Талдықорған: +26°C
$ 470.80
€ 545.99
₽ 6.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АҒАСЫ ЖАҚСЫ ҚАНДАЙ-ДЫ

21.11.2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

«Сүйінгенге сүйініп, қуанғанды қолдайды» демекші, Хантәңіріне шектесіп жатқан жасыл шалғынды, жері шұрайлы, суы шипалы, саф ауасы жанға дәру, табиғаты сұлу әрі әдемі өлкеде Кеген ауылы орналасқан. Қулық пен Сарытау, атақты Қарқара жайлауы, биік шыңды Мыңжылқы, Шырғанақ таулары қасиет қонған аймақ. 1950 жылы 7 қарашада дүние есігін ашқан Шыңғыс аға Тұрсынов – тұмса табиғаттың асыл қасиеттерін бойына дарытқан нағыз тау түлегі. Өмір атты аламанда дара тұлғалардың қатарынан көрініп, 70 деген жасты алқымдапты.


 Шыбықты ат қып мініп, Кеген өзенін бойлай өзі қатарлы балалармен жарыса суға түсуі, балығын аулап, мәре-сәре болған қайталанбас сәттері әлі есінде. Түменбай көлін жағалай, ойынға беріліп, шабындық алқапты қорығандары да балалық шақтың бір сәті. Көлде жүзген аққуларды қызықтап, балапандарына қолдарындағы нандарын үзіп, көл бетіне лақтырғанда олардың таласа жегендеріне мәз болған сәттері-ай! Сондағы қара домалақ бала Шыңғыс, міне, бүгін ақсақалды қариялар қатарынан көрініпті.
Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай,
Қыстың басы бірі ерте, 
                   біреуі жай,–

деп дана Абай бабамыз жырлағандай, Кеген аймағы  теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте орналасқан табиғаты қатал өлке. Туған жерінің шытынаған аязы, бораны бір соқса 4-5 күнге созылатын үскірік желі, құбылмалы көктемі, бірде қар аралас, енді бірде боранды жауыны, шайдай ашық аспаны, әп-сәтте биік таудан көтерілген қара сұр бұлт, күркірей, найзағайын ойната бұршақ аралас шелектеп төккен жауыны, суық күздің ызғарында жемшөбі мен отын-суын жинап үлгеретін тау халқының ұланы Шыңғыс ағамыздың бойында тау мінезі, жайдары жанының нәзіктігі де бар.

1958 жылы алғаш Кеген орта мектебінің бірінші класына қабылданып, он жылдықты да осы мектепте бітірді. Мектеп өміріндегі қызықты сәттері, құлын-тайдай тебісіп өскен Серік, Еркін, Келіс, Болатбек, Қуанышбек, Сатыбалды, Қазыбай, Сейсенқожа, Темірбек, Иманқожа, Аман сынды жолдастарымен есейген жылдары әлі есінде. Қазіргі 70-ті еңсерген кездерінде де аралары ажырамай, сыйласып келеді. Жолдастарының сонау мектеп қабырғасынан осы уақытқа дейінгі жүріп өткен өмір жолдары жайлы және мектеп бітіргендеріне 50 жыл толу кездесулері туралы «Қош бол, альбом» кітабында жан-жақты айтылған. Саналы ғұмырында жемісті еңбек етіп, көпшілік құрметіне бөленген, қазіргі кезде де өңірге қал-қадірінше үлесін қосып, еңбектен қалмаған жан. Сол аймақтағы аяулы азаматтардың бірі әрі бірегейі. 1984 жылдан СССР Журналистер одағының, 1998 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Райымбек ауданының Құрметті азаматы, елге танымал журналист, жазушы Шыңғыс Тұрсынов ағамыздың облыс, республикамыздан алған мерекелік медальдары, Мақтау грамоталарымен қатар Елбасымыз, Тұңғыш Президенттің Алғыс хаты, басқа да сый-сияпаттары қаншама?! Ағамыз жайлы қалай айтсақ та орынды.

