Талдықорған мен Үшарал қаласында имамдардың біліктілігін арттыруға арналған оқыту курсы өтті. Жиынды облыстық дін істері басқармасының әлеуметтік тапсырысы негізінде, «Ораз ахун» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Ал Көксу ауданы, Бозтоған ауылындағы шараны дін істері басқармасының басшысы Сағыныш Асқарұлы ашып білікті дәріскерлердің қатысуымен өткен мұндай оқытулардың маңызы зор екенін айтты.
Екі күн ішінде қатысушылар сенім мен заң арасындағы үйлесімдік, рухани мәдениет, қазіргі қоғамдағы имам рөлі, жастармен байланыс және жұртшылыққа сөз арқылы ықпал ету жолдарын меңгерді. Ұстаз Алау Әділбаев пен Бауыржан Ботақараев екі күн бойы қатысушыларға дәріс оқыды. Басқосу соңында қатысушыларға сертификат табысталды. Айта кетейік, аталмыш шараның келесі кезеңі маусым айында Жаркент қаласында өтпек.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