Байқау

Уақыты: 16.02.2018
Оқылды: 2834

«Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің  100 жылдық мерейтойына логотип  әзірлеуге 
арналған байқаудың ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелері
1.1. Байқаудың атауы
«Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің 100 жылдық мерейтойына логотип әзірлеуге арналған байқаудың ережесі
 (ары қарай – Байқау).
1.2. Байқау ұйымдастырушысы
Алматы облысының ішкі саясат басқармасы (ары қарай - ұйымдастырушы).
1.3. Байқаудың мақсаты
2018 жылда «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің 100 жылдық мерейтойына арналған ресми логотип әзірлеу.
1.4. Байқау қатысушылары
Байқауға Қазақстан Республикасында тіркелген және дизайны бойынша тиісті тәжірибеге ие, логотиптер мен корпоративтік стилді жасайтын заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ компьютерлік графика бойынша кәсіби дағдысы бар әрбір азамат қатыса алады.
II. Байқау ұйымдастырушылары
2.1. Байқауға қатысу үшін төмендегі құжаттарды Алматы облысының ішкі саясат басқармасына жолдау қажет; 
1) Әрбір сайысқа қатысушы өзі туралы толық ақпарат пен өтінішті жіберуі тиіс; 
2) Логотип түрлі түсті немесе ақ-қара қағаздарда құжат түрінде немесе электронды тасымалдаушы (СD) форматында ереже талаптарына сай болуы қажет;
3) Логотипте бейнеленген суреттің мағынасына жазбаша түрде түсініктеме берілуі керек;
 2.2. Байқауға ұсынылатын жұмыстар 2018 жылдың             28 ақпанына дейін қабылданады;
2.3. Жұмыстарды электронды пошта жәшігіне жіберуге немесе байқау ұйымдастырушысына арнайы тапсыруға болады;
Байқауға ұсынылған жұмыстарды әділқазылар алқасы тексеріп, бағалайды. Өткізілген жұмыстар кері қайтарылмайды;
Байқауға ереже шартына сай емес, сапасыз, уақытынан кешіктіріліп жіберілген жұмыстар қабылданбайды;
2.4. Байқауға қатысушы мен ұйымдастырушы арасындағы құжат алмасу электронды пошта арқылы немесе төменде көрсетілген мекенжай арқылы жүзеге асырылады;
2.5. Байқау жұмыстарын бағалаудың негізгі талаптары;
Қатысушылар ұсынған логотиптер келесі талаптар бойынша бағаланады: заманауи үлгідегі, есте қаларлықтай, техникалық талаптарға сай, функционалды, ассоциативті, қысқа әрі түсінікті болуы шарт.
2.6. Байқау комиссиясы
Байқауға ұсынылған жұмыстарды әділқазы мүшелері тексеріп, бағалайды. Әділқазы мүшелерін Алматы облысының ішкі саясат басқармасы бекітеді. Әділқазы мүшелері байқауға қатыса алмайды.
2.7. Байқаудың нәтижелері
Байқау қорытындысы қайта қарастырылмайды.
Байқаудың қорытындысы Алматы облысының ішкі саясат басқармасының сайтында жарияланады.
Байқау жеңімпазы «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің 100 жылдық мерейтойына арналып жасалған логотипті Алматы облысының ішкі саясат басқармасына авторлық рұқсатын бере отырып, өткізеді. 
Байқау туралы барлық ақпараттар ашық түрде жүргізіледі.
III. Сыйлықтар
3. Байқау жеңімпаздары арнайы смартфонға ие болады.

IV. Алматы облысының ішкі саясат басқармасының мекенжайы:
040000, Талдықорған қаласы, Ж. Балапанов көшесі, 28, Журналистер үйі 5-қабат, 5001-бөлме. Байланыс номері: 8 747 505 0059, email: naukanovb@mail.ru