2018
Оқылды: 931

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында еліміздің өркениет жолындағы атқаратын жұмыстарының нақты бағыттары көрсетілді. Соның ішінде аграрлық салада жұмыс істейтіндерге ерекше назар аударылған. Әсіресе, Елбасы ауылшаруашылығы кешенін дамытып, өнім өндірушілерге жүктелетін міндеттерді тізіп берді.

Елбасы Жолдауында аграрлық ғылымды дамытуды басты назарға алуды айрықша міндеттеді. Осыған орай шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарыққа жоғары сапалы өніммен шығудың жолдары көрсетілді. Жоғары оқу орындарына ауылшаруашылығы кешенінде нақты жұмыс істейтін немесе ғылыммен айналысатын мамандар даярлау ісін мықтап қолға алу жүктелді. Демек, осының өзінен биыл елде ауылшаруашылығы саласына ерекше ден қойылатыны белгілі. 
Жолдауда ауылшаруашылығы өнім өндірушілерін жеміс, көкөніс өнімдерін жеткізуді кеңейтуге белсенді атсалысуға шақырды. Атап айтқанда, барлық ірі қалалар мен елді мекендердегі қорларды ұлғайту, қоймалар санын көбейту, көтерме-бөлшек сауда және көтерме-сауда орталықтарын арттыру жұмыстарын батыл қолға алудың маңыздылығы көрсетілді. Бұл да ауылшаруашылық секторын өркендетуге бағытталған маңызды қадамның бірі. Бұл бағытта жетісулықтар көш басында келеді. 
Жолдауда тағы да бір атап көрсетілгені – агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделу салыстырмасын арттырып, шаруашылықтардың кооператив негізінде жұмыс істеуін қолдау. Сондай-ақ,  бизнеспен бірлесіп отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарумен белсене айналысу. Осы тұрғыдан облысымыз өзге өңірлермен салыстырғанда көш бастап келеді. Осы жетістіктерімізді Жолдау аясындағы тапсырмаларды орындау барысында жетілдіре түсетінімізге сенім мол.

Саят Сақмолдин,
облыстық ауылшаруашылығы басқармасы
басшысының орынбасары