Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қатерлі ісікті емдеудің жолы табылды

12 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Қатерлі ісікті емдеудің жолы табылды

kyzylorda-news.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Талдықорғандағы көпсалалы аурухананың жұмысымен танысуға барған журналистер мұнда соңғы жылдары заманауи жаңаша емдеу әдістері қолданысқа енгізілгенін, ауруханада 2021 жылдан бастап аз инвозивті ота жасауды қолға алғанын сұрап білді. Сондай-ақ, медициналық туризмді жүзеге асырып отырған ауруханаға алыс-жақын шетелдер мен еліміздің басқа өңірлерінен келушілер қатары өскен. Мысалы, былтыр сырттан келген 260 адам ем алған.

Медициналық туризм адамзатқа өз көмегін тигізіп жатыр. Осыдан 3 жыл бұрын көрші мемлекеттен 20 жастағы жігіт ем қонбағанына налып келген. Айтуынша, шетелдіктер үміт жоқ деген. Содан талдықорғандық дәрігерлер жаңа әдіспен қатерлі ісігі бар тіндерге ем жүргізген. Нәтижесінде дерт меңдеген науқас қатарға қосылып, бүгінде Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат қағаз алған. Осыған қарап, ем-шара жүргізуге енгізілген аз инвозивті хирургиялық тәсілмен жасалған ота науқастардың тез оңалатынын байқау қиын емес.

Көпсалалы аурухананың директоры Мадияр Өмірбаевтің айтуынша, облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қолдауымен өткен жылы құны 60 миллион теңге тұратын «HIPEC» аппараты сатып алынған. Ол қатерлі ісікке ота жасауға керекті ең қолайлы заманауи құрылғы. Отадан кейін аппарат арқылы тіндер тазаланады. Биыл қыста облыстық онкологиялық клиника базасында Израильден келген мамандардың қатысуымен «HIPEC» аппаратымен ота жасау бойынша шеберлік сабағы өткен болатын. «HIPEC» аппаратымен ем жүргізудің тәсілін жетік меңгерген Израильдегі «Хайм Шиба» медициналық орталықтың хирург-дәрігерлері жергілікті мамандарға жаңа хирургиялық ота жолын үйреткен.

– Бұл аппарат барлық ісік ошағын хирургиялық тәсілмен алып тастап, ішкі қуысына 42-43°C дейін қыздырылған химиялық препаратты енгізеді. Ол перитонеальді канцероматозға (рак клеткаларының зақымдануы) қолданылады. «HIPEC» пайда болғаннан кейін ота жасауға жатпайды деп саналған қатерлі ісікті емдеудің жолы табылды, – дейді емхана директоры Мадияр Өмірбаев.

Оның айтуынша, облыс әкімінің қолдауымен аймақтағы ауруханаларға қажетті дәрігерлерді жұмысқа шақыру мәселесі қолға алынған. Соған сәйкес жас мамандарға 5 миллион теңгеден көтермеақы, ал ауылдық жерге келген дәрігерлерге 10 миллион теңге көлемінде демеу қаржы берілуде. Нәтижесінде көпсалалы ауруханаға бірнеше дәрігер жұмысқа келіпті.

Одан бөлек, Талдықорған көпсалалы клиникасы дәрігерлерді Моңғолия, Түркия елдеріне жіберіп, тәжірибе алмасу семинарларына қатыстырып отырады. Ал, Атырау және Жамбыл облыстарының мамандары жетісулық дәрігерлерден шеберлік сабағын алуға құлшыныс білдіруде.

Көпсалалы аурухана директоры Мадияр Өмірбаев тұрғындарды жергілікті емханалар скринингке шақырған жағдайда қалмай баруға, алдын алу шараларын уақытылы бастауға кеңес береді.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.