Талдықорған: +15°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

БІЗДІҢ ЗАМАНДА ӘСКЕРГЕ БАРУ МАҚТАНЫШ САНАЛАТЫН. ПРЕЗИДЕНТ СӨЗІНЕ ҮНҚОСУ

11 қаңтар 2022
КҮНДЕРЕК
БІЗДІҢ ЗАМАНДА ӘСКЕРГЕ БАРУ МАҚТАНЫШ САНАЛАТЫН. ПРЕЗИДЕНТ СӨЗІНЕ ҮНҚОСУ
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздігіміз таразы басына түскен осынау алмағайып шақта елдің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, ел экономикасын көтеру мақсатында жасалған Мемлекет басшысының шешімдерін толық қолдаймыз. Егемен көшін ары қарай ғасырларға жетелеу үшін жасалған шараның бірі – дер кезінде Үкіметті жаңадан жасақтау деп білеміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен жиынды көріп, тыңдап шықтым.

Қазақ халқына бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын кезең туды. Ел бірлігі мен ынтымағы қашанда басты құндылық. Өйткені, елдің қуат-күшінің артуы, даму даңғылына түсуі ең алдымен тыныштық пен тұрақтылыққа, бірлікке тәуелді.

Мемлекет басшысы бүгінгі жиында экономиканы әртараптандыру, ауылшаруашылығын дамыту, әлеуметтік, қаржылық, сауда-саттық сынды сан сала бойынша кеткен ақауларды реттеп, оның ел игілігіне бағытталуы үшін кешенді бағдарламалар мен өткір шешімдер қабылдады. Бұл тәуелсіздіктің төртінші он жылдығына қадам басқан тұғырлы елдің экономикасы мен әл-ауқатын арттыратын бірегей басталамалар деп түсіндім.

«Қолбасшысы батыр болса, сарбаздары батыл болады», – деген сөз бар дана халықта. Жыл басталғалы бері басымыздан өткен ауыр кезеңде өзінің асқан батырлығымен, көреген қолбасшылығымен қалыпты өмірімізге түсірген Презитент Қасым-Жомарт Тоқаевты тұтас халық болып қолдауымыз керек. Террорлық шабуыл жасалған шақта ел болып тыныштық пен тұрақтылықтың мәні мен мазмұнына толық сана жетелеттік-ау деп ойлаймын. Сондықтан да, бейбітшілікті бесігінде тербетіп, тыныштықты түндігінде нұрдай жайнатқан текті қазақ елінің бұрын-соңды бастан өткермеген кешегі халі енді қайталанбасын деп тілейміз.

Жиында ел Президенті бұл жағдайға сипат беріп, енді тарихта мүлдем қайталанбауына күш салатындығын жеткізді. Мен де бұл ретте ең алдымен азаттықтың алтын шұғыласына шомылып күн кешкеннен асқан бақыт, байлық жоқ екенін жұртыма айтқым келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сан мың саланың тамырына қан жүгіртер кешенді шаралар қабылдады. Елдің көңіл түпкірінде жатқан сұраққа жиында қадау-қадау қағидаттар бойынша жауап берді. Жаңа жасақталған Үкіметке, Үкімет басшысы болып тағайындалған Әлихан Сымайловқа сәттілік тіледі. Бұл ретте біз де жаңа тарихи кезеңге қадам басқалы отырған Қазақстанның тұрақты, қалыпты өмірге көшіп, қарқынды дамуына тілектестігімізді білдіреміз.

Мемлекет басшысы жиында жастардың әскер қатарына алынып, Отан алдындағы борышын өтеуді мақтаныш көрмейтінін, әскери билет алуға мән бермейтінін айтып, әскери құрылымды күшейту керектігін жеткізді. Біздің заманымызда азаматтарды Отан алдындағы борышын өтеу үшін той жасап шығарып салатын. Той жасалмаған үй ыңғайсызданатын. Осының өзі ойланатын дүние. «Балам сарбаз болды» деп мақтанатын. Біз ұлттық патриотизм, ұлтжандылық сезімдерін әскерге жастарды жіберу арқылы да күшейтуіміз керек. Президенттің бұл бастамасы да құптарлық.

Наурыз ҚЫЛЫШБАЕВ,

Алматы облысының Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Бүгін, 12:31
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Бүгін, 12:26
Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды

Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды

Бүгін, 12:20
Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Бүгін, 12:15
«Жетісу» алғашқы ойында жеңді

«Жетісу» алғашқы ойында жеңді

Бүгін, 12:15

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.