Талдықорған: +27°C
$ 532.74
€ 617.23
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҚАЗАҚ МУЛЬТФИЛЬМІ АҚСАП ТҰР

01.07.2025
КҮНДЕРЕК
ҚАЗАҚ МУЛЬТФИЛЬМІ АҚСАП ТҰР

astanatv.kz

Дана халқымыз «бала тілі – бал» дейді. Өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда бал тілді кейбір балаларымыздың тілі жат тілдешыққанына жанымыз ауырады. Мұның себебі неде? Әрине алдымен отбасындағы тәрбие. Екінші себеп – көкжәшіктегі мульфильмдердің әсері.

Шыны керек қазір бүлдіршіндер ұялы телефон немесе көгілдір экран алдынан бас алмайды. Иә, мултьфильм баланың дүниетанымын қалыптастыруға, сөздік қорының дамуына әсер етеді. Бірақ қазіргі  балаларға арналған фильмдердің басым көпшілігі сын көтермейді. Әрбір отбасыдағы екінші бала «Маша и медведь», «Cocomelon», «Лабубу» көреді десекшатаспайтын шығармыз. Шетел мультфильмдеріндегі басты кейіпкерлердің ойыншықтарын сатып алып, соған ұқсауға тырысады. Осындай мән-мағынасы жоқ мультфильмдердің салдарынан балаларымыздың өзге тілде шүлдірлеуде.Кейіпкерлерінде құбыжық ойнайтын шетел мультфильмдерінің зиянын айтпағанда, қазақы туындыларымыздың да шекесі қызып тұрған жоқ. Бұл – үлкен қасірет.

Қазір интернеттің дамыған заманы емес пе?! Жұмыстан үйге келе сала теледидардан «YouTube-ке» кіріп «Ертөстік» деп тердім. Өзімше қызыма қазақ ертегілерін көрсетсем ұлттық дәстүрімізді бойына сіңіріп өседі ғой деп ойладым. Бірақ бұл мультфильм біз бала күнде оқып өскен «Ертөстік» ертегісі емес, мүлдем бөлек болып шықты. Балаларға арналған туындыдан бұрмаланған тарих, адам жегіш қария мен қыз баланы сыйламайтын ақсақалды көріп жүрегім ауырды. Мынандай масқараны қарап өскенбала келешекте қандай болмақ?!

Біз жаттап өскен ертегіде Ерназар байдың 8 баласы болады. Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетеді. 8 ұл да соның ішінде кетіп, жоғалады. Ал Ерназардың бәйбішесі кер биенің керулі тұрған төстігін жеген соң жүкті болады. Есімін де сол себепті Ертөстік деп қояды. Халық эпосының желісімен түсірілген анимациялық фильм деп көрсетілген «Azia animation» атты компанияның иелері Артур және Игорь Краустың туындысында Ерназар байдың 6 баласы болған деп басталады. Сонда қалған екі ұлы қайда? 8 ұл жұт болып, мал айдап кетіп емес, қыз іздейміз деп жоғалады. Мультфильмде Ерназар бай ұлдарын жинап, маңызды кездесу өткізеді. Сонда балалары әкесіне «жасымыз келді, еңгезердей жігіт болдық, үйленейікші» деп ұсыныс айтады. Ал әкесі: «Қыздың не керегі бар, олармен артық уақыт өткізгеннен басқа ештеңеге де жарамайды»,–  деп ашуланады. Қазақ қашан ұлын ата сақалы аузына түскенше үйленбеңдер деп үйде ұстап еді? Керісінше, «он үште отау иесі» деп ұрпағы жалғасу үшін ерте отастырған. Бабаларымыз алғашқы мүшел жасқа келгенде ұлдарын азамат болдыға балап, бір шаңырақтың жүгін арқалатқан. Қыз баланы уақыт өткізу үшін алған бабамыз бар ма еді?! Жалпы, қай шаңырақта болмасын қызды қонақ санап, «төрге шық, босағамыздан береке кетпесін» деп ырымдап жоғарыға отырғызып, сыйлаған. Нәзік жанды деп алақанда аялаған. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз. Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген тәмсіл бекер айтылмаған. Бірақ, ертегі түсіргіш сымақтар қазақтың ата-дәстүрін қор қылып, ұлды ынжық, қызды қылықсыз қылып көрсетеді. Ең сорақысы, аниматорлар қазақты адам жегіш каннибал жасайды. Мультфильмде Ертөстік жоғалған ағаларын іздеп кеткен соң, Ерназар мен бәйбішесі ішерге ас таппай қарны ашып қиналады. Сол кезде бай аң аулауға аттанады. Фильмді жасаушылар Ерназар байға қоян, бұғы ғана атқызса бірсәрі, қабан, шошқаны қуалатқаны барып тұрған бассыздық. Ертегі түсіргіш сымақтар бізді қорлағысы келді ме, әлде біздің мұсылман екенімізден хабарсыз ба?

