Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысы: өзгеріске толы үш жыл

08.06.2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысы: өзгеріске толы үш жыл

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2022 жылы 8 маусымда Жетісудың жеке облыс болып қайта құрылған болатын. Осы үш жыл бойы аймақ әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары бойынша республикада үздік үштікке енді. Осы кезеңде облысқа 1,2 трлн теңге инвестициятартылды. Өңірде 712 мың гектар қайта айналымға кіріп, 500 мың гектардан астамы мемлекет меншігіне қайтарылды. Тұрғын үй құрылысы қарқын алып, 1 млн шаршы метр баспана салынды.Үш жылда әлеуметтік нысандардың 52 пайызы жаңарды. Қазіргі таңда 84 елді мекенге табиғи газ тартылды. Республикалық маңызы бар 500 шақырымға жуық жол реконструкциядан өтті, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Назарларыңызға 10 басты жетістіктер қатарын ұсынамыз:

1. Инвестициялық сала мен өнеркәсіпте. 2022-2024 жылдары жалпы көлемі 135 млрд теңгеден асатын 135 жоба жүзеге асты. Осы кезеңде облысқа 1,2 трлн. теңге инвестиция тартылса, оның 796 млрд теңгесі – жеке инвесторлар қаржысы.

Бұл ретте Талдықорған қаласында өндіріс аккумуляторларын шығаратын«Asma industrial» ЖШС, «Жетісу Мажико агрокешені» өсімдік май зауытын, «Стальбетон» кірпіш зауытын, Кербұлақ ауданында құрылысы жүріп жатқан тау кен байыту комбинатынт.б. атап өтуге болады. Инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың арқасында 3,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

2.Көлік-логистика саласында.Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан «Қорғас»ШЫХО, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА, «Нұр жолы», «Достық»кедендік өткізу бекеттері, «Алтынкөл» станциясы жаңадан құрылған облыс экономикасының негізгідрайверіне айналды.

Бір ғана «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да құны 54 млрд теңгеден асатын 30 инвестициялық жоба іске қосылып, 1,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Қазіргі кезде жалпы инвестиция көлемі 629 млрд. теңгеден асатын 38 жоба жүзеге асырылу үстінде, оларда 5 мыңнан астам жұмыс орны құрылады деп жоспарланған.  Олардың ішінде өндірістік әлеуеттері зор және экспортқа бағытталғанэел электр құрылғыларын, дайын металл өнімдерін, кофе өндіретінт.б. кәсіпорындар бар.

«Достық» станциясында да ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Автомобиль өткізетін жаңа пункт бой көтеріп, тәулігіне 1600 көлікке дейін жеткізілді. Жылына 3,9 млн тонна немесе 350 мың контейнер қабылдай алатын «Dostyk TransTerminal» және «Ett Dostyk» екі көпфункциялы жүк терминалы іске қосылды.

Президент тапсырмасымен Достық-Мойынты темір жол учаскесінің жол құрылысы биыл аяқталады. Учаскенің өткізу қабілеті тәулігіне 60 жұп пойызға дейін артады.

3. Агроөнеркәсіп кешенінде.Өңірде шығатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің 65%, атап айтқанда қант қызылшасы, жүгері, бидай, соя, ет, сүт өнімдеріөзімізде өңделеді. Десе де негізгі басымдықты қант өндірісіне аударып, тәтті түбір алқабы 3,3 есе ұлғайтылды. 13,7 мың гектардан өткен жылы шаруалар рекордтық 635 мың тонна рекордтық өнім алды. Өңірде төрт түлік саны еселеніп келеді.

Бүгінгі таңда облыста мал саны 2,5 млн-нан асса, соның 552 мың басы ірі қара, 2,0 млн. басы ұсақ мал, 224 мыңы жылқы.Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында55жаңаветеринарлық пункт салынды.

2022-2024 жылдар аралығында пайдаланылмай жатқан 1,2 млн гектар жер анықталды. Осы уақытта 712 мың гектар қайта айналымға қосылып, 500 мың гектардан астамы мемлекет меншігіне қайтарылды.

4. Тұрғын үй құрылысында.Соңғы үш жылда барлық қаржыландыру көздерінен 1 млн. шаршы метр баспана салынды. 5 мыңға жуық пәтерлі 85 көп қабатты үй және 182 жеке тұрғын үй бой көтерді. Облыс орталығынан бөлек аудандарда, ауылдарда жаңа ықшам аудандар пайда болды. Бұл ретте қабылданған жүйелі шаралардың арқасында облыс орталығында тұрғын үй кезегі 8,3%-ға төмендеді, ал биыл қаладағы 1400-ден астам отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.Бұған қоса Жетісу облысында апатты үйлер мәселесі 90 пайызға шешілді.

5. Газдандыру мен ауыз сумен қамту бойынша. Облыс құрылғанға дейін аймақта небәрі 5 елдімекен газдандырылса, қазіргі таңда олардың саны 84-ке жетті. Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарын газбен қамту үшін құрылысы жүріп жатқан «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбыры биыл салынып бітеді. Нәтижесінде облыста газдандыруға жататын 192 елдімекен көгілдір отынмен толық қамтылады.Алоблыстаорталық сумен қамту көрсеткіші –91,3%.

