Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАЙЫРЫМДЫ АНАЛАР

24 сәуір 2020
КҮЛТӨБЕ
ҚАЙЫРЫМДЫ АНАЛАР
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен тұрғындар бір-біріне қол ұшын беруде еш аянып жатқан жоқ. Бірі жалғызбасты қарттарға азық-түлік жеткізсе, екіншісі көшелерде медициналық бетперде мен залалсыздандыруға арналған түрлі құралдарды тегін үлестіруде. Сондай қайырымды жандардың қатарын ақсулық аналар да толықтыруда. 

Қарашілік ауылдық округінің әкімі Ыдырыс Сәдуақасовтың бастамасымен басталған тегін медициналық бетперде тарату жұмысы көпшілікке қуаныш сыйлады. Ауылдастары қайырымдылық шарасын ұйымдастырған әкімге, ел қамын ойлаған асыл жандарға дән риза.

– Қарашілік ауылдық округінде сақтық шаралары қатаң сақталуда. Артық жүріс-тұрыс та тыйылды. Тәртіп – бәрімізге ортақ. Елдің амандығын ойлаған әкіміміз Ыдырыс Ғазизұлының ұсынысын үйлерінде тігін машинасы бар қыз-келіншектер қабыл алдық. Медициналық бетпердеге қажетті құрал-жабдықтарды әкімдік қызметкерлері үйге жеткізіп берді. Қарашілік, Сағабүйен, Сағакүрес ауылдарының нәзік жандылары ересектерге, балаларға арналған медициналық бетперде тіктік. Алғашқы өнімді көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға тегін тараттық. Қазір барлық ауыл толықтай медициналық бетпердемен қамтамасыз етілді. Мұндай іске кез келген әйел адам  білек сыбана кіріседі деп ойлаймын. Кезінде апаларымыз, аналарымыз ер-азаматтардың жұмысын да істеді емес пе? Қиналып жүріп жеңіске қол жеткізді. Бұл да бізге берілген уақытша сынақ. Ел болып бірігіп, індетке қарсы тұруымыз керек. Сонда ғана біз індеттің бетін қайтарамыз. Адамзаттың амандығын тілеуден басқа тілек жоқ бізде, – дейді Сағакүрес ауылының тұрғыны Нүрзия Төлеубаева. 

Медициналық бетперде мақта-матадан тігіліп жатыр. Оны жуып, үтіктеп, қайта қолдануға болады. Қайырымды жандардың бұл ізгі істері алдағы уақытта да жалғасын табады. 

Еңлік КЕНЕБАЙ
Ақсу ауданы 

 

Қатысты жаңалықтар

Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.