Талдықорған: +34°C
$ 512.44
€ 593.15
₽ 6.52
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

10.06.2025
КҮНДЕРЕК
«БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ»  ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Алакөлдік ата-әжелер үшін «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды. Салтанатты шараға аудан әкімі Алмас Абдинов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев, Үшарал қаласының ақсақалдары мен ақ жаулықты аналары қатысты.

Аудан әкімі Алмас Абдинов тұрғындарды құттықтап, жаңа орталықтың маңыздылығына тоқталды.

– Халықты ынтымақ пен бірлікке үндеп, дұрыс жол сілтеп, өңір дамуына да сүбелі үлес қосатын қазыналы қарияларға құрмет көрсету – азаматтық парызымыз. Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде ардагерлерді назардан тыс қалдырмауға бағытталған ауқымды шаралар атқарылуда. Бұл орталық барлық зейнет жасындағы азаматқа түрлі қызмет көрсете алады. Сіздерді осы орталықтың жұмысына белсенді түрде қатысуға шақырамын, – деді аудан басшысы.

Ал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сатай Бекболатов қариялар қауымының атынан алғыс білдіріп, ақ батасын берді. Шашу шашылып, орталық салтанатты түрде ашылып, жиналған көпшілік жаңа әлеуметтік нысанмен танысты.

– 2024 жылы облыс орталығы Талдықорған қаласында зейнет жасындағы жандарға арналған 250 орынды орталық ашылды. Мұнда 500 адам тіркелген. Қазіргі таңда 250 адам тегін қызмет алады. Мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржы тиімді пайдаланылуда. Заман талабына сай қажетті барлық құрылғы сатып алынды. Енді алакөлдік ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарымыз келіп, қалауларына қарай уақыттарын тиімді өткізуіне толық жағдай жасалған. Биыл Көксу ауданынан да дәл осындай ғимарат ашамыз деген жоспар бар. Ал Панфилов ауданының жомарт азаматтары өз қаржыларына үлкен кісілерге арналған орталық ашты, – деді Ермек Арынханұлы.

Бұл жерге келетін жандар ағылшын тілін үйреніп, компьютерлік сауаттылық курстарынан өтіп, емдік дене шынықтырумен, денсаулыққа пайдалы массаж, фитнес, би, йогамен шұғылданып, қолөнер, бейнелеу өнері, музыка секілді шығармашылық үйірмелерге бара алады. Қарттарға психологиялық және әлеуметтік кеңес беру, танымдық дәрістер мен мотивациялық тренингтер, Ашық есік күндері мен мәдени-танымдық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Бұл бастамалар егде жастағы жандардың жалғыздықтан арылып, қоғаммен тығыз байланыста болуына үлкен мүмкіндік береді. Әзірге мұндай орталықтар облысымыздың бірнеше ауданында жұмыс істеп тұр.

Ұлағатты ұстаз, Алакөл аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ұлжалғас Дүйсебаева мемлекет тарапынан жасалған қамқорлыққа алғыс білдірді.
Орталықта 7 жаңа жұмыс орны ашылды. Орталық жұмысының тиімділігін арттыру үшін қосымша 2 арнайы техника қарастырылған.

Еңлік КЕНЕБАЙ
Алакөл ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев Қытайға 1,5 мың киік береді

Тоқаев Қытайға 1,5 мың киік береді

17.06.2025
Мұғалім-оқушы-ата-ана: Жасанды интеллект мектепте қалай енгізіледі

Мұғалім-оқушы-ата-ана: Жасанды интеллект мектепте қалай енгізіледі

17.06.2025
Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

17.06.2025
ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

17.06.2025
Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

17.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.