Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бас имам «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды

Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасына сай Жетісу облысы аумағындағы мешіттерде атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Осыған сай өңірдің бас имамы Керімбек Дәуітов мемлекеттік «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.

17 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Бас имам «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды
WhatsAppTelegramFacebook

Жауаптылардың сөзінше, аталған төсбелгі – еңбек жетістіктері үшін берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты. Бұл  әр саладағы өз ісіне адал, қарапайым да қажырлы еңбекқор адамдарға деген шынайы құрметтің  үлгісі. Ал, Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсенбайұлы осы құрметке әбден лайық.  Өйткені, әлем елдері арасында діни экстремизм мен терроризм дерті дендеп тұрған бүгінгі таңда бейбітшілікті бекемдеп, қоғамның орнықтылығын сақтаудың маңызы зор. Сол үшін әрбір мұсылман баласының дәстүрлі ислам дініне деген көзқарасын айқындап, діни сауаттылықты арттыру ауадай қажет. Бұл, біріншіден, жастардың жат ағымның жетегінде кетуінің алдын алса, екіншіден, көпке қайырымды да қамқоршы болып, ізгі имандылыққа бет бұруына тың жол ашады. Сондықтан бас имам Керімбек Сәрсембайұлының бастамасымен бұл бағытта жасалып жұмыстар жүйелі.

 – Дін – иман айнасы. Сонымен бірге дін мен дәстүр егіз ұғым. Себебі, ата-бабаларымыз ежелден осы екі құндылыққа баса мән беріп, ұрпақ тәрбиесінің ұйтқысына айналдырған. Қашан да халқымыз үшін береке-бірлік пен қайырымдылыққа бастап, ізгі имандылыққа баулитын бұл қағидалардың орны ерекше. Сол себепті дін мен салт-дәстүр сабақтастығын кеңінен дәріптеп, өскелең ұрпаққа тура жол нұсқау басты міндет. Керімбек имам сол қызметті абыроймен атқарып жүрген абзал жан. Оған қандай марапат берілсе де артық емес,– дейді аймақтағы қарт қаламгер Әли Ысқабаев.

Керімбек Сәрсембайұлы Дәуітов Жетісу облысы, Көксу ауданы, Талапты ауылында дүниеге келген. «Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті» университетінің түлегі. «КАУ» университетінің заңгер мамандығы бойынша магистрі. Алғашқы еңбек жолын Жетісу облысы, Текелі қаласы «Керімбек би» мешітінің бас имамы болып бастаған ол Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде наиб имам, «Тәубе» мешітінің бас имамы сынды қызметтерді абыроймен атқарған. 2023 жылдың тамыз айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жетісу өңірі бойынша бас имамы және облыс орталығындағы «Иман» мешітінің имамы болып тағайындалған. Дін саласы бойынша өткен бірқатар байқаулардың жеңімпазы. Әрі бірнеше мәрте облыс әкімінің арнайы Алғыс хаты және «Құрмет» грамоталарымен сыйланған. Қазір ол Текелі қаласының «Құрметті азаматы», «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері.

                                                                                                                                              Айдын КӘЛІМХАН

 

Қатысты жаңалықтар

Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.