Қапшағайда мұз жарылып, "Lexus" суға кетті (видео)

Уақыты: 12.02.2018
Оқылды: 1279

Алматы облысының құтқарушылары Қапшағай су қоймасында мұз жарылып, су астына кеткен Lexus көлігін шығарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 
Оқиға 12 ақпанаға қараған түні болған. Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері жол талғамайтын көлікте үш адам болғанын, абырой болғанда ешкім зардап шекпегенін хабарлады.  "Көлік "Голубой залив" су қоймасы маңында мұз бетімен жүріп келе жатқан, жағадан 5000 метр жерде. Олар мұздың жұқа тұсына кеп қалды. Қазір мұздың қалыңдығы шамамен 10 сантиметр. Олар әуесқой балықшылар болса керек. Бұл туралы таңертең 09:32-де хабарлады. Қаір оқиға орнында Алматы облысы ТЖД-нің УАЗ көлігін мінген төрт қызметкері: ТЖ бөлімінің басшысы мен үш құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Мұздың жұқалығынан қиындықтар туындап жатыр," - деп хабарлады ТЖ өкілдері.