Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісудан шыққан танымал азаматтар облыстың 3 жылдығымен құттықтады

8 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісудан шыққан танымал азаматтар облыстың 3 жылдығымен құттықтады
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысының құрылғанына 3 жыл толуына орай Жетісуда туған елімізге танымал тұлғалардың бейнеқұттықтаулары жолдануда. Құттықтаушылар қатарында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, мәдениет, білім, спорт саласының қайраткерлері т.б. танымал азаматтар бар, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алғашқылардың бірі болып құттықтағандардың ішінде қазақстандық ұшқыш, Әскери-әуе Күштерінің генерал-майоры Айдын Айымбетов те бар.

«Құрметті жерлестер! Баршаңызды облыстың 3 жылдығымен құттықтаймын. Облыста осы үш жыл ішінде тұрғын үйлер салынып, жаңа шағын аудандар бой көтеруде. Жолдар жөнделіп, туризм дамытылуда. Туған өңіріміз бұдан әрі де өсіп-өркендей берсін!», — деді ұшқыш, Халық Қаһарманы Айдын Айымбетов.

Жетісулықтарға Парламенттің VII шақырылымының депутаты, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен де ізгі тілегін жолдап: «Үш жылдық мерекемен құттықтай отырып, Жетісуымның елінде, жерінде, шалғай әрбір ауылында береке-бірліктің болғанын тілеймін. Жетісу халқының еңсесі биік, болашағы кемел болсын. Жастары жарқырап өсе берсін», – деді ол.

Кеңестік және қазақстандық киноактер, Қазақ КСР Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржұман Ықтымбаев та құттықтаудан шет қалмай: «Үш жылда Жетісу деген облыс пайда болды, отыз жылда атқарылатын нәрсе істелді.
Талдықорғанға кетіп бара жатқанда, көлікті тоқтатып, Мұқыры тауының төбесіне шығып, сүйсініп қарап тұрамын. Талдықорған қаласы болсын, Қаратал, Көксу, Кербұлақ, Панфилов аудандары болсын, бәрі де  керемет өзгерген. Тау қопарғандай іс атқарылды. Тойларың құтты болсын, ағайын-туғандар!» – деп тілегін білдірді.

Құттықтауларға танымал спортшылар да қосылды.

Өзімнің және өңірдің паралимпиадашыларының атынан жетісулықтарды облыстың құрылғанына үш жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Әр отбасына денсаулық, амандық, еңбекте табыс тілеймін, – деді қазақстандық пауэрлифтинг, Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева.

Жас ұрпақ өкілдері де жылы тілектерін жолдады. Олардың арасында Астана қаласындағы «Жастар» театрының әртістері, Қазақстаның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Азамат Есқұл мен Дәурен Серғазин де бар:

Жер жаннаты Жетісу ақындардың, батырлардың елі, өңірден сондай танымал адамдар көптеп шыға берсін. Біздің сүйікті облысымыздың 3 жылдығымен барша жетісулықтарды құттықтап, Қапал ауылы мен Жаркент қаласының тұрғындарына ерекше жалынды сәлем жолдаймыз, – деді олар.

Атап өтсек, әр түрлі салада еңбек етіп жүрген танымал адамдардан 20-дан астам бейнеқұттықтаулар келіп түсті.

Еске салсақ, сол сияқты аймақтың 3 жылдағы негізгі жетістіктері туралы облыстық «Жетісу» телеарнасы фильм дайындаған болатын.

 

 

Қатысты жаңалықтар

Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.