Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ауылдық елді мекендердегі білім беру инфрақұрылымын жаңғырту жалғасуда. Аталған жоба аясында екі жыл ішінде 460 мың оқушы орнына арналған 217 жаңа мектеп салу жоспарланған.

21 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда
WhatsAppTelegramFacebook

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде 105 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Қалған 112 білім беру нысаны 2025 жылдың соңына дейін толық іске қосылады. Бұл жоба еліміздің барлық өңіріндегі балаларды, тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи әрі сапалы білім беру ортасымен қамтуды көздейді.

Ерекше атап өтерлігі, жаңа мектептердің жартысына жуығы ауылдық жерлерде бой көтеруде. Осылайша, 200 мыңнан астам ауыл оқушысы жаңартылған стандарттарға сай білім алу мүмкіндігіне ие болды.

– Бұл жоба – елімізде орта білім сапасын арттыруға және қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған стратегиялық бастама. Бұл – жай ғана мектеп ғимараттары емес, ұлт болашағы өсіп шығатын киелі білім ордалары. Сондықтан ұлттық жоба аясында бой көтерген білім ұйымдарын «Келешек мектептері» деп атауды ұсынамыз, – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Заманауи стандарттарға сай инфрақұрылым

Салынған жаңа мектептер эргономика талаптарына сай жобаланып, типтік мектептерге қарағанда 15–20 пайызға кең етіп салынған. Сонымен қатар, олар техникалық жағынан 4 есе жоғары деңгейде жабдықталған. Оқу орындары қазіргі заманғы жиһаздармен, интерактивті құрылғылармен толықтай қамтамасыз етілген. Қауіпсіздік шаралары да күшейтілген: бейнебақылау, өрт дабылы, өткізу жүйелері орнатылған.

Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек оқу блоктары қарастырылған, бұл білім беру процесінің тиімділігін арттырады.

Отандық өндіріске қолдау

Ұлттық жоба аясында отандық өндірісті қолдауға ерекше басымдық берілуде. Мектеп құрылысына қажетті материалдар, жабдықтар мен жиһаздар отандық өндірушілерден сатып алынуда. Бұл өз кезегінде жергілікті кәсіпорындардың дамуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына оң әсерін тигізіп отыр. 

Дереккөз: Оқу-ағарту министрлігі

Қатысты жаңалықтар

Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.