Шыңғыс ағамыз өзінің журналистика саласына бет бұруында ұстаздары Ауған Нүсіпбекова, Сара Қосаева, Мырзахан Исмайлова сынды әдебиетші мұғалімдердің еңбегі ерекше екенін сөз арасында айтып отырады. Мектеп қабырғасында жүрген кезінде Әділ ағасымен бірге он бірінші класта оқитын Серік Нұрахметовтан сурет шығаруды үйренеді. 1966 жылы аудандық газет  Кегенге көшіп келеді. Нағашысы Жолшы Бікебаев осы газетте фототілші екен. Осыдан былай мектепте суретпен айналысады. Оның жұмысқа қабілеттілігін байқаған сол жылдардағы бас редактор Тағаш Байжанов, редактордың орынбасары Иемберген Үмбеталиев, жауапты хатшы Әлтан Батталғазиев Шыңғыс ағамызға үлкен сенім білдіріпті. Сөйтіп, аға журналистер Сара Ахметова, Тұрысбек Жұмабеков, Ескендір Рахымбайұлы, Әкітай Жұмәділов, Нұрсадық Сарғожаевтармен бірлесе газет жұмысына белсене араласады. Осылай Шыңғыс ағамыздың журналистік жолы басталды.

«Қасиетті жерден ат үркеді» демекші, осы өңірдегі аты шыққан, танымал кешегі асыл ағалардың қаламгерлік жолын лайықты жалғастыра отырып, кейінгі толқын бізге қамқорлық қолын созған тәлімгеріміз, қаламының өзіндік желісі бар, ойлы қаламгер Шыңғыс ағаның есімі де біз үшін әрдайым ыстық, қашанда қастерлі. 

1972 жылдан газеттің әдеби қызметкері, аға әдеби қызметкері болды. 1975 жылы Кеген аудандық радио хабарын тарату редакциясының бас редакторлығына тағайындалды. Еңбектен қол үзбей, әл-Фараби атындағы университетінің журналистика факультетін 1977 жылы бітіріп, жоғары білім алды. 1979 жылы Кеген аудандық «Коммунизм нұры» газеті бас редакторының орынбасары қызметіне ауысты.

 Денсаулығы сыр берген, бас редактор Әбдіманап Иманқұлов ұзақ уақыт сырқаттанып жатты. Ұлы Отан соғысының ардагері, ұзақ жыл партия, Кеңес жұмысында болған азаматтың соғыстан алған зардаптары әсер етті. Редакторды жоқтатпай, творчестволықпен еңбек еткен жауапты хатшы Келеке Құсайынов, бөлім меңгерушілері Тұрысбек Жұмабеков, Мұса Жанәділов, Төлепберген Баялиев, фототілші Асан Сәргелтаев, Ружан Құлсейітова, баспахана басшысы Шаюп Авахриев, линотипистка Рая Ильякова, Бүбиша Естемесова, газет беттеуші Нұрғаным Оңғарова сынды тындырымды жандардың ерен еңбектерінің нәтижесінде 1979-1982 жылдардың басына дейін газет тоқтаусыз жарық көріп тұрды.

Осы жылдарда талантты журналист Шыңғыс Тұрсынов мол тәжірибе жинақтады. Есімі аудан, облыс көлеміне танылды. Ағамызды сол жылдары басқа ауданға газеттің редакторлығына да ұсынды. Ол өзі туып, өскен ауылынан ешқайда кетпеді. «Туған жерге туыңды тік» деген осы болар.
1984-1986 жылдары Шыңғыс ағамыз Алматы жоғары партия мектебіне қабылданды. Кеңес одағы кезінде ең жоғарғы оқу орнының бірінен саналатын. Білікті кадрлар даярлайтын оқу орнын бітірген ол туып-өскен Кеген ауданына қызметке жіберілді.  

1986-1988 жылдар аралығында, Кеген аудандық партия комитетінде нұсқаушы, саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, 1988-1991 жылдары Кеген аудандық партия комитеті идеология бөлімінің меңгерушісі болды. Кеңес одағы тараған 1991 жылдың қазан айынан Кеген ауылдық Кеңесі төрағасының орынбасары, төрағасы қызметін 1994 жылға дейін атқарды. 1994-1999 жылдары Кеген және Райымбек аудандық ауылшаруашылығы кәсіподағының төрағасы болды. 1999 жылдың наурыз айынан жаңа құрылған «Нұр Отан» партиясының атқарушы директоры және төрағаның бірінші орынбасары қызметін 2010 жылдың қараша айына дейін атқарды. 

