Жастардың жалынды рухы

Уақыты: 15.01.2018
Оқылды: 1197

Арнай Байжұрынов, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы:

– Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында бүкіл дүние жүзінің озық технологияларын меңгеру арқылы тәуелсіздік алған күннен бастап еліміз қарқынды дамып келеді. Соның бірден- бір үздігі – былтыр ғана бүкіл әлемді таңғалдырып, жастардың ізденіске серпін берген «EXPO – 2017: Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесі. Нұрсұлтан Әбішұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидың «Тәрбиесіз алынған білім – адамзаттың қас жауы», – деген пікірін ұстанып, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын ұсынып, бізге білім мен тәрбиенің қатар жүруі керектігін қадап айтты.  Жастардың мақсаты – Елбасы Жолдауында айтылған талаптарды жүзеге асыруға атсалысу және елімізде болып жатқан оң өзгерістерге үлестерін қосу. Жаңа технологиясы бар мемлекет қана ірі табыстарға жетеді. Біздің мемлекетіміздің жаңа технологиясы – жастардың білімі. Сондықтан жастардың жалынды рухы асқақтай берсін.