Талдықорған: +19°C
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

ҚҰС ӨСІРСЕҢ, ҚАЗ ӨСІР

09.10.2020
ОН САУСАҚ
ҚҰС ӨСІРСЕҢ, ҚАЗ ӨСІР
WhatsAppTelegramFacebook

Қаратал өзенінің жағалауына ірге тепкен елді мекен тұрғындары құс асырауға бейім. Жұртшылық үйде тауық, үйрек, қаз асырап, нәпақасын айырып отыр. Құстың жұмыртқасы мен еті күнделікті тұтынуға жақсы екенін білетін ағайын үшін бұдан асқан кәсіп жоқ. Бірі күздік ет болады деп бақса, бірі балапан өсіріп сатады, енді бірі етін табыс көзіне айналдырып отыр. Жолбарыс батыр ауылдық округінде құсты арнайы көбейтуді қолға алған шаруа қожалықтары да бар.

Сонау сексенінші жылдардың басында бұл аймақта құс өсірушілердің даңқы алысқа кеткен болатын. Тарихқа жүгінсек,  Қанабек ауылына 1981 жылы Алакөл ауданынан «Жағатал» асыл тұқымды құс шаруашылығы көшіп келген еді. Бұл шаруашылықты білікті басшы, құс шаруашылығын дамытқан Қырымбай Қарашев басқарды. Іскер азаматтың ұйытқы болуымен ауылдың жағдайы жақсарып, аз уақыттың ішінде құс шаруашылығы өркендеді. Құс шаруашылығында мыңдаған құс өсіріліп, аудандағы алдыңғы қатарлы кәсіпорынға айналды. Ауылда жаңа үлгідегі үйлер салынып, көшелер асфальтталды. Мәдениет үйі, спорт залы мен бассейні бар 140 орынды балабақша, монша, дәрігерлік амбулатория, автоматты телефон стансысы іске қосылды. Ауыл қызметкерлерінің алды жыл сайын шипажайда демалса, еңбегі еленгендер мемлекет тарапынан медаль мен орденге ие болып жатты. Осының бәрі құс өсірушілер еді. Міне, сол үрдіс жалғасын тауып келе жатыр.      
Жолбарыс батыр ауылдық округіндегі Айдар елді мекеніне қоңсылас жатқан аумақта жасанды көл бар. Мұндағы «Дары природы» шаруа қожалығында қаз өсіріледі. Кәсіпкер Жанат Болатұлы басшылық жасайтын шаруашылық қарамағында айдынды көл, 100 гектар жайылымдық жер бар. Былтырғы жылы шаруа қожалығы қаз шаруашылығын дамытуды қолға алды.   
– Қазіргі таңда шаруашалықта 1000 бас қаз бар. Былтырғы жылы қазан айының аяғында Ресей Федерациясының Башқұртстан аймағынан 2000 балапан әкелдік. «Линда» тұқымына жататын қаздардың өсімі жақсы. Ауданымыздың табиғатына жерсініп, салмақ қоса бастады. Күзде 1700 басын сойып, Алматыдағы мейрамхана мен дүкендердің сұранысы бойынша әр келісін 1800-2000 теңгеден саттық. Талдықорғанда өткен жәрмеңкеге апарып, қаз етін саудаладық. Қаздардың таза салмағы 6-7 келі, аталығы 7-8 келіге дейін тартады. Былтыр аналық 300 бас қаз алып қалдық. Биыл өзіміз инкубатордан 500 балапан шығардық. Қазір балапан арқылы қаз тұқымын көбейтіп жатырмыз, – дейді қожалық қызметкері Бағлан Бекмұрзин.
  Қаздың бір ерекшелігі – жайылып жүргенді жақсы көреді, еркіндікте тез өседі. Қолға үйретілген тауық секілді қамауда ұстағанды ұнатпайды. Шаруашылық жұмысшылары былтыр қазды қамауда ұстап, асырағанда 70 тоннаға жуық жем кеткенін айтады. Бүгінде қаздар жайылымға жіберілген. Шаруашылықта 3 адам жұмыс істейді. Құсшылар ит-құс, түлкі, шиебөріден аман-есен болуы үшін қазды арнайы бағады. «Линда» тұқымды қаз түрі тез өседі, салмақты тез жинайды. Шаруа қожалық иелері балапан шығару үшін 2 дана инкубатор сатып алған. Қаздың бұл тұқымы суда жүзгенді жақсы көреді. Шомылмаса, салмақ жоғалтып, ауруға ұшырауы мүмкін. Осыны ескерген қожалық иелері қазға арналған арнайы жасанды су тоғанын жасаған. Мұнда мыңдаған қаз шомыла алады. Сондай-ақ, әрқайсына 5000 бас қаз сыятын екі қора-қопсы салған.       
Бұл кәсіптің машақаты да, пайдасы да бар. Құс бағушының айтуынша, бұл істің ең қиыны  – балапан жетілдіру.  Себебі, қаздың балапандары өте әлжуаз келеді, сондықтан жұмыртқадан шыққан соң ерекше күтімді қажет етеді. Бұл кезде балапандарды таза, құрғақ және жылы жерде ұстаған абзал. Құсшылар үш күннен кейін пісірілген жұмыртқа, қант қосылған су береді. Содан кейін қоспажем, жарма беріп азықтандырады. Бір айдан соң балапандар өздері-ақ қатарға қосылып кетеді. 
– Қаз күтімді қажет етеді. Балапан кезінде қоспажем береміз. Өскен соң арпа беріп жатырмыз. Алматыдан әкелген екі инкубатор бір мезгілде 1600 балапан шығара алады. Қаздардың емін-еркін шомылуы үшін жасанды тоған бар. Қаз асырау өте тиімді. Қаздың жұмыртқасының салмағы 200 грамм, ол тауықтың жұмыртқасына қарағанда үш есе үлкен, – дейді қаз бағушы Ануар Айдынұлы.  
Бір айта кетерлігі, шаруашылық қарамағындағы 60 гектар аумақты алып жатқан қамыс-қоғалы көлде ақ амур, сазан, дөңмаңдай, тұқы секілді балық түрлерін өсіреді. Шаруашылықта қырықтан аса ірі қара мал бар. 
Қаз өсірушілер кез келген мезгілде қазды семіртуге болатынын айтады. Қаз қыста ғана семіреді деген жаңсақ пікір дейді. Суық түскенде табанынан сыз өткен қаздар көп қозғалмай, жатып алып май жинайды. Жазда бидай, жүгері, күнбағыс дәні, ноқат жеген қаз жарты айдың ішінде семіріп шыға келетіндігін айтады құс асыраушылар. 
Қаз асырау – тиімді кәсіптің бірі. Күтімі жақсы болса, табыстың қайнар көзі. Осыны жақсы білетін қараталдық шаруалар құстың бабын тауып, отбасын асырап отыр. 

Асхат Өмірбаев
Қаратал ауданы

Қатысты жаңалықтар

Отан алдындағы борышын өтеген жастарға құрмет көрсетілді

Отан алдындағы борышын өтеген жастарға құрмет көрсетілді

27.03.2026
Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды

Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды

27.03.2026
Рыбакина Майамидегі турнирдің финалына шыға алмады

Рыбакина Майамидегі турнирдің финалына шыға алмады

27.03.2026
Қазақстан Францияда жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесін таныстырды

Қазақстан Францияда жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесін таныстырды

27.03.2026
Наурыз мейрамына тіл тигізген блогер ұсталды

Наурыз мейрамына тіл тигізген блогер ұсталды

27.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.