Талдықорған: +13°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

23.01.2025
ЭКОНОМИКА
Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Облыста былтыр қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112,3% құрады.

Салалардың ішінде, ауыл шаруашылығындағы өсім – 3,7% (405,3 млрд. тг), өнеркәсіпте – 3,6% (310,5 млрд. тг.), тұрғын үйді пайдалануға беру – 4,4%-ды құрады (283,7 мың ш.м.), құрылыс жұмыстары – 1,4 есеге (262,8 млрд. тг.), сауда көлемі 1,3 есеге ұлғайды (784,1 млрд. тг.).

Жыл басынан бері облыс экономикасына 38% өсіммен 396 млрд. теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жеке инвестициялар – 291 млрд. теңге.

Жалпы мемлекеттік бюджетке 286 млрд. теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджет 1,6 есе өсіп, 106 млрд. теңгеге жетті.

Ауыл шаруашылығы

2024 жылы облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 35 млрд. теңге бағытталды, оның 23,3 млрд. теңгесі (66,6%) – субсидиялар.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары 510 мың га құрады. 872 мың тонна дәнді дақылдар, 195 мың тонна майлы дақылдар,
266 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 132 мың тонна картоп өндірілді.

Өздеріңізге мәлім, қант саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Ақсу қант зауыты толық жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

Облыстың 5 ауданында 8 жаңа сервистік-дайындау орталығы құрылып, 30 шаруа қожалығына құны 2,5 млрд. теңгеге қант қызылшасы өндірісіне қажетті 62 бірлік техника сатып алынды.

Былтыр қант қызылшасының егіс алқабы 1,7 есеге ұлғайып, 13,7 мың гектарға жеткізілді, 635 мың тонна тәтті түбір жиналды.

Сонымен қатар Ақсу қант зауытына Жамбыл облысынан қосымша 100 мың тонна қант қызылшасы қабылданады.

Нәтижесінде екі қант зауытында 94 мың тонна қант өндіру жоспарланып отыр, оның ішінде қант қызылшасынан – 64 мың тонна (Көксу қант зауыты – 25 мың тн, Ақсу қант зауыты – 39 мың тн), қамыс құрағынан – 30 мың тонна (Көксу – 27 мың тн, Ақсу – 3 мың тн).

Облыста мал шаруашылығы да жақсы қарқынмен дамып келеді.

Мал басының барлық түрлері мен ет, сүт өндірісінің (ет – 103,1%, сүт – 102,5%) өсімі қамтамасыз етілді. Төрт түліктің саны 2,5 млн. басқа жетті.

2024-2026 жылдары жалпы құны 33,2 млрд. теңге болатын 31 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде 13 жоба осы жылы іске қосылды (4 тауарлы сүт фермасы, 1 бордақылау алаңы, 1 сүт цехы, 7 суару жобасы).

Ирригация

Облыста жаңа суармалы жерлерді көбейту үшін ирригациялық желілерді қайта жаңарту мақсатында 35,6 млрд. теңгеге су шаруашылығының 11 объектісінің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде
4-уі аяқталды, қалған объектілер 2025 жылы пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде 5,3 мың гектар суармалы жер қосылып, 37,1 мың га жерді сумен қамтамасыз ету жақсарады.

Өнеркәсіп өндірісі

Облыс құрылған күннен бастап 43 жаңа өндіріс іске қосылып, жұмыс істеп тұрған 9 өндіріс кеңейтілді, нәтижесінде 1 мыңнан астам адам жаңа жұмыс орнымен қамтылды.

Сонымен қатар тоқтап тұрған күнбағыс майын өңдейтін «Агрокомплекс Жетісу Мажико» зауыты (қуаты – 500 тонна) жұмысын қайта бастады және Талдықорғанда өнеркәсіптік аккумуляторлар өндіретін «Asma Industrial» заманауи зауыты (210 мың дана) іске қосылды.

Қазір облыста цемент, аккумулятор батареялары, керамика плиткаларын шығару жолға қойылып, құрама жем, күн панельдерінің өндірісі дамуда.

Жалпы өңірде 549 өнеркәсіп орны тіркелген, онда 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Баламалы энергетика

Облыстың ең жоғары жүктемесі — 250 МВт.
Облыстың электр энергиясының белгіленген қуаты — 235 МВт (ЖЭК – 210,5 МВт, Текелі қаласының ЖЭО — 24 МВт). Оның ішінде жаңартылатын энергия көздері объектілерінің белгіленген қуаты 211 МВт (15 нысан жұмыс істейді).

