Талдықорған: +35°C
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ілияс туған ауылдың жайы қандай?

14.03.2024
КҮНДЕРЕК
Ілияс туған ауылдың жайы қандай?
WhatsAppTelegramFacebook

Ақсу ауданының Ойтоған елді мекені  орталықтан шалғайда жатқан ауыл.  Құмдауыт жерде орналасқан. Негізгі күнкөріс көзі мал шаруашылығы. Ауыл тұрғындарының саны жыл сайын азаюда. Оның себебі, халықтың қалаға үдере көшуімен байланысты.  Бұл Ойтоғанның қасиетті шаңырағында Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, жампоз журналист, жыр құлагері  Ілияс Жансүгіров өмірге келген.

Осыдан 5 жыл бұрын, Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығында елді мекенге біраз қамқорлық жасалған. Ауызсу тартылып, жарықшам, тротуар, көшеге асфальт, ауыл арасындағы тоғандарға көпір салынды.  Жастар саябағы, арка, Ілияс Жансүгіров ескерткішіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ақынның мерейтойына келген қаламгер қауым арнайы барып, ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұрған өзенінің жағасына барып,  Ілекеңнің «Шилі өзен қамыс-ай» әнін шырқап,  ақынға құрмет көрсетіп қайтқан еді. Биыл Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығы.  Ақын туған ауылдың бүгінгі жай-күйі қандай?  Алғашқы Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының кіндік қаны тамған елді мекенде қандай жаңалық бар? Бұған Ойтоған ауылынан үміт арқалап келген мына бір хат арқылы қанықтық. Хат иесі «Матай» шаруа қожалығының иесі,  ауданның Құрметті азаматы, Ойтоған ауылы ақсақалдар алқасының төрағасы, 84 жастағы   Қанат Досқалиев. Ауыл тұрғынынан келген хатты өзгертпей жариялап отырмыз. Хатта көтерілген мәселеге байланысты Ақсу ауданының  әкімдігінен редакция алқасы  жауап күтеді. 

«Ауылды алтын бесікке, елдің құтына, тамақтандырушы анаға теңеп айтып жатқан мақтау сөздер мен жылы лебіздер жетерлік. Ел билігінде отырған азаматтардың да ауылға деген пікірлері қуантарлық. Ал сол ауылды ойлаған алтын пікірлер іске асса ғой шіркін. Мен Ақсу ауданы Ойтоған ауылының тұрғынымын. Жасым 84-те. Біздің ауыл сияқты  түкпірде жатқан ауылдан ақпарат бергім келеді.  Оның себебі, ел аралап жүрген биліктегі мықтылар мен Парламент мүшелерінің мұндай жерге келуге қолдары тиімейді немесе келтіргісі келмейді. Сондықтан бұрын 100 мың асыл тұқымды қой өсірген ауылдың қазіргі сыйқы мынандай. Бұрынғы 2500-3000 тұрғынның орнында 1000-ға жетпейтін адам тұрады. Мұндағы  750 орынды  мектепте 150-ге жетпейтін оқушы қалды. Малдың санын айтпай-ақ қойсам, бұрынғы малдың 3/1 бөлігі ғана қалды. Меніңше, оның себептерінің бірі  Үшкөл көліне қысы-жазы ағып, құйылып жатқан бұрған өзенінің 20-30 жылдан бері тоқтап қалуына байланысты. Сондай-ақ, 50-60 мың гектар  жайылымдық жер құмға айналып бара жатыр. 2000 гектар  шабындық жойылды. Енді бұл өңірде түлік өсірудің болашағы жоқ.  Ауыл ішінде мал ұстаудың заңдылықтары  сақталмағандықтан елді мекен қораға айналды. Тұрғындар бала-шағасын ауру-сырқаудан сақтау үшін қалаға көшуге мәжбүр. Өйткені, қысы-жазы бір жерде шоғырланған малдың сапасы жойылып, жұқпалы сырқаттар таралуда. Ауыл көшесінде жаз бойы ағып жататын судың тартылуының  салдарынан үй құстары азайып, көшедегі өскіндер қурап, отынға айналды. Тұрғындарға керекті көмір отыны, тұрмысқа керекті заттарды қаладағыдан екі есе қымбат бағада тұтынады. Бұрынғыдай іргедегі Матай теміржол бекетінен көмір алу мүмкін болмай қалды.   Бұрын біздің аймақ жартылай құмды аймаққа жатқандықтан еңбеккерлердің еңбекақысы басқаларға қарағанда 15% артық төленетін. Сондай-ақ,  55 жаста зейнетке шығаратын. Құрметті «Жетісу» газетінің редакциясы, менің осы тіліктерімді биліктегілерге, Парламентке жеткізуіңізді ауыл тұрғындары атынан өтініп сұраймын». 

Гүлжан ТҰРСЫН
Фото: mk.ru

Қатысты жаңалықтар

Орманды өрттен сақтайық!

Орманды өрттен сақтайық!

02.08.2026
Алғашқы алтын

Алғашқы алтын

02.08.2026
Жастарға серпін берген

Жастарға серпін берген

02.08.2026
Құрылтай – ұлтты ұйыстыратын ұлы дәстүр

Құрылтай – ұлтты ұйыстыратын ұлы дәстүр

02.08.2026
Қыз қадірі қай деңгейде?

Қыз қадірі қай деңгейде?

02.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.