Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сақтық шарасы талқыланды

ҚР Білім және ғылым министрі мен ҚР Ішкі істер министрінің нормативтік-құқықтық актілеріндегі қайшылықтар облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында талқыланды.

17 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Сақтық шарасы талқыланды
WhatsAppTelegramFacebook

Мәселені қарауға жеке білім беру жөніндегі салалық кеңес мүшелері қарауға бастамашы болды. Мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар террористік тұрғыдан осал (ТТО) объектілерге жатады. Демек, олардың күзет қызметі мемлекет тарапынан бақыланады. Егер мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметтің осы түрі үшін жеке трансферт алатын болса, онда жеке меншік нысанындағы балабақшалар тәрбиеленушілер мен өз қызметкерлерінің штатын өз қаражаты есебінен қорғауды қамтамасыз етеді.

Үкіметтің 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 қаулысына сәйкес ТТО объектілерінің жеке күзет қызметі субъектілерімен шарттар жасасуына қойылатын талап тек ТТО объектісінің штатында күзет көзделмеген жағдайда ғана қолданылады (2-тараудың 13-тармағының 2-тармақшасы). Сонымен бiрге қолданыстағы заңнамада жоғарыда келтiрiлген Үкiмет қаулысының мазмұнына қайшы келетiн нормативтiк-құқықтық акт (НҚА) бар.

Әңгіме «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығы туралы болып отыр. Бұл бұйрықта кемінде 3 жыл мерзімге күзет қызметін көрсетуге лицензиясы бар мамандандырылған күзет ұйымдарымен шарттар жасасу қажеттігі туралы 2-топтағы ТТО объектілерінің меншік иелеріне, иелеріне, басшыларына қойылатын талап жазылған.

Осы НҚА-дағы қайшылықтар ТТО объектілері үшін құқықтық қолайсыз жағдайдың туындауына алғышарт жасайды, тиісінше, ол жойылуы тиіс. Жеке білім беру жөніндегі салалық кеңес төрағасы Маржан Ахметжанова НҚА-ның иерархиясына сілтеме жасай отырып, Үкіметтің НҚА-лері ведомстволық НҚА-дан жоғары екенін, сондықтан құқық қолдану тәжірибесінде қайшылықтар туындаған жағдайда Үкіметтің нормативтік-құқықтық актісін басшылыққа алу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығында білім беру объектілерінің тобын айқындау бөлігіндегі әртүрлі оқылымға назар аударды. Соңында облыстық білім басқармасы мен облыстық полиция департаменті өкілдері аталған қайшылықтарды мойындап, бұл туралы жоғары тұрған ведомстволарға жеткізілетіні мәлім етілді. «Атамекен» өңірлік палатасы да өз тарапынан проблемалық мәселені шешуге жәрдемдесу туралы орталық аппаратқа ұсыныс жасауға бастамашы болады.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.