2024 жылы 23 млрд. теңгеге белгіленген қуаты 42 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 3 нысанының құрылысы аяқталуда (Қора ГЭС-і — 29 МВт, Жоғарғы-Басқан ГЭС-2,3 — 13 МВт).

2028 жылға дейін қуаттылығы 82 МВт 6 жобаны іске асыру жоспарлануда (44 млрд. теңге).

Тау-кен өндірісі

Тау-кен секторын дамыту шеңберінде құны 1,3 трлн. теңгеге және 2 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен қуаттылығы жылына 860 мың тонна мыс концентратын құрайтын металлургиялық комбинат салу бойынша ірі жобаны іске асыру басталды («Шоғырландырылған құрылыс тау-кен компаниясы» ЖШС).

Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Комбинат құрылысы 2025 жылы басталып, 2027 жылы аяқталады.

Инвестициялық және көлік-логистикалық әлеует

Жалпы, облыстың 2030 жылға дейінгі инвестициялық портфелінде 2,6 трлн. теңгеге 189 жоба бар, онда он бір мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген, оның ішінде 121 жоба іске асыру сатысында (2,1 трлн. теңгеге, 8,3 мың жұмыс орны).

Экономикалық өсу, әрі инвестиция тарту нүктелері — Қорғас желісі мен «Достық» станциясы. Қытаймен шекаралас бұл аймақтардың көлік-логистикалық әлеуеті зор. Осы орайда инвестиция тарту, жүк легі мен транзитті ұлғайту, өткізу пункттерін жаңғырту бағытында тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді.

Мәселен, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында және «Қорғас» ШЫХО-да құны 63,3 млрд. теңге болатын, екі мың жұмыс орны бар 27 нысан іске асырылды. Атап айтқанда «Қорғас – Шығыс қақпасы» – 21 жоба 50 млрд. тг., 2 мың жұмыс орны, «Қорғас» – 6 жоба 13,3 млрд. тг, 320 жұмыс орны).

Соның ішінде ірілері: «KTZE-Khorgos Gateway» құрғақ порты – порттың қуаты тәулігіне 1400 вагон өңдеуге жетеді (700-і тар,
700-і кең сорапта), «SSA Feed Mills» ЖШС
– құрама жем өндіретін зауыт, «Майами Солар» – күн батареяларын өндіретін зауыт, «INTERNATIONAL CASTLE» ЖШС – Қолөнершілер қаласы.

2027 жылдың соңына дейін 1,1 трлн-ға 79 жобаны іске асыру жоспарлануда, оларда 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылады («Қорғас-Шығыс қақпасы» — 850 млрд. теңгеге 44 жоба, 5 мың жұмыс орны, «Қорғас» – 243 млрд.теңгеге 35 жоба, 4 мың жұмыс орны).

Оның ішінде «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да жүк және жолаушылар әуежайын салу бойынша Қазақстан-Германия бірлескен жобасы іске асырылуда («SKYHANSA» ЖШС, 250 млрд. теңге, 50 мың тонна жүк, сағатына 500 адамға дейін, 700 жұмыс орны, 2027 жыл).

«Достық» станциясында қуаттылығы жылына 350 мың контейнер болатын «Dostyk Trans Terminal» көпфункционалды жүк тасымалдау терминалының 3-ші және 4-ші кезеңінің құрылысы жүргізілуде (2023 жылы 1 және 2 кезеңі — 17,1 млрд.теңге, 3-4 кезең – 39,6 млрд. теңге, 100 жұмыс орны).

Сондай-ақ «Евротранс Групп» ЖШС-ның қолданыстағы логистикалық жүк тасымалдау терминалы ауданы 40 гектар және құны 50 млн.АҚШ доллары болатын уақытша сақтау қоймасын салуға дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Кеден саласын одан әрі дамыту үшін осы жылдың қаңтар айында станцияда тәулігіне 200 автомобиль өткізуге қабілетті «Dostyk Customs Service» уақытша сақтау жаңа терминалы ашылды (2,8 млрд. теңге, жалпы ауданы — 3639,4 ш.м. Орташа тәуліктік жүк айналымы 200-250 тоннаны құрайды). 

