Талдықорған: +30°C
$ 520.93
€ 609.07
₽ 6.68
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Құрылыс мерзімінде аяқталады

14.06.2025
КҮНДЕРЕК
Құрылыс мерзімінде аяқталады

Қазір кез келген іске жауапкершілік керек. Әсіресе, қоғамдық һәм халықтық істің басы-қасында жүргендерге ең қажеттісі осы қасиет. Сылтау мен жалтару болмауы тиіс. Өйткені барлық жұмыс тікелей Мемлекет басшысының тапсырмасына сай жүзеге асуда. Ел Президенті әрбір қазақстандықтың өмір сүруге қолайлы ортада тұрмыс кешуін нығарлай тапсырды. Осы орайда Жетісу облыстық мәслихаты Ескелді ауданында жүзеге асып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарына мониторинг жасады. Бір сөзбен айтқанда, Президент тапсырмасының жүзеге асуын саралады.

Облыстық мәслихат депутаттары әуелі Қарабұлақ орта мектебіне бас сұқты. «Нұр-Шапағат-Құрылыс» ЖШС құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Жоба құны 808,8 млн. теңге. Мердігер мекеме өкілдері қайта жаңғырту жұмыстары мерзімінде аяқталарына сендірді. Себебі, басты құрылыс жұмыстары еңсерілген. Мәслихат депутаттары мұндай қарекетті құрылыс компаниясына ризашылығын білдірді.

Мұнан кейін халық қалаулылары Шымыр ауылындағы бірер күн бұрын ашылған амбулаторияның жұмысымен танысты.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында салынған медициналық нысанның құрылысы былтыр басталып, биыл пайдалануға берілген. Құрылыс жұмыстарын «TUNAISTROYPROJEST» серіктестігі жүргізген. Жоба құны 193 млн. теңгеге жуық. Депутаттар қазір халыққа қызмет көрсетуді бастаған нысанда аудан әкімі бірнеше жүйелі жұмыс атқаруы тиіс екенін жеткізді. Әуелі амбулаторияны газ желісіне қосу. Себебі, нысан электр энергиясымен жылытуға негізделген. Әрине, бюджет іргесін бүтіндеуде мұндай үлкен ғимаратты электр энергиясымен жылыту қисынсыз. Содан кейін халық қалаулылары ауласында бір жасыл желектің жоғын да нысанаға ілді.

Мұнан соң облыстық мәслихат депутаттары Жастар және Елтай ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысымен танысып, мердігер мекемелерге барынша сапалы жұмыс істеуді тапсырды. Депутаттар Бақтыбай ауылындағы С. Сейфуллин атындағы мектептің қайта жаңғырту жұмыстарын көрді. Құрылыс жұмыстары қарқынды. Дейтұрғанмен, жоба бойынша мердігер 12 айда күрделі жөндеуді аяқтайды. Ал, жаңғырту жұмыстары осы жылдың мамыр айында басталған.
Демек, жаңғырту жұмыстары келер жылы аяқталады. Ал бұл мектепте 600-ге жуық бала білім алады. Оларды өзге мектепке орналастыру, оқушыларды тасымалдау үлкен мәселе болып тұр. Депутаттар мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізуді, жаңадан жұмысшылар тартуды жүктеді. Мердігер «СП» NEFT» серіктестігінің өкілі Мейрам Демеуов құрылыс алаңындағы жұмысшылардың санын 150-ге жеткізуге, оқу маусымының I тоқсаны аяқталғанша құрылысты бітіруге уәде етті.

Мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева мұндай көшпелі мониторинг құрылыс жұмыстарының мерзімі мен сапасын ғана емес, сонымен қатар бюджеттік қаражаттың дер кезінде игерілуін де бақылауда ұстауға мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.

– Біз шалғайдағы және ауылдық аудандарда әлеуметтік ин-фрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың нақты нәтижелерін көріп отырмыз. Әрбір бюджеттен бөлінген қаражаттың тұрғындардың игілігіне жұмыс істеуі маңызды, – деді Гүлнар Қожағұлқызы.

Депутаттар көптеген нысан бойынша жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын, ал анықталған кемшіліктер қысқа мерзімде жойылатынын жеткізді.

Дастанбек САДЫҚ

Жетісу облысы мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева бастаған топ Ескелді, Көксу және Қаратал аудандарындағы әлеуметтік нысандардың құрылыс барысын бақылап, олардың сапасына және мерзімінде аяқталуына мониторинг жүргізді.

– Барған ауылдардағы нысандардың басым бөлігін көзбен көріп, жағдаймен таныстық. Мерзімінде аяқталғандары бар, қаржы күтіп тұрғандары да кездеседі, – деді Гүлнар Қожағұлқызы.

