Талдықорған: +14°C
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Қызылша өсіру табыс көзі

26.03.2018
ЭКОНОМИКА
WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы жылдары Жетісу жерінің төл дақылына айналған қант қызылшасын өсіріп, өндірісін дамытуға зор мән беріле бастады. Сол себепті бұл мәселе үнемі назарда. Осыған байланысты облыс басшысы Амандық БАТАЛОВ көктемгі егіс науқаны қарсаңында шаруалармен бас қосып, олардың талап-тілектеріне құлақ асты. Келелі кеңеске салаға жауапты лауазымды тұлғалар мен мамандар, аудан, қала әкімдері және қант қызылшасын өсірумен айналысатын шаруашылық жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Алдымен телекөрсетілім арқылы аталған сала бойынша Жетісу жерінде қолға алынған іс-шаралар мен жүзеге асырылып жатқан жұмыстар және алдағы уақытта орындалуы тиіс шаруа жайы баяндалып, назарға ұсынылды. Бұдан соң Амандық Ғаббасұлы қант қызылшасы өндірісін дамытуға қатысты ақыл-кеңесін айтып, ойымен бөлісті. Осы тұрғыда облыс басшысы тәтті түбір өсіруді жандандыруда мемлекет тарапынан түрлі көмек көрсетіліп, қолдау жасалып жатқанын, соның нәтижесінде бағалы дақылға арналған егіс алқабының жыл сайын ұлғайып, өнім көлемінің барынша артып келе жатқанын, сол себепті қызылша өңдейтін зауыттар жұмысының қарқын алатынын жеткізе отырып, енді бұған масаттанбай межелі міндеттің үдесінен шығу мақсатында жұмысты абыроймен атқаруға мейлінше күш салу қажеттігін әңгіме арқауына айналдырды. 
Өңір басшысы: «Соңғы үш жылда Көксу қант зауыты толық жаңғыртудан өткізілді. Нәтижесінде оның өңдеу қуаттылығы еселеп өсті. Қазіргі кезде Ақсу қант зауытында жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыстарды жүргізуге қомақты қаражат та қарастырылды. Бұл ауқымды іс. Жаңғыртудан өткен кәсіпорын бірінші қазаннан жаңа құрылғыларымен өңдеу ісін бастайтын болады. Сонымен қатар облыста шаруаларды ауылшаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету мақсатында биыл тағы жеті сервистік-дайындау орталығын құрамыз. Сапалы тұқыммен қамту, жеңілдікпен жанар-жағармай беру сияқты қолдаулар да ретімен жалғасады», – деді.
Көктемгі егіс науқанына дайындық барысы туралы облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров баяндады. Серікжан Іслямұлының айтуынша, былтыр облыста бес сервистік-дайындау орталығы құрылып, жүзден аса ауылшаруашылығы техникалары сатып алынған. Қант қызылшасының француздық, германиялық сапалы тұқымдары да әкелінген. Жалпы, мұндай жұмыстарды атқаруға облыс бюджетінен 1,5 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлініпті. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады. 
Биыл алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін 11,5 мың гектар сүдігер жыртылыпты. Қызылша себетін шаруашылықтардың берген тапсырыстарына сәйкес «Тиссерин», «Игорь» деп аталатын жаңа гибридтік тұқымдар да сатып алынған. Жаңа сервистік-дайындау орталығын құру және шетелдік қант қызылшасы тұқымын сатып алу үшін облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге көлемінде қаражат қарастырылыпты. Биыл Ақсу, Алакөл, Қаратал, Сарқан аудандары мен Қапшағай қаласында жеті сервистік-дайындау орталығы құрылып, қазіргі уақытта 132 бірлік ауылшаруашылығы техникасын жеткізу үшін келісімшартқа қол қойылған. 
Жиын барысында Көксу, Ақсу қант зауыттарының басшылары Алтынбек Абатов пен Мұрат Төлегенов сөз сөйлеп, кәсіпорындардағы жаңғырту жұмыстарының барысы жайлы егжей-тегжейлі айтып берді. Осы тұрғыда Амандық Ғаббасұлы да ойын жеткізіп, жиналған қант қызылшасының толық өңделуі тиіс екенін, өткізілген өнім үшін шаруа қожалықтарымен дер кезінде есептесу қажеттігін өңдеушілерге қарата айтып, құлаққағыс жасады. Көксу, Сарқан аудандары мен Қапшағай қаласынан келген «Қыдырәлі», «Ақдала» шаруа қожалықтарының, «Ақөзек» өндірістік кооперативінің жетекшілері Секенбай Шенгелбаев, Аслан Абдрахманов, Думан Майлыханов та өздерінің ой-пікірлері мен ұсыныс-тілектерін ортаға тастап, мазалап жүрген көкейкесті сұрақтарына жауап алды.      
Сөз арасында олар қант қызылшасын тастан тазалайтын арнайы техника сатып алуға, Шеңгелді ауылдық округі аумағында қызылша жинайтын алқап жасауға, қант қызылшасын тасымалдауға қосымша «КамАЗ» сатып алуға қолдау көрсеткені үшін облыс басшылығына ризашылықтарын білдірді. Шаруалар да өз тараптарынан ойларын жеткізіп, Шеңгелді ауылдық округінде суару жүйесіне көңіл бөліп, ескірген су құбырларын жаңалау қажеттігін ашық айтты. Осы ретте облыс әкімі әрбір мәселенің ерекше назарда болатынын тілге тиек етіп тиісті қолдау көрсетілетінін, әсіресе арнайы техника алу және сумен қамтамасыз ету мәселесінің жіті қадағалауға алынатынын жеткізді. 

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Қолжетімді медицина: Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Қолжетімді медицина: Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

21.04.2026
30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

21.04.2026
«Көктем-2026» шақырылым сарбаздарымен психологиялық тренинг өтті

«Көктем-2026» шақырылым сарбаздарымен психологиялық тренинг өтті

21.04.2026
Алакөл ауданында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Алакөл ауданында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

21.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

21.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.