«Үшарал-Достық» жолын реконструкциялаудың аяқталуына байланысты халықаралық жүк айналымының легі ұлғайды және кеден пункттерін кеңейту қажеттілігі туындады. Мәселен, «Алакөл» автомобиль өткізу пунктінің қозғалыс жолағын 2-ден 6-ға дейін кеңейту жұмыстары аяқталуда, соның арқасында көлік құралдарын өткізу қабілеті тәулігіне 200-ден 1600-ге дейін артады.

Бұдан бөлек, «Достық-Мойынты» темір жолының құрылысы жүргізілуде (ұзындығы 836 шақырымның 325 шақырымы, инвестиция көлемі – 543 млрд. теңгенің 260 млрд. теңгесі, 1 996 жаңа жұмыс орны, соның 270-і тұрақты жұмыс орны). Жоба «Достық» станциясының өткізу қабілетін 5 есеге арттыруға мүмкіндік береді (12-ден 60 пойызға дейін).

Туризм

2024 жылы өңірге 2,0 миллионнан астам турист келді.

Алакөл өңірдің інжу-маржаны саналады.

Сондықтан көлдің жағалауындағы инженерлік инфрақұрылымды дамыту қолға алынды. Кәріз тазарту жүйесінің, «Бескөл-Ақши» электр желілерінің құрылысы басталды.

Бүгінде Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы, «Талдықорған-Үшарал» (313,5 км) автожолы қайта жаңартылып, «Тальго» жүрдек пойызы іске қосылды.

Жыл сайын туристер санының артуына байланысты Үшарал әуежайының өткізу қабілетін сағатына 50-ден 125 жолаушыға дейін ұлғайту үшін қосымша терминал салудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Жетісу облысының туристік әлеуетін көтеретін екінші бағыт – Балқаш көлі.

Балқашқа дейінгі 132 шақырым жолдың 122 шақырымында құрылыс аяқталды, қалған 10 шақырымы 2025 жылғы туристік маусымға дейін толық пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар көл жағалауына инженерлік инфрақұрылым тартылуда, бұл мақсатқа 2024 жылға республикалық бюджеттен 2,2 млрд. теңге бөлінді
(7,4 км жол, 97,4 км су құбыры, кәріз және электр желілері салынады). Келесі жылдың соңында жобаны аяқтау жоспарлануда.

Экологиялық туризмді дамыту мақсатында шаңғы-биатлон кешенін салу бойынша жобалық құжаттама әзірленді (11,3 млрд.теңге). Бұрханбұлақ сарқырамасына дейінгі жолды жөндеуге (14,1 млрд. тг) келесі жылға республикалық бюджеттен 3,3 млрд. теңге қарастырылды.

Сарқан ауданында Жасылкөлге дейінгі жолдың жөндеу жұмыстары толық аяқталып, Тополевка ауылында жаңа визит-орталық ашылды.

Тұрғын үй құрылысы

Былтыр тұрғын үй құрылысына 7,6 млрд. теңге бөлінді (56 көпқабатты және 214 жеке тұрғын үй). Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 866 пәтер сатып алынды, оған 15,9 млрд. теңге көзделген.

2023 жылдың басында облыста 348 пәтер апатты деп танылып, 2022 жылы 1,3 млрд. теңгеге 137 пәтер сатып алынды, жергілікті бюджеттен бөлінген 2,4 млрд. теңгеге 155 жаңа пәтер алынды
(Кербұлақ ауданы – 60 пәтерге 1,4 млрд. теңге, Текелі қаласы — 48 пәтерге 470,2 млн. теңге, Талдықорған қаласы — 47 пәтерге 560 млн. теңге).

Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ демеушілерінің есебінен 560 пәтерлік 9 үй салынуда.

Жалпы 2 708 пәтер салынды және сатып алынды (о.і. бюджет есебінен — 1113 пәтерлік 129 үй, коммерциялық тұрғын үй – 469 пәтерлік 9 үй, тұрғын үй сатып алу — 866 пәтер, демеушілер есебінен – 260 пәтерлік 4 үй).