6. Жол құрылысы саласында.Республикалық маңызы бар 500 шақырымға жуық жол реконструкциядан өтті. Транзиттік әлеуеті зор «Талдықорған-Үшарал», «Үшарал-Достық» жолдары пайдалануға беріліп, «Сарыөзек-Көктал» тас жолы, оның ішінде Алтынемел асуының жолы жаңғыртылды. «Жаркент-Көктал» және «Жаркент-Қорғас» жолдарының негізгі учаскелері күрделі жөндеуден өткізілді. 30 жылдайжөндеу көрмеген «Үштөбе-Көпбірлік» автомобиль жолы қалпына келтірілді.

7. Туризм саласында.Жол қатынасының жақсаруы өңірде туризмнің дамуына серпін беруде. Балқаш көліне апаратын жолдың құрылысы аяқталады.Алакөл көліне дейінгі жол жасалып бітті. Үшарал әуежайының ұшып-қону алаңы ұзартылып, ірі ұшақтарды қабылдауға жағдай жасалды. Бұрханбұлақ сарқырамасына апаратын жолдың құрылысын бастауға қаржы бөлінді.Жасылкөлге дейінгіжол салына бастады.

Жалпыөткен демалыс маусымында облысқа келген туристер саны 2 млн. болды.

8. Әлеуметтік салада.Соңғы үш жылда әлеуметтік нысандардың 52 % жаңарды. 270 нысан бой көтеріп, күрделі жөндеуден өтті. Сарыөзек ауылында 250 адам қабылдайтын емхана іске қосылды.Инвесторлар Талдықорғанда онкологиялық орталық салады.

Денсаулық сақтау саласындаемдеу мекемелерін білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында облыстаөткен жылдан бері республикада бірінші болып ауылдық жерге келген дәрігерлерге 5 млн. теңгеден, қалаға келген дәрігерлерге 5 млн. теңгеден бір реттік көтерме ақы тағайындалды. Бүгінге дейін 110 дәрігерге көтермеақыберіліп, маман тапшылығы 20,3 %-ға азайды.

Үш жылда білім беру саласында 20 нысан салынды. Олардың 15-і – мектеп. Саладағы бейімделген ғимараттар саны 69-дан 39-ға азайды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында Жаркент қаласында 1200 орындық білім шаңырағы пайдалануға берілді.Достық станциясында салынып жатқан дәл осындай мектептің құрылысыаяқталуға жақын, биыл пайдалануға беріледі.Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен Талдықорғанның іргесіндегі Ынтымақ ауылында 1200 орындық мектеп ашылды. Ал қайтарылған активтер есебінен Панфилов, Кербұлақ аудандары және Текелі қаласына қарасты Рудничный ауылында 3 мектеп құрылысы жүргізілуде.

Әлеуметтік қорғау саласына келсек, облыс құрылғаннан бері өңірде мүгедектігі бар адамдар үшін 774 нысан бейімделді, инватакси саны 2 есеге өсті, сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласында 20 жаңа нысан ашылды. Солардың қатарында Алакөл жағалауындағы жазғы сауықтыру лагері, аймақтағы тұңғыш иппотерапия орталығы, белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары және балалар мен ересектерді оңалтуға арналған бірқатар заманауи орталықтарын атауға болады. Бүгінгі күні өңірде мүгедектігі бар адамдардың инфрақұрылымдарға қолжетімділік деңгейі 69%-ға жетті, бұл – еліміз бойынша үздік көрсеткіш.

9. Мәдениет және спорт саласында.Облыста бұқаралық спортты дамыту мақсатында 33 спорттық нысан пайдалануға берілді. Соның ішінде «Жетісу» кәсіби волейбол клубының оқу-жаттығу спорт кешені, сол сияқтыжеке инвесторлардың есебінен аталған клуб мүшелеріне арналған тұрғын үй, Үстел теннисі орталығы салынып, іске қосылды.Үш жылда өңірде 13 мәдени ошақ жаңадан тұрғызылды, соның бірі — Қаратал аудандық тарихи-өлкетану музейі. Сондай-ақ10 нысан күрделі жөндеуден өтті. Олардың қатарындаШоқан Уәлихановтың «Алтынемел» мемориалды кешеніде бар.

10. Абаттандыру мен көгалдандыру бағыты.Үш жылда өңірде 11 саябақ, 5 сквер және 2аллея салынды, 21 саябақ жөндеуден өтті. 360 мың түп көшет отырғызылды. Жыл соңына дейін тағы 60 мың көшет отырғызылады.Бұл ретте жыл басынан бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына 17 мыңнан астам тұрғын қатысты. Сонымен қатар соңғы екі жылда өңірде 197 балалар ойын алаңдары абаттандырылды, биыл тағы 76 алаңды абаттандыру жоспарлануда. Аула аумақтарын абаттандыру бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілді. Мәселен, 2023-2024 жылдар аралығында 166 аула ағымдағы жөндеуден өтті. Олардың арасында Талдықорған қаласының 90-жылдардан бері жөндеу көрмеген «Ұлан» шағын ауданындағы аулалар да бар. Биыл тағы 51 аула абаттандырылады. Сондай-ақ 140 көпқабатты тұрғын үйдің шатырлары мен қасбеттерін жөндеу жоспарда бар.

Облыстың 3 жылдағы осы және өзге де өзгерістері туралы «Жетісу» телеарнасы фильм дайындағанын атап өтуге болады.

Мұның бәрі кешенді түрде алғанда өзендер өркетеген Жетісу өлкесінің халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, ең алдымен, экономикалық өсу, әлеуметтік бағдарлану, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру ісін одан әрі дамытуда әлеуеті зор екенін көрсетеді.

Қатысты жаңалықтар

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23.06.2025
Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

23.06.2025
«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

23.06.2025
Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

23.06.2025
Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

23.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.