Дана халқымыз: «Доңыздың еркек торайы енесіне шабады. Ұрғашысы өзінің торайын жейді. Кім доңыз етін жесе, ол адамның мінез-құлқына әсер етеді», – деп оның етін харам деп тыйып тастаған. Ерназардың атқан оғы ешқандай аңға тимей, қанжығасы майланбай қайтады. Қайтар жолда өртенген ауылды көріп, қазақүйдің алдында бесікте жатқан Ертөстікті тауып алады. Баланы үйіне әкеліп: «Бәйбіше, мә, ұста, осыдан жақсылап тамақ жасап берші» дейді. Бәйбішесінің «Сенің аштықтан есің ауысайын деген бе? Бұл бала ғой» дегенде, сауалына «Қозы да қойдың баласы. Сонда қозыны да жеуге болмай ма? Мен еркекпін және нені жеуге болатынын, нені жеуге болмайтынын жақсы білемін. Енді, әрине, адамның аты Бекежан, Асылхан, Бақтияр сияқтылар болса жай ғана жей салуға болмайды. Бірақ, біз мына баланы Төстік деп атасақ еш тартынбастан жеуге болады. Өйткен ол тамақтың атымен аталады», – деп қойып қалады.

Бұл не деген масқара?! Режиссерлер қазақты каннибал қылып көрсеткісі келді ме? Мына мультфильммен өскен бала ертең қандай адам болады? Бұл тек бір жарым сағатқа созылған мультфильмнің алғашқы 15 минутында ғана болған оқиға. Ар жағын айтпай-ақ қояйық. Қазақтың ертегісін бұрмалағандардың басым көпшілігі орыс азаматтары. Арасында қазақтар да бар. Сонда бұл өзге ұлттың бізді басынғандығы ма, әлде қазақ азаматтары тарихымызда мұндай сұмдық болмаған деп айта алмағаны ма?! 6 жыл  бұрын жүктелген анимациялық ертегіні 4,6 млн. адам көрген. Қазақ туындысын шетелдің балалары көрмегені анық. Яғни, осыншама қазақтың бүлдіршіндері бұрмаланған тарихты тамашалаған.

Қазақ мультфильміндегі сорақылықты қалай тоқтатамыз?! Бұл жалғыз мысал емес. Ал «Жұман батыр» ертегісінде батырды ата-анасының көзінше сүйістіреді. «Алдар көседе» дастарқан басында еркекке ата-анасының көзінше әйелін құшақтатып, шай ішкізеді. Қаза берсең ата салтымызға жат дүниелер көп.  Бөгде елдің былығын көрсетпейін, бала тілі қазақша шықсын, өскелең ұрпақ салт-дәстүрімізді біліп өссін дейін десең, қазақтікі одан да сорақы болып барады. Шетелдің туындыларында құбыжықтар жүрсе де, адам жеп, ата-анасының көзінше сүйіскен қыз жоқ. Сонда біздің бабаларымыздан қалған ата дәстүріміз, «ұят болады» деген тыйымымыз қайда? Қазақ қыздары дастарқан басында құшақтаспақ түгілі ерінің көзіне тік қарамаған.

Көпке топырақ шашудан аулақпын. Ұлттық дәстүрді ұлықтайтын қазақ мультфильмдері жетіп артылады. Тек ата-аналар дұрысын таңдап көрсету керек. Ең бастысы қазақ мультфилімі болу керек. Бізге«Человек паук», «супермен» сынды өзге елдің ойдан шығарылған кейіпкерлері емес, Алпамыс, Қабанбай секілді батырларымызға еліктеп өскен ұрпақ керек.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

17.07.2025
Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

17.07.2025
Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

17.07.2025
Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

17.07.2025
Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

17.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.