Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу өңіріндегі су айдындарында қауіпсіздік күшейтілді

Биыл жазғы шомылу маусымы басталғалы Жетісу облысындағы су айдындарында алдын алу шаралары барынша күшейтілген. Соның арқасында аумақта суға түсу кезінде орын алатын оқыс оқиғалар саны бұрынғы жылдармен салыстырғанда күрт азайған.

10 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу өңіріндегі су айдындарында қауіпсіздік күшейтілді
WhatsAppTelegramFacebook

Сала мамандарының сөзінше, көңіл қуантатын бұл көрсеткіш облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері және еріктілердің бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесі. Қазіргі кезде олар су жағалауларында профилактикалық рейдтер мен түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Салыстырмалы түрде айтқанда биылғы жылдың басынан бері облыс аумағында 1 адам суға батқан. Алайда аталған оқиғаның шомылу маусымына еш қатысы жоқ. Өткен жылдың шомылу маусымында аймақта 5 адам суға түсіп қаза тапса, олардың 3-і бала. Бұл тұрғындарға алдын алу шараларының маңыздылығын және ересектердің  балаларды  бақылаусыз қалдырмау керектігін аңғартады.

 – Бүгінде  Жетісу өңірінде 40-тан астам ірі су айдындары бар. Оның  4-і көл, 15-і өзен, 8-і су қоймасы және16-сы әр түрлі тоғандар. Жыл басынан бері  Жетісу облысының құтқарушылары 27 адамды ажалдан арашалап қалды. Былтыр  олар 36 адамды құтқарса,  олардың 8-і – бала. Ағымдағы жылы құтқарылғандар арасында бала жоқ. Міне, бұл, ата-аналар мен аймақ тұрғындардының қауіпсіздік ережелеріне баса мән бере бастағанын көрсетеді,–дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.

Бапасөз қызметінің дерегінше, биыл аймақтағы су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзған 2 адам заңды жауапкершілікке тартылып, тиісті айыппұл арқалаған. Былтырғы  жылдың ұқсас  кезеңінде  өңірде  42 жеке адамға  тәртіптік жаза бойынша 542 мың 724 теңге көлемінде айыппұл салынған. Оның 40-қа жуығы  дәл осындай шомылу маусымында ереже бұзғандар. Қазір өңірдегі өзен-көл маңдары тұрақты түрде  қадағаланып, күн сайын демалушылар арасында және балалар лагерлерінде  түсіндіру жұмыс жүргізілуде. Дейтұрғанмен  «Сақтықта қорлық жоқ» деген. Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды суға барған кезде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Онда оларға  тыйым салынған орындарда шомылмауды, құтқару құралдарын пайдалануды және балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

                                                                          Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.