маңызды саяси оқиға

Уақыты: 15.01.2018
Оқылды: 1175

Айжан Жұмаділова, Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы директорының орынбасары:

– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы жаңарған Қазақстанды әлемдегі көшбасшы елдердің қатарына енгізу үшін өмірдің барлық саласына өзгеріс енгізу арқылы жаңа белестерге бастап келеді. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауы әрбір қазақстандық үшін маңызды саяси оқиға. Онда ол ел дамуындағы нақты қадамдарды айқындап берді. Білім беру жүйесін жаңғырту, адами капиталдың сапалы өсуі басты бағыт екендігіне ерекше назар аударды. Жаңа әрі сапалы білім беру жүйесі мен цифрлы технологияны енгізуді міндеттеді.
Жолдауда «ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деп Елбасы атап көрсетті. Осы міндеттерді жүзеге асыруда мектептегі басшыдан бастап, бүкіл педагог қызметкерлері өз мамандығының қажетті қабілеттерді және интеграциялық үрдістерді меңгеріп, әлемдегі жаңа идеяларды тиімді пайдалануға, әлемдік білім кеңістігінің өресіне шыға білу қажет. Ендеше, білектің күшіне сенген заманда бабаларымыз өз міндетін атқарды, білімге сенген заманда аманатты орындау сіз бен бізге парыз деп білемін.