Талдықорған: +29°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жаңа бренд – «Жетісу жаңғағы»

«Жас келсе іске» деген тәмсіл бар. Негізі дөп айтылған. Жаңашылдыққа құмарлық жастық шақта орын алады емес пе? Бұл сөзге түрткі болған не жайт? Асықпаңыз, түсіндіреміз. Облыста бірінші рет жаңғақ егілуде. Жай жаңғақ емес, жер жаңғақ. Әр үйдің дастарқанынан табылатын тіскебасар дейікші. Ал, оны орда бұзар жастағы Қанат Саниязов есімді азамат егуде. Айды аспанға шығарып отырғанымыз жоқ. Жерден де жеті қоян таппадық. Тек, ыстықты табиғаты сүйетін жержаңғақты Жетісу топырағына жерсіндіру шынында ерлік.

11.10.2025
КҮНДЕРЕК
Жаңа бренд – «Жетісу жаңғағы»
WhatsAppTelegramFacebook

Қанат Саниязов достарымен бірлесіп «Жетісу жері» шаруашылығын құрады. Бірнеше жыл Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылы маңында егін егумен айналысады. Қант қызылшасы мен жүгері егіп, тер төгеді. Соған сай нәпақа да табады. Дейтұрғанмен, биыл климат біршама қолайсыздық туындатты. Содан өңірге қарбызымен танымал Қызылағаш топырағына басқа дақыл егуді көздейді. Әрі тәжірибе, әрі нарықтың сұранысына сай серіктестік басшылығының ықыласы жержаңғақ пен үрме бұршаққа ауады. осылайша серіктестік 1,5 гектарға жаңғақ, 200 гектарға бұршақтың 3 түрін егеді. Қазір нәтиже жаман емес. Егін бітік. Өнім мол.

– Алғаш рет Өзбекстаннан әкелінген тұқыммен 1,5 гектарға жержаңғақ дәнін септік. Одан бөлек, үрме бұршақтың патшалық, суперпатшалық және шұбар деп аталатын үш түрін ектік. Бұршақ дақылдарын таңдауда қателеспеппіз. Өнімділік жақсы. Ал, жержаңғақ пісіп жетіліп жатыр. Жақсы күтім жасалса, әр гектарынан 4-5 тоннаға дейін өнім алуға болады. Қайта өңдеу кезінде жаңғақ құрамындағы май 45 пайызға, ал нәруыз 20-25 пайызға дейін жетеді. Оның үстіне бұл дақыл топырақты тыңайтады, азотпен байытады, – дейді Қанат Саниязов.

Серіктестік басшысының сөзіне сенсек, 1,5 гектардан алынған өнім тек ішкі нарыққа, облыс көлеміне ғана таратылады. Ал, келер жылы бұл дақылды 15 гектарға жеткізуді көздейді. Жас кәсіпкер мұнымен тоқтап қалмай, жержаңғақты қайта өңдеуді де көздеп отыр. Себебі, жаңғақ майы да сұранысқа ие. Қазірдің өзінде дәнді келілеп, тонналап емес, арнайы қораптарға салып сатуды ойластыруда. Қалай дегенмен, шикізаттан дайын өнімнің құны да жоғары. Әрі қорап сыртында «Жетісу жаңғағы» деген атау тұрса, мұның өзі осы топырақта туған әрбір жан үшін мақтаныш емес пе?!

Қазір егін алқабында қызу жұмыс. Дала еңбеккерлері бітік шыққан егінді шашаусыз жинап алуға қарекет етуде. Үрме бұршақ та, жержаңғақ та трактор тіркемесі арқылы жиналады екен. Қытайдың «Үto» тракторына «Boran» тіркеме-комбайны арқылы дақыл жиналуда. «Boran» жергілікті өнім. Шаруашылық қызметкерлері қолдан жинаған құрылғы. Қызықты қараңыз, жергілікті шеберлер бұл құрылғының 50 пайыздан астам бөлігін қолдан жасаған. Қалған бөлігі кеңес заманындағы бірнеше техниканың бөлшектерінен құрастырылған.

– Тіркеме-комбайнды қолдан құрастырдық. Жасадық дейік. Үрме бұршақ пен жержаңғақты жинайтын Түркияның комбайндары бар. Оны сатып алуға біздің шамамыз келмейді. Бір тіркеменің құны 70-80 мың доллар. Содан біздің шеберлер бас біріктіріп, жергілікті жерде осы комбайнды құрастырды. Қазір егістікте «Boran» тіркемесінің екеуі жүр, – дейді Қанат Саниязов.

Қазір шаруашылықта 15 адам тер төгуде. Дені жергілікті тұрғындар. Негізі шаруашылықта 6 трактор бар. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде техника жаңаланған. Жеңілдетілген жанар-жағармай, тұқым, пестицид және тыңайтқышты мемлекеттік субсидия негізінде алып отыр. Қанат Саниязов бұл қолдаудың нәтижесінде шаруашылық алға ілгерілеп келетінін жасырмады.

– Мамандығым – программист. Маңайымдағылардың дені ауыл шаруашылығына қатысы жоқ мамандықтарды игерген. Соған қарамастан осы салаға ойыстық. Жергілікті жердің шаруа қожалық иелері көп көмектесті. Ағаларымыз ақыл-кеңесін айтып, егін егудің қыр-сырын үйретті. Жалпы, кез келген салада табысқа жету үшін заманауи техниканы игеру қажет. Ауыл шаруашылығында да сондай. Тың технологияларды игеру арқылы жеткен жетістігіміз аз емес, – дейді кәсіпкер.

Шаруашылық 2022 жылдан бері жаңбырлатып суару жүйесін пайдаланып келеді. Мемлекет бұл әдісті қолданғандардың шығынының 50 пайызын өтейді. Қазір мұнда 65 гектар жерге осы әдіспен суару қолданылады. Мұнан бөлек, дискретті суару әдісін де қолға алып отыр. Мұндай тәсілдер суды біршама үнемдейді. Серіктестік басшысы жаңа технология арқылы өнімділік артқанын да алға тартып отыр.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

04.07.2026
Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

04.07.2026
Мемлекет басшысы Трампты құттықтады

Мемлекет басшысы Трампты құттықтады

04.07.2026
Аю мен шибөрі көбейді

Аю мен шибөрі көбейді

04.07.2026
Тартысқа толы чемпионат

Тартысқа толы чемпионат

04.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.