Талдықорған: +29°C
$ 456.88
€ 534.64
₽ 5.47
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жер бар, жайылым жоқ

22.08.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жер бар, жайылым жоқ
WhatsAppTelegramFacebook

Жаркент өңірінде асыл тұқымды ірі қара, қой, жылқы өсірумен айналысатын қожалықтар көбейіп келеді. Бірақ соңғы жылдары көптеген жазғы жайылым толық пайдаланылмауда. Бұл, әсіресе, Жаркент өңірінде айқын байқалады. Биыл ауданда 180 мыңға жуық қой-ешкі, 98 мыңнан аса ірі қара, 26 мыңнан аса жылқы есепке алынса, осы малдың 80 пайыздан астамы жазда жайлауға шығарылады. Өңірдегі ойпатта 40 мың гектардан аса алқапқа егін егіледі. Мал жайылатын бос жер жоқ. Әсіресе 25 мың гектардан аса жерге жүгері өсірілетіндіктен жарты жылдан аса уақыт суармалы алқаптар мал жаюға босамайды. Есесіне дала аруының дәні жиналған соң оның орны қысқы жайылымға жаратылады

Жаркент өңірінде жалпы отызға жуық жазғы жайлау бар. Кеңес үкіметі тұсында бұл жайлауларда жаз бойы мыңдаған қой-ешкі, сиыр, жылқы бағылатын. Қазіргі таңда олардың біразы бос қалды. Жайылым тапшылығы байқалғанымен, пайдаланылмай жатқан шұрайлы жер жетеді. Бұл мәселе мал шаруашылығының тиімділігіне кері әсер етуде. Зерттеуге сәйкес жайлаулардың игерілмеуіне ықпал ететін біраз дәлелді атап өтуге болады.

Біріншіден, жол қатынасының нашарлығы, шалғайлығы. Тау қойнауларындағы жайлауға апаратын көптеген жолдар ұзақ жыл жөндеу көрмеген. Көктемгі жауын-шашын мен селден кейін жүру қиынға соғады. Жайылымдарды тиімді пайдалану – тек жекелеген шаруашылықтардың ғана емес, мемлекет пен жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми мекемелердің және мал өсірушілердің ортақ жауапкершілігі.

Ең алдымен, Панфилов ауданының барлық жазғы жайылымына кешенді түгендеу жүргізіліп, олардың қазіргі жағдайы ғылыми тұрғыдан бағалануы қажет. Әрбір жайлаудың шөп қоры, мал сыйымдылығы, су көздерінің жағдайы және инфрақұрылымы анықталып, электрондық карта жасалса, жайылымдарды басқару әлдеқайда жеңілдейді.

Екіншіден, шалғай жайлауларды игеруге жағдай жасау қажет. Алмалысу, Ойжайлау, Қазанкөл және Сымтас сияқты жайлауларға апаратын жолдарды жөндеу, көпірлерді қалпына келтіру, құдықтар мен суаттарды тазалау немесе жаңадан қазу – уақыт күттірмейтін жұмыстардың бірі.

Үшіншіден, жайылымдарды маусымдық және кезектестіріп пайдалану жүйесін енгізу маңызды. Бір жайлауға бірнеше жыл қатарынан шамадан тыс мал жаю табиғи өсімдіктің қалпына келуіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан жайылымдарға түсетін жүктемені біркелкі бөлетін аудандық бағдарлама қабылданғаны жөн. Мәселен Жаркент өңіріндегі ең үлкен жайлау – Белжайлау. Бұл тау қойнауының ұзындығы 25 шақырымнан астам, ені он шақырымға жуық. Кеңес кезеңінде Белжайлауға жаз маусымында «Көктал» асыл тұқымды қой кеңшарының, «Үшарал» ұжымдық шаруашылығының және Айдарлыдағы «Гвардия» асыл тұқымды мал шаруашылығының малшылары төрт түлігін түлететін. Қазір оған өңірдегі сансыз қожалық жыл құрғатпай малын апарып, іркес-тіркес қоныс құратын болды. Салдарынан жауын сирек жауған жылдары кең жайлаудың шөбі жұтап, шаңы шығып, мал етекке ерте қашатын жағдай орын алуда. Керісінше Қоңырөлең, Сарытөбе, Бөрібай би, Ынталы ауылының желкесінде тұрған Сымтас жайлауына соңғы 30 жылдан аса уақыттан бері бірлі жарым қожалықтар малын апарады.

Бұл жайлауға көлік бара алмайды. Бұрын малшылар жүгін түйеге, атқа артып Кертасты, Тамшы асулары арқылы Сымтасқа жететін. Аталған ауылдардан небәрі 20 шақырымның ары және бер жағындағы қашықтықтағы Сымтастың шөбі шүйгін, суаты мол. Сол сияқты Қазанкөл, Басқұншы ауылдық округінің малына тиесілі Алмалысу, кіші, үлкен Ойжайлаулардан қашық әрі жолы күрделі болған соң малшылар бармайтыны белгілі.

Төртіншіден, осылардың амалын қарастырсақ шаруаларды шалғай жайлауларға көшуге ынталандыратын қолдау тетіктерін қарастырған жөн. Мысалы, инфрақұрылым шығындарын субсидиялау, күн батареяларын, су сорғыларын орнатуға қолдау көрсету немесе жол жөндеу жұмыстарына мемлекеттік қатысу нақты нәтиже береді. Бұл жайлауларға малшылар өте сирек баратындықтан аю, қасқыр сияқты жыртқыш аңдар шамадан тыс көбейіп, мал мен малшыға қауіп төндіретін болған. Бұл да реттеуін күткен мәселе.

Жаркент өңірінің табиғи мүмкіндігі мол. Ендігі міндет – сол байлықты ұтымды пайдалану. Жайылымдарды ғылыми негізде басқару арқылы ғана табиғатты сақтап, мал шаруашылығының өнімділігін арттыруға және ауыл экономикасын нығайтуға болады. Сонымен қатар мал өнімдерін ұқсататын кәсіпорындар құру уақыт талабы. Мысалы, көршілес ҚХР-да тері илеу технологиясы кеңінен дамыған. Олар ет, сүт, жүн өнімдерін де жан-жақты ұқсатып отыр. Қолдан келсе көршілерден мал өнімдерін жергілікті жерде ұқсататын инвесторлар шақыртқан дұрыс.

Тағы бір айта кететін маңызды мәселе – Жаркент өңіріндегі елді мекендер маңынан жаз маусымында тұрғылықты халықтың малын жаюға шұрайлы жер қалмай барады. Бұл мәселе соңғы кезде еліміздің барлық аймағында жүз беріп жүр. Бір ғана Жаркент қаласынан күнде таңертең оннан аса сиыр табыны өріске шығады. Солардың көбі күзде егістік алқаптары босағанша таршылық көреді. Тіпті егін егуге жарамсыз Өсек өзені жағасындағы жайылымдық жерлер соңғы жылдары кәсіпкерлерге көптеп кесіп берілгендіктен мал жайылатын жер тарылды. Жер бөлгенде әкімдер осы мәселені де назардан тыс қалдырмаса екен деген тілегіміз бар.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық

22.08.2026
Жер бар, жайылым жоқ

Жер бар, жайылым жоқ

22.08.2026
Шағын футбол чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

Шағын футбол чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

22.08.2026
Жетісуда алғаш рет бағдарламалау және жасанды интеллект бойынша тегін мектеп ашылды

Жетісуда алғаш рет бағдарламалау және жасанды интеллект бойынша тегін мектеп ашылды

22.08.2026
Қауіпсіздік қалқаны

Қауіпсіздік қалқаны

22.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.