Газетпен етене әкім

Уақыты: 16.02.2018
Оқылды: 1174
Қаратал ауданының әкімі Рауан Рақымбеков фейсбуктегі парақшасына өңірдің 100-ге толатын  бас газеті «Жетісуды» ұстап түскен суретін қойыпты. Рухани байлықты бойына жиып, жұмысын газет оқумен бастаған әкімнің бұл ісі газет ұжымы мен қалың оқырманның көңілін бір серпілтіп тастағаны анық. Ғасыр тойын тойлағалы отырған «Жетісу» газетіне Рауан Тұрданғазыұлы құрметінің ерекше екені суреттен байқалады. Бұқара мен биліктің арасын жалғайтын алтын көпір аудан әкімінің назарынан бір сәтке тыс қалмауы, басшының халықпен етене араласуы, тың идея мен креативті ойдың жетекшісі екенін аңғартса керек. Рухани асыл қазынаны қолына алып, жақұт пен жауһардан сөз моншағы тізілген газетпен суретке түсуі аудан бірінші басшысының адами арда кейпін айшықтаса керек. Соған орай парақшасындағы достары біраз пікір айтқан екен. Ендеше соның бір-екеуіне кезек берсек.
Саян Таубаев: Қасиетті “Жетісу” газетін қолынан түсірмейтін әкімді жетелі десең жарасар!
Мұхтар Күмісбек:
        Көрсетсең парасаттың көркем түрін,
        Ел айтар есіміңді ертең, бүгін.
        «Жетісу» газетінен жер жаһанды,
        Оқып тұр тізгін алған өркенді ұлың.
Ришад Тұрғанбаев: Мына сурет мұхиттан маржан сүзіп, асыл қазынадан рухани байлық жиғандай екен.