Көксу ауданына қарасты Бесқайнар мен Жетіжал ауылдарындағы ФАП құрылысы мен Бозтоған ауылындағы Мұсабек атындағы орта мектептің жөндеу жұмыстарының жай-күйі назардан тыс қалған жоқ. Екі бірдей медициналық мекеменің құрылысы қыс мезгілінде, қаржы кеш аударылған уақытта басталғандықтан, сапасыздық байқалды. Депутаттар бұл мәселелерді мердігерлерге ескертіп, кеткен кемшіліктерді түзетуді тапсырды.

– Құрылыс жұмыстары сапасыз атқарылса, ертең нысан пайдалануға берілгенде халықтан сын естіледі. Сондықтан кемшілікті қазірден жою керек. Заң бойынша мердігер компанияларға 3 жыл ішінде кеткен ақауды жөндеу міндеті жүктеледі. Сол себепті олар істі сапалы орындауы тиіс, – деді мәслихат төрағасы.

Облыс жаңадан құрылған 3 жыл ішінде өңірде білім, денсаулық, мәдениет, спорт салаларында ірі құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп келеді. Депутаттардың бұл жолғы сапары – сол жұмыстардың сапасын бақылап, халыққа есеп берудің бір көрінісі.

***

Облыстық мәслихаттың төрағасы Гүлнар Тойлыбаева бастаған жұмыс тобының құрамында облыстық мәслихаттың депутаттары Ермек Егінбаев пен Бекет Бласов Қаратал ауданына арнайы барды.

Жұмыс тобын өзі күтіп алған аудан әкімі Ұлан Досымбеков құрметті қонақтарды алдымен Тастөбе ауылындағы Жамбыл орта мектебіне апарып, жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен таныстырды. Құны 1466,9 миллион теңгеге бағаланған жөндеу жұмыстарын «Нұр-Шапағат-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары сәуір айында бастап, қыркүйек айына дейін аяқтауы тиіс. Құрылысқа 95 адам және 5 арнайы техника жұмылдырылған. Мониторинг кезінде жұмыстың көбі бітіп, азы қалғаны белгілі болды. Атап айтқанда, қайтадан қалпына келтіру, ішкі тұғырларды арматурамен сейсмонығайту, сыртқы әрлеуді бекіту жұмыстары аяқталыпты. Жұмыс межеленген мерзімде бітеді.

Одан кейін халық қалаулылары Қанабек, Оян және Ортатөбе ауылдарындағы фельдшерлік-акушерлік бекеттердің құрылысымен танысты. Олардың құрылысын «ABADAN Construction» және «Дәулет» ЖШС-лары жүргізіп отыр. Құрылыс жұмыстары межеленген мерзімнен аздап кешігуде. Оған мердігер ұйымдардың қатысы аз көрінеді. Дегенмен, нысандар биыл пайдалануға беріледі. Кеткен кемшіліктер түзетіліп, қазір ФАП-тарда ішкі әрлеу, кәріз және су жүйелерін жөндеу, электрмен қамту жұмыстары жүруде.

Бұдан соң күрделі жөндеу жұмыстарын көруге Бастөбе сервистік-техникалық колледжіне барған депутаттар құрылыс жұмыстарын «Нұр-Шапағат-Құрылыс» ЖШС жүргізіп жатқанын сұрап білді. Жұмыс тобына нысандағы жағдайды таныстырған серіктестік прорабы Азамат Наурызбаев: «Бұл нысанда 77 адам және 4 дана техника жұмыс істеуде. Жұмыс межеленген жоспар бойынша жүргізіліп отыр. Жоспар бойынша алдағы қыркүйек айында аяқталуы тиіс. Бірақ біз одан да ертерек бітетін секілдіміз», – деп түсініктеме берді.

Жұмыс тобы жүргізген мониторингті түйіндеген облыстық мәслихаттың төрағасы Гүлнар Тойлыбаева:

– Бүгін біз Ескелді, Көксу және Қаратал аудандарына барып, фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысы мен білім саласы мекемелеріне жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен таныстық. Соның ішінде Қаратал ауданындағы жағдайға тоқталар болсам, жүргізіліп жатқан жұмыстарға қанағаттанарлық деген баға беруге болады. Шыны керек, басқа аудандармен салыстырғанда әлдеқайда жақсы дер едім. Әрине, аздаған кемшіліктер жоқ емес. Оларды түзеуге болады. Соған қарап, жұмыстар уақытында бітіп, нысандар мерзімінде пайдалануға беріледі деп сенеміз, – деп Қаратал ауданындағы жұмыстарға оң баға берді.

ӨЗ ТІЛШІЛЕРІМІЗ
Ескелді, Көксу, Қаратал аудандары

Қатысты жаңалықтар

Атажұрт рухын асқақтатқан

Атажұрт рухын асқақтатқан

11.07.2025
Міндетті әлеуметтік  сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

11.07.2025
Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

11.07.2025
Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

11.07.2025
Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.