Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда жылыту маусымы қорытындыланды

Жетісу облысының орталығында 2024–2025 жылғы жылыту маусымына арналған арнайы жиын өтті. Қала әкімдігінің мәжіліс залында ұйымдастырылған басқосуда өткен жылғы атқарылған істер қорытындыланып, алдағы қысқа дайындық жұмыстары пысықталды.

13 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда жылыту маусымы қорытындыланды
WhatsAppTelegramFacebook

Сала басшыларының сөзінше, өткен жылыту маусымында  Талдықорған қаласы бойынша 700-ден астам көпқабатты тұрғын үйлер мен 210 әлеуметтік маңызы бар нысан және мыңдаған жеке үйлер жылумен қамтылған. Аталған маусымның кедергісіз өтуі жылу жүйелеріне дер кезінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, күтіп ұстаулардың нәтижесі. Ал қазіргі уақытта шаһарда 2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындық жалғасуда. Онда жылу қазандықтарын жөндеу, инженерлік инфрақұрылымды жаңарту және тұрғын үйлерді алдағы қысқа дайындау шаралары қолға алынған. Бүгінде бұл жұмыстардың сапалы әрі уақтылы орындалуы қала әкімінің қатаң бақылауында.

Жиын барысында қала әкімі Ернат Бәзіл аталған маусымның тұрақты әрі апатсыз өтуіне сала мамандарының қосқан үлесі зор екенін  айрықша атап өтті. Соның ішінде аймақ тұрғындарының жайлы өмір сүруі жолында қақаған қыстың аязында қарамастан тәулік бойы тынымсыз еңбек еткен қарапайым жұмысшылардың еңбегін ерекше бағалады.

– Жылыту маусымы қала өміріндегі аса маңызды кезең. Осы уақыт ішінде сіздер барлық сынақтарға төтеп беріп, жүйелі жұмыс жасап, тұрғындарды үздіксіз жылумен қамтамасыз еттіңіздер. Міне, бұл –кәсіби біліктілік пен жоғары жауапкершіліктің айқын айғағы. Сіздерге халықтың алғыстан басқа айтары жоқ. Мен сіздерге тек жақсылық, жанұяларыңызға шаттық тілейміз,– деді шаһар басшысы.

Осыдан соң Ернат Дүйсенбекұлы бірқатар коммуналдық сала қызметкерлері мен қаланы жылумен қамтамасыз ету ұйымдарының жұмысшыларын арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.

Еске сала кетсек, бүгінде Талдықорған қаласын жылумен және ыстық сумен қамтып отырған 10 қазандық бар. Ең үлкен «Басқуат» жылу қазандығының жүктемесін азайту үшін қосымша қаладағы «Оңтүстік-Батыс» тұрғын ауданында тағы бір кварталдық қазандық салынуда. Сонымен қатар аймақтағы жылу құбырлары өткен ғасырдың 80-90-шы жылдары салынып әбден ескіргендіктен  қала көшелеріндегі жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстары жоспарға сай жыл сайын жалғасуда.

Айдын КӘЛІМХАН

 

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.