 Ауданда кадр мәселесінің жетіспеуінен 2010 жылдың қараша айынан Райымбек аудандық «Хантәңірі» газетінің директор-бас редакторлығына тағайындалды. Арада жиырма алты жылдан аса уақытты артқа тастап, өзінің сүйікті мамандығына қайта оралды. Ол аудан көлеміндегі түрлі мекеме, ұйымдарда лауазымды қызмет, басшы болып жүргенде де өз мамандығын ұмытпай, ойына алған мәселелерді, еңбек адамдары, өнер жолындағы жандар жайлы очерктер, суреттемелер мен әңгімелер жазып жүрді. Өзінің творчестволық жұмысын жалғастырып отырды. Осындай ізденістің нәтижесінде ұзақ жыл қол үзіп кеткен журналистік мамандығын қиналмай жалғастырып кетті. Осы қызметті 2015 жылдың қазан айына дейін атқарды. «Айналайын атамекен, ақ мекен», «Аспан таулар аясында» атты аудан журналистерінің творчестволық еңбектерін жинақтап, кітап шығарды. «Білімнің мөлдір бұлағы», «Махаббат мұңы», «Қош бол, альбом» атты кітаптардың авторы. «Ғасырға ұласқан ғұмыр», «Отты жылдар шежіресі», «Оразды елі ұмытпайды» атты жинақтарда естелік-эсселері жарық көрген. Әрі осы кітаптардың жарыққа шығуына алғы сөзін жазды. 

 «Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі, қайдан алсын кемеңгерді?», – деген Ілияс Жансүгіровтің кемел сөзі еліне елеулі, халқына қалаулы болған, аты ел-жұртқа жақсы таныс,  аяулы ағамыз Шыңғыс Тұрсынов сынды азаматтарға қаратып айтылған-ау, сірә. Шыңғыс ағамыз 1971 жылы пайдалануға берілген редакция ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, көпшіліктің алғысын алған жан. Қырық жылдан аса уақыт жөнделмей, тозығы жеткен ғимаратты қазіргі заман талабына сай жөндеп, журналистердің алаңсыз жұмыс істеуіне толық жағдай жасады. Сондай-ақ, кадр мәселесіне де ерекше назар аударды. Ғани Бейқұтбай – «Қарқара» газетінің бас редакторы, Лаура Қарасартова – бас редактордың орынбасары. Ал Серікжан Мурасилов  Райымбек аудандық «Хантәңірі» газетінің жауапты хатшысы. Олардың творчестволық ізденулеріне көп көңіл бөлді. Журналистік шеберлігін шыңдады.

Шыңғыс аға зейнеткерлікке шыққан соң да шығармашылықтан қол үзбей жазып келеді. Осы жылдың қараша айында баспадан «Түн. Мөлдір сезім. Ғашықтар» атты кітабы жарық көрмек. Шыңғыс ағаның сауаттылығы, таспадай жазуы – екінің бірінде кездесе бермейтін шеберлік шыңы десек, артық айтқандық емес. Жұмыс кезіндегі орнықтылығы, бастаған істі аяғына жеткізбей тынбайтын іскерлігі  кімге де болса үлгі-өнеге. Мұның астарында қазаққа тән «тектілік» деген үлкен ұғым жатса керек. Ол – үлкен азаматтықтың, адамгершіліктің көрінісі. Шыншыл болу, ойыңды бүкпей айту, турашыл болу, нашар жандарға қол ұшын беруге, біреуге жәрдемге келуге дайын болу, ол да тектілік. Біздің бүгінгі қоғам қашанда тектілерге сүйенеді емес пе? Осындай ағалардың іс-қимылдары, өнегелі істері, кейінгі жастарға үлгі-өнеге десек, артық айтқандық емес.

 Жұман МАТАЙ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
Ұйғыр ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда жас мамандар слеті өтті

Жетісуда жас мамандар слеті өтті

25.05.2026
Спорт саласына серпін

Спорт саласына серпін

25.05.2026
Қазақстандық блогер әлемнің үздік travel-блогері атанды

Қазақстандық блогер әлемнің үздік travel-блогері атанды

25.05.2026
Қазақстандықтардың ипотека мен автонесиеге сұранысы азайды

Қазақстандықтардың ипотека мен автонесиеге сұранысы азайды

25.05.2026
Соңғы қоңырау соғылды: Қазақстанда оқу жылы аяқталды

Соңғы қоңырау соғылды: Қазақстанда оқу жылы аяқталды

25.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.