Талдықорған: +27°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Пәндерді біріктіру – интеграция ма, импровизация ма?

30.08.2025
КҮНДЕРЕК
Пәндерді біріктіру – интеграция ма, импровизация ма?
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері білім саласы реформалардан көз ашқан жоқ. Бірі заман талабынан туындаса, екіншісі министрдің жеке бағдарламасы мен көзқарасынан өрбіді. Нәтижесінде білім жүйесі тұрақтылықтан гөрі жиі өзгерістерге бейім болып келеді.

Соңғы бастамалардың бірі – алгебра мен геометрияны «математика» атауымен біріктіру, ал химия, биология және физиканы «жаратылыстану» пәні аясында оқыту. Қағаз жүзінде бұлф оқушы жүктемесін жеңілдетіп, интегративті ойлауды дамытуға бағытталған қадам сияқты. Бірақ мәселенің астары әлдеқайда күрделі.

1991 жылдан бері білім саласын 15-тен астам министр басқарды. Әрқайсысы жаңа бастама көтеріп, мектеп бағдарламасына өзгерістер енгізді. Атап айтсақ, Шайсұлтан Шаяхметов кеңестік жүйеден ұлттық жүйеге көшу қадамдарын жасаса, Жақсылық Досқалиев оқулықтарды жаңарту мәселесін көтерді. Ал Жансейіт Түймебаев ҰБТ форматына өзгерістер енгізіп, Бақытжан Жұмағұлов дәуірінде «12 жылдық білім беру» идеясы кең талқыланды. Аслан Сәрінжіпов – элек-тронды оқулықтар мен үштілді білім беруді қолға алып, Ерлан Сағадиев жаңартылған білім мазмұнын енгізіп, үштілділік жобасын бастады. Алайда басталған жобалардың көбі толық жүзеге аспай, министр ауысқан сайын тоқтап немесе қайта өзгерді. Соның салдарынан білім саласында тұрақтылық орнықпай келеді.

Сонымен қатар, тәуелсіздік жылдары ондаған пилоттық жоба да жүзеге асты. Мәселен, 12 жылдық білім беру бірнеше рет сынақтан өтсе де толық енгізілген жоқ. ЖОО-ларға арналған кредиттік жүйе енгізілді, бірақ оның тиімділігіне күмән көп. Жаңартылған білім мазмұны тәжірибеден өтті, алайда мұғалімдер мен ата-аналар наразылығын тудырды. «Kundelik.kz» жүйесі енгізілгенімен техникалық және әдістемелік қиындықтар байқалады. Қағаз жүзінде тамаша көрінген жобалардың көбі тәжірибеде толық іске аспай, дайындықтың әлсіздігін айқындады.

Қазіргі білім саласында қызу талқыланып жатқан мәселенің бірі – пәндерді біріктіру. Министрлік бұл бастаманы «интеграция» деп таныстырғанымен қоғамда «мұның бәрі дайындықсыз жасалған импровизация емес пе?» деген күдік бар. Өйткені интеграция – терең ойластырылған, әдістемелік негізделген процесс болса, импровизация – тек сәттік шешімнің көрінісі. Білім саласы үшін мұндай қадамның салмағы орасан: өйткені мұнда мәселе тек пән атауында емес, ұрпақтың болашағында жатыр.

Асхат ЖҰМАБЕКОВ, педагог, оқулықтар авторы, «Үздік педагог – 2018», әлемнің ТОП-50 үздік мұғалімі:
– Қоғамда қызу талқыланып жатқан тақырыптың бірі – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің пилоттық жобасы. Жоба аясында алгебра мен геометрия-ны математикаға, ал физика, химия және биологияны жаратылыстануға біріктіру ұсынылып отыр. Бұл бастаманың болашағына қатысты пікірлер сан алуан. Мектептің оқу жоспары қатаң сағаттық бөлініске негізделетіні белгілі. Мәселен, 8-сыныпта әр пәнге – физикаға да, химияға да, биология мен математикаға да 68 сағаттан беріледі. Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу ісі жөніндегі орынбасар қызметін атқарған тәжірибемнен айтсам, бұл уақыт оқушылардың сыни, логикалық және аналитикалық ойлау қабілетін қалыптастыру үшін аса қажет. Егер пәндер біріктірілсе, сағат саны азаяды. Бұл терең білімнің орнына үзік-үзік түсінік қалыптастыруы мүмкін.

2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Финляндияда білім алып, ауылдық, қалалық мектептерде тәжірибеден өттім. Сонда байқағаным: пәндерді жеке оқы- ту – оқушыларға білімнің құрылымын жүйелі түрде меңгеруге мүмкіндік береді. Әр пәннің өзіндік логикасы мен ерекшелігі бар. Физика – тәжірибеге, химия – зертханалық жұмысқа, биология – тірі жүйелерді зерттеуге, математика – абстрактылы ойлауға сүйенеді. Ал барлығын «жаратылыстану» деп біріктіру көп жылғы әдістемелік тәжірибені жоққа шығаруы мүмкін. Бұл оқушылардың университетке немесе болашақ кәсібіне даярлық деңгейін әлсіретеді. Ал, халықаралық тәжірибеге назар аударсақ, Қытайда орта мектепте физика, химия, биология жеке оқытылады. Интеграция тек бастауышта немесе жобалық модульдерде қолданылады. Бұл тәсіл STEM саласында Қытайдың жоғары нәтижелер көрсетуіне ықпал етіп отыр. Әрине, пилоттық жобаның шектеулі мектептерде жүргізіліп жатқаны қуантады. Дегенмен, мұндай реформа ашық диалогты қажет етеді. Мұғалімдердің, ата-аналар мен оқушылардың пікірі ескерілмейінше білім беру жүйесіне деген сенім әлсірейді. Ал педагогтардың жағдайы тағы бір маңызды мәселе. Өмір бойы тек физиканы оқытқан мұғалімге қандай жұмыс ұсынылады? Ірі мектептерде бұл қысқартуға, ал шағын ауылдарда амалсыздан бірнеше пәннен сабақ беруге әкелуі мүмкін.

