Құрылтай сайлауы күні «Зарянка» этномәдени орталығының өкілдері ұлттық киімдерін киіп, дауыс беруге қатысып, өздерінің азаматтық таңдауын жасады. Этномәдени орталық мүшелерінің бұл бастамасы елдегі этносаралық татулық пен қоғамдық бірліктің жарқын көрінісіне айналды.
Ұлттық киіммен №365 сайлау учаскесіне келген орталық өкілдері өздерінің мәдени дәстүрлеріне деген құрметін көрсетіп қана қоймай, Қазақстан халқының ортақ құндылықтарын дәріптеді. Түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрін сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізуде этномәдени бірлестіктердің атқаратын рөлі ерекше.
«Зарянка» этномәдени орталығы өкілдерінің дауыс беруге белсенді қатысуы — азаматтық жауапкершіліктің маңызды үлгісі. Олар өз таңдауын жасап, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласты.
Мұндай бастамалар өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды құрметтеуді, қоғамдық өмірге белсенді араласуды және ел бірлігін бағалауды үйретеді. Бірлік пен келісім — тұрақты қоғамның басты құндылықтарының бірі.
Қойлық ауылы
Сарқан ауданы





