Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда жол апатынан кейін қауіпсіздік шаралары күшейтілді

26 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда жол апатынан кейін қауіпсіздік шаралары күшейтілді
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында Рақышев пен Уәлиханов көшелерінің қиылысында орын алған жол-көлік оқиғасынан кейін жергілікті билік тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында бірқатар шұғыл шараларды қолға алды.

Атап айтқанда, апат тіркелген аймақта үш жерге бейнебақылау камералары орнатылып, жүргізушілерге жылдамдықты шектеу үшін 40 км/сағаттық жаңа жол белгісі қойылды.

Еске салсақ, 2025 жылдың 21 сәуірінде Toyota Land Cruiser Prado мен Toyota Camry көліктері соқтығысқан еді. Бұл – осы қиылыста тіркелген алғашқы апат емес. Бұған дейін де бұл аймақта жаяу жүргіншіні қағып кету салдарынан адам өлімімен аяқталған оқиға орын алған болатын.

Тақырыпқа орай: Талдықорғанда тағы да адам шошырлық жол апаты болды

Қауіпсіздік мақсатында бұған дейін орнатылған жасанды кедергілер мен жол белгілеріне қарамастан, кейбір жүргізушілердің жол ережелерін елемеуі тағы бір қайғылы жағдайға себеп болды. Осыған орай, қала әкімдігі мен жергілікті полиция департаменті бұл учаскеге қосымша бақылау орнату туралы шешім қабылдады.

Жаңа орнатылған бейнебақылау камералары жол ережесін бұзу фактілерін тіркеп, автоматты түрде айыппұл салуға мүмкіндік береді. Ал 40 км/сағат жылдамдық шектеуі көлік қозғалысын баяулатып, апаттың алдын алуға бағытталған.

Жергілікті тұрғындар бұл өзгерістерді құптап отыр. Олар қауіпсіздіктің күшейтілуі балалар мен жаяу жүргіншілер үшін өте маңызды екенін айтады. Қала билігі алдағы уақытта басқа да қауіпті аймақтарды анықтап, жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарын жалғастырмақ.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Бүгін, 20:12
Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.