Тағы бір түйткіл – кадр даярлау. Бірнеше пәннен үстірт қана хабары бар мұғалім оқытқанда білім сапасы төмендеуі мүмкін. Шын мәнінде интеграция жаңа бағдарлама енгізумен шектелмеуі тиіс. Ол үшін педагогтар жүйелі түрде дайындалып, пәндердің өзара байланысын терең түсіндіре алатындай деңгейге жетуі қажет. Қорыта айтқанда, білім реформасы бір сәттік тәжірибе емес, ұрпақтың болашағына әсер ететін ұзақмерзімді қадам. Сол себепті асығыстыққа жол бермей, тұрақтылық пен сабақтастықты сақтап, мұғалімдер мен қоғамның сенімін күшейтуге басымдық берген абзал.
Меруерт ПАРМАНБЕКОВА, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор:

– Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі қолға алған жаңа пилоттық жобаның басты мақсаты – химия, биология және физика пәндерін интеграциялап, оқушыларға жаратылыстану ғылымдарын кешенді түрде меңгерту. Мұндай тәсіл дүниежүзінде бар тәжірибе. Мәселен, Еуропаның бірқатар елдерінде «Natural Science» деп аталатын интеграцияланған пән оқытылады.

Интеграцияланған оқытудың ең үлкен артықшылығы – құбылыстарды тек жеке-жеке емес, өзара байланыста түсіндіруге мүмкіндік беруінде. Мәселен, биологиялық процестерді химиялық тұрғыдан талдау, химиялық реакциялардың ағзадағы қызметін қарастыру немесе физикалық заңдылықтардың табиғи құбылыстарға ықпалын түсіндіру арқылы оқушы білімді тереңірек меңгереді. Бұл тәсіл ғылыми ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, пәнаралық байланысты нақты сезінуге және функционалдық сауаттылықты арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, интеграцияланған білім беру оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Сабақ барысында тәжірибе жасау, бақылау жүргізу, нәтижені ғылыми тұрғыдан талдау – бәрі де XXI ғасыр оқушысына қажет сыни ойлау, талдау, дербес шешім қабылдау қабілеттерін жетілдіруге бағытталады. Алайда мұндай жаңашылдық белгілі бір қиындықтарды да туғызады. Біріншіден, мұғалімдердің даярлығы – негізгі мәселе. Интеграцияланған пәнді жүргізетін ұстаз бір мезетте әрі физиканы, әрі химияны, әрі биологияны жеткілікті деңгейде меңгеруі тиіс. Екіншіден, жаңа мазмұнға сай оқулықтар мен әдістемелік құралдар әзірлеу қажет. Үшіншіден, ауыл мектептерінде кадр тапшылығы орын алуы мүмкін.

Жалпы алғанда, бұл бастаманы заман талабына сай және ғылыми тұрғыдан дұрыс қадам деуге болады. Дегенмен, оның тиімді жүзеге асуы үшін мұғалімдерді қайта даярлау жүйесін жолға қою, оқу-әдістемелік базаны күшейту, заманауи зертханалық жабдықтар мен цифрлық ресурстарды енгізу аса маңызды. Ең бастысы, бұл үдеріс кезең-кезеңімен жүргізілуі тиіс. Сонда ғана интеграцияланған оқытудың әлеуеті толық ашылып, білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге нақты үлес қосады.

Аида БЕГІМЖАНОВА, Ескелді ауданы, Титов атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі:
– Алгебра мен геометрияны «математика» атауымен біріктіру оқушыға пәнді тұтас қабылдауға жол ашуы мүмкін. Сол сияқты биология, химия және физиканы біріктіріп оқыту – табиғат заңдылықтарын кешенді түсіндірудің тиімді жолы. Бұл тәсіл инте-гративті ойлауды қалыптастыруға ықпал етеді. Дегенмен, қауіп те бар. Егер пәндердің жеке тереңдігі сақталмаса, білім үстірт қалып қоюы мүмкін. Мысалы, болашақ дәрігер биологияны, инженер физиканы, технолог химияны терең білуі тиіс. Үстірт оқытылған білім олардың кәсіби даярлығына кері әсер етуі ықтимал. Мұғалімдердің даярлығы тағы бір түйткіл. Бір пәнді жетік меңгерген ұстаздан үш пәнді қатар оқытуды талап ету қаншалықты орынды? Сағат саны қысқарса, оқушы жүктемесі азайғандай көрінгенімен, білім сапасы төмендеуі мүмкін ғой.

P.S. Білім жүйесі – бір министрдің емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі. Сондықтан кез келген реформа ашық талқыланып, мұғалімдердің, ата-аналардың, оқушылардың пікірі ескерілгенде ғана нәтижелі болады. Білім – ұлттың болашағы. Сол болашаққа жауапкершілікпен қарау – бүгінгі ұрпақ алдындағы басты парыз.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Қауіп сақтықта сейіледі

Қауіп сақтықта сейіледі

11.07.2026
Қыз арына кір келтірген

Қыз арына кір келтірген

11.07.2026
«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

11.07.2026
Қара жолдың қамқоршысы

Қара жолдың қамқоршысы

11.07.2026
Мәртебелі мамандар марапатталды

Мәртебелі мамандар марапатталды

11.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.