Жол құрылысы

Өңірдің жол желісін дамыту үшін 41 млрд. теңгеден астам қаражат бағытталды, облыстық маңызы бар 193 шақырым жол мен 54 елді мекеннің ішкі көшелері жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Бұл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесін 94%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Ауыз сумен қамту

Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 91,3%-ға жетті (халық саны бойынша — 99,7%). Орталықтандырылған ауыз су жүйесіне 2 ауыл (Тоқжайлау ауылы, Бибақан Алакөл ауданы) қосылды, 298 км желі жөнделді, облыстың 17 елді мекенінде ауыз судың сапасы жақсарды.

Газдандыру

Қазіргі уақытта газдандыруға жататын 192 елді мекеннің 63-і газдандырылды (оның ішінде жыл басынан бері 30 елді мекен газға қол жеткізді), газдандыру деңгейі 56,5%-ға жетті (394,9 мың адам, ҚР бойынша-61,8%).

Келесі жылы 21 нысанның құрылысы жалғасып, тағы 42 нысанның құрылысы басталады.

Мәселен, 2025 жылдың соңына қарай Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі 126 елді мекеннің барлығы газдандырылады  (Панфилов ауданындағы 25 елді мекенді қоса алғанда) Нәтижесінде газға бес жүз мыңнан астам тұрғын немесе жалпы халықтың 71,4% қол жеткізеді.

Сондай-ақ 19 тамызда «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы басталды. Жоба келесі жылы аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының 66 елді мекеніне газ желілерін тарту жобасы әзірленуде.

2029 жылға қарай барлық 192 елді мекенді газдандыру және 642 мыңнан астам тұрғынның немесе халықтың жалпы санының 91,9%-ының газға қол жеткізуін қамтамасыз ету жоспарлануда.

Әлеуеметтік сала

Облыс құрылғаннан бері жөндеу мен жаңа құрылыс жүргізудің арқасында объектілерді жаңарту 50%-ға жетті.

Білім беру

Осылайша, білім беру саласында 2022-2024 жылдары жаңа 15 мектеп (5310 орындық) пайдалануға беріліп, 19 нысан күрделі жөндеуден өтті (о.і. 16 мектеп).

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023 жылы басталған 1800 орынды 2 мектептің біреуі қолданысқа беріліп, екіншісі 2025 жылға өтті.

Жалпы 2025 жылы 7 мектепті салу жоспарланған.

Нәтижесінде жөндеуге жататын 95 мектептің 38-і немесе 40%-ы жаңартылады.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласында соңғы үш жылда (2022-2024 жж.) 98 нысан пайдалануға берілді, оның 31-і жаңадан салынды, 61 блокты-модульді медициналық кешендер орнатылып, 6 нысан күрделі жөндеуден өтті.

2024 жылдың өзінде 51 нысан бой көтерді, оның 25 жаңа құрылыс (23 – ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту), 26 БМК.

Айта кету керек, біздің облыс блокты-модульді медициналық кешендерді орнату тәжірибесін алғашқылардың бірі болып кеңінен қолдана бастады.

Келесі жылы тағы 69 нысанды қолданысқа беру жоспарлануда (о.і. 44 – жаңа құрылыс, оның 36 — ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту, 18 БМК, 7 – күрделі жөндеу), қабылданған шаралардың нәтижесінде облыста жөндеуге жататын 292 денсаулық сақтау нысанының 167-і немесе 57,2% жаңартылады.

Мәдениет саласы

Мәдениет саласында 2022-2024 жылдары
12 мәдениет үйі пайдалануға беріліп (оның ішінде 8 БМК),  10 нысан күрделі жөндеуден өтті.

Келесі жылы тағы 7 нысан пайдалануға беріліп (4 – құрылыс, 3 – күрделі жөндеу), жаңару деңгейі 33,3% құрайды.

Спорт саласы

Спорт саласында 18 нысан іске қосылып (3 ДСК, 8 спорт кешені, 2 күрес залы, 3 стадион және үстел теннисі орталығы), 10 блокты-модульді спорт кешені орнатылды.

Сонымен қатар Талдықорғанда Қазақстанда баламасы жоқ «Жетісу» волейбол орталығы және инвестор есебінен спортшыларға арнап салынған төрт қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.
Оған қоса жақында инвестордың қаржысына Үстел теннисі орталығы ашылды.

Нәтижесінде нысандардың 74,4% жаңартылып (жөндеуге жататын 39 нысан, салынған және жөндеуден өткені — 29), халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 1000 адамға шаққанда 64%-ға жетті.

«Жетісу-Ақпарат»
Фото: gov.kz

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.