Талдықорған: +30°C
$ 519.26
€ 602.13
₽ 6.62
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Өскелең ұрпаққа үлгі

10.06.2025
КҮНДЕРЕК
Өскелең ұрпаққа үлгі

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен Германия Демо- кратиялық Республикасы аумағында Кеңес әскерлерінің ұтқырлық тобы құрылды. Оның алғашқы бас қолбасшысы болып Кеңестер Одағының Маршалы Г. Жуков тағайындалды. Дәл сол тұста жасақталған Австрия, Венгрия, Чехословакиядағы орталық, Польшадағы солтүстік әскер тобына соғыста ерлігімен ерекшеленген дивизиялар мен бригадалар топтасты. Міне, сол топтарда Қазақстан Республикасының жастары Отан алдындағы борышын абыроймен атқарды.

Кеңес одағының саяси ұстанымы – қарулы күштің әскери дайындығы мен материалдық жағдайын жоғары көрсету үшін сардарлар мен сарбаздарды сапалы киіндіріп, құнарлы азықтармен қамтамасыз ету еді. Соған сәйкес жаңа қарумен жарақтандырылған әскери бөлімдерде темірдей тәртіп салтанат құрды. Жастардың әскерде өткен 2 жылы, яғни 730 күн саналарда өшпес із қалдырды. Қаруластар қатарынан көптеген қимас дос тапқан жауынгерлер алыста жүріп туған жердің, ел-жұрттың қадірін, қасиетін сезінді. Әскер қатарында шынығып, шыңдалған өрімдей жастар елге оралып, Отанға еңбек сіңірді. Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалауға қатысты. Еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан олардың бәрі бүгінде ұл-қыз өсіріп, немере, шөбере сүйген ел ағасына айналды.

2022 жылы 20 желтоқсанда ҚР Әділет министрлігінде тіркелген «Шетелдерде әскери міндетін өтеген Жетісу облыстық ардагерлер» қоғамдық бірлестігі құрылып, Жаркент қаласында заңды жұмысын бастады. Қазір қоғамдық ұйымның құрамында Германияда және басқа да шетелдерде әскери міндетін өтеген жүзге жуық ардагер бар. Қоғамдық бірлестік Германия, Моңғолия, Австрия, Венгрия, Чехословакия, Польша сынды шетелдерде әскери борышын өтеген азаматтар мен ардагерлерді, Ауғанстандағы, Тәжікстандағы соғыс қимылдарына қатысқандарды, ардагерлер отбасының жесірлері мен отбасы мүшелерін ерікті негізде біріктіреді.
Құрылған сәттен бастап қоғамдық бірлестік облыс аумағында тұратын ардагерлердің экономикалық, мәдени, ғылыми, шығармашылық, материалдық және әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыруды қолға алып отыр. Сондай-ақ, ардагерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, қаруластар мен олардың отбасына моральдық-психологиялық және материалдық қолдау көрсету, қоғам өміріне қатысуға жәрдемдесу, жастарды отаншылдық, ізгілік, туған елге, ана тіліне деген сүйіспеншілікке, ұлтаралық татулық рухында тәрбиелеуге атсалысу, ел ішінде қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру, мемлекеттік және қоғамдық ұйым бірлестігінің Мақтау грамоталарын, сертификаттарын, төсбелгілерін, медальдары мен куәліктерін табыстау, бірлестік мүшелерінің атынан Қазақстан Республикасының заңнамасына және жарғының ережелеріне қайшы келмейтін іс-шараларды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестік жергілікті қорғаныс және білім бөлімімен, аудандық, қалалық, ауылдық округ әкімшіліктерімен, білім ошақтарымен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Олардың атқарып жатқан жұмыстары мен игі істерін әлеуметтік желіден көріп, танысуға болады.
– Біздің бірлестік жыл өткен сайын қанатын кеңге жайып, өңірде ауқымды іс-шаралар өткізуге қажетті барлық мүмкіндікті қарастыруда. Жас кезімізде әскер қатарында ұйымшылдық пен бауырмашылдықтың, табандылық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетсек, қазір де іскерлігімізді, ұйымшылдығымызды танытуға мүдделіміз. Қоғамға мүше әрбір жан үлкен жауапкершілікті сезінеді, әрқашан ардагер атына лайық қадам жасап, қоғам алдында адамгершіліктің, азаматтықтың жарқын үлгісін көрсетеді, – дейді «Шетелдерде әскери борышын өтеген Жетісу облыстық ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тойлыбай Домбағұлов.
Қоғамдық бірлестікке іскерлігімен, білім-білігімен атсалысып жүрген Тастан Енкежеков, Жақыпбай Ақшалов, Нұрлан Сейітханов, Серік Тұтқабеков, Малик Бакиев, Жақып Бақберов сынды азаматтар 3 жылдың ішінде бірқатар іс-шараларды жүзеге асырып үлгерді. Атап айтқанда, Жаркент қаласындағы Ш.Уәлиханов орта мектебінде, Қоңырөлең, Сүптай, Кішішыған, Үлкеншыған ауылдарындағы орта мектептерде жоғары сынып оқушыларымен, ұстаздарымен кездесу өткізіп, бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты, жастық шақтары, шетелдегі әскери қызмет турасында жеткіншектерге қызықты әңгімелерін айтып, жастардың бойындағы патриоттық сезімді ұштады.

Жыл сайын 1-ші қыркүйек күні Панфилов ауданының бірнеше мектебіне барып, аз қамтылған отбасыларының балаларына сабаққа керекті оқу құралдары мен киім-кешек тарататын қоғамдық бірлестік мүшелері ауданда өткізілетін әртүрлі қоғамдық-саяси шараларға белсенділікпен қатысып, көптеген игілікті істерге ұйытқы болуда.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты Жаркент қаласында тұратын Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің ұрпақтарына құрмет көрсетіп, мерекелік медаль тапсырды. Сонымен қатар, Жаркент шекара отрядының Иінтал шекаралық бөлімшесіне барған бірлестік мүшелері Тойлыбай Домбағұлов, Абай Сағымов, Жақып Бақберов шекарашылармен әскери патриоттық рухта сұқбаттасты. Жастарға шетелде әскери борышын өтеген жылдарынан естелік айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Қаруластар арасында әскери дайындықта үздік көрсеткішпен ерекшеленген сарбаздар мен офицерлерге мерекелік төсбелгісін салтанатпен тапсырып, Отан шебін күзетудегі жауапты қызметтеріне сәттілік тіледі.

Жарты ғасырға жуық КСРО-ның батыс шебіне қалқан болған әскери күштік құрылымдарда әскери борышын өтеп қайтқан жауынгерлердің қоғамдық бірлестігінің мүшелері бүгінгі қоғамды дамытуға, ел тәуелсіздігін нығайтуға ықпалын осылайша танытып келеді. Сондықтан олардың бейбіт бастамаларын өскелең ұрпаққа үлгі еткен жөн.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

24.06.2025
Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

24.06.2025
Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

24.06.2025
Жалақы мөлшері өсті

Жалақы мөлшері өсті

24.06.2025
Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.