Талдықорған: +15°C
$ 472.48
€ 550.06
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АРАЛТӨБЕДЕН ФРАНЦИЯҒА ДЕЙІН

18.11.2020
КҮЛТӨБЕ
АРАЛТӨБЕДЕН ФРАНЦИЯҒА ДЕЙІН
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу Алатауының бір бөктерін мекендеген Аралтөбе ауылын Қоянды мен  Сатылы жоталары қоршап жатыр. Сырттан келгендер тұмса табиғаты тамылжыған елді мекенге қатты қызығады. Өйткені, аң-құсы жыртылып айырылған, сан түрлі өсімдіктері мен жеміс-жидегі самсаған өңір көрген жанның көңілін аудармай қоймайды. Осынау шағын ауылда Екінші дүниежүзілік соғысты Франция жерінде аяқтаған ардагер тұрған дегенге екінің бірі сенгісі келмейді. Бірақ, шыны осы.


Осы ауылдың тұрғыны Асқар Оразымбетовтің әкесі Нұрболат ағаның өмірі көпшілікке бірқалыпты әрі тыныш өткен сияқты көрінеді. Еңбекқорлығымен ерекшеленген ол ағаштан неше түрлі зат жасап, темірден түйін түйген ұсталықты меңгерген-ді. Балалары мен жиендерінің етіктерін жамап, шана, арба, үйдің жиһазы секілді керекті құрылғыларды жасап, аттың тағасын соғатын.

Халқымыздың «Жақсы әке балаға қырық жылға азық» деген сөздің жаны бар, әкесінен үйренгенін Асқар әлі күнге қажетіне жаратып келеді. Керек қылса сулы жердің ағашынан доңғалақты арба құрап, иі қанған былғарыдан ат әбзелдерін өзі жасап алады. Баласы Жандоспен бірге «Нұрболат» деп аталатын шағын шаруа қожалығының қажетті техникасын шашып тастап, бұзылған жерін жөндеп, қайтадан оңай жинап алады. «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» дегендей, 1980 жылы зейнетке шыққанға дейін қой бағып, еңбек көрігін қыздырған әкесінің еңбекқорлығының, әділеттілігі мен жомарттығының бұған да ауысқанын көз көргендер жиі айтады.

Иә, тіршілігінде қарапайым ғұмыр кешкен Нұрболат аға жан жары Қалыш екеуі бес ұл мен үш қыз тәрбиеледі. Ұрпағының әрқайсысын биік теректей желкілдетіп өсіріп, құтты орындарына қондырды. 

Өмірлік жары Қалыш еңбек десе жанып түсетін жан еді. Ес білгеннен ауыр еңбектің қазанында қайнаған ол «Аралтөбе» кеңшарының озат сауыншысы саналып, көпбалалы ана атанды. Осылайша ел қатарлы тірлік кешкен Нұрболат ағаның тағдырдың талқысына түсіп, ауыр сынақтан өткенін көпшілік біле бермейді. Ондай ауыр күндерді ол Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде басынан өткеріпті.

Үлкен бауыры Нұрбосын, әпкесі Гүлжауһар үшеуі ерте жетім қалды. Бірақ жетімдіктің зардабын тартпапты. Шиеттей балаларды тағдырдың тастақты жолына салмаған туыстарына рахмет! Содан да болар, қаршадайынан бір-біріне жанашырлық танытып, өзара демеу қажеттігін айтқызбай ұқты. Содан кейін де шығар, Нұрбосын 1937 жылы әскер қатарына алынғанда ол отбасы, бала-шағасын інісі Нұрболатқа аманаттайды. Алайда тура бір жылдан соң, 1938 жылдың қоңыр күзінде Қоғалы аудандық әскери комиссариатынан келген шақыртумен Нұрболат та әскерге алынады. 

Қызыл Армияда денелі келген, қарулы, тәртіпті жас жігіт командирдің көзіне тез түседі. Қолы қалт еткенде казарманың қызыл бұрышында бауырына хат жазып отыратын Нұрболат өз басындағы жағдайдың бәрі тамаша екендігін суреттейтін. Нұрбосын жазған жауап хатында көбіне әскери қызметін абыроймен атқарып жатқандығын айтатын. Әрине, екеуі де елді сағынып жүргендіктерін, үйге оралып, туған жерге маңдай терін сіңіріп, еңбектенгісі келетіндіктерін жазудан жалықпайтын.

Алайда Екінші дүниежүзілік соғыстың жалыны Нұрбосынның арманын адыра қалдырып, майдан даласында мәңгілік қалдырды. Соғыста жан қиған бауырының отбасы мен әпкесі Гүлжауһардың бала-шағасын бағып-қағуды Нұрболат өз мойнына алады. Зайыбы Қалыш екеуі балалардың аяғынан тік тұруына көмектесіп, әрқайсының үйлену тойына дейін жасап береді. Әрине, мұның бәрі Кеңес одағының 27 миллион адамының өмірін қиған қанқұйлы соғыс біткен соң ғана жүзеге асты.

Сөйтіп, 1939 жылы әскерге алынған Нұрболат Уразымбетовтің (оның тегі әскери билеті мен паспортында, еңбек кітапшасында және зейнеткерлік куәлігінде солай жазылып кеткен) жауынгерлік жолы сол жылдың 30 қарашасында басталған кеңес-фин соғысына тап келеді. Ол қызмет еткен атқыштар батальоны Фин шығанағы мен Ладога көлін жалғаған Маннергейм шебін алу үшін болған соғысқа қатысады. Бұл соғыстың 1940 жылғы 12 наурызда аяқталуына байланысты атқыштар батальоны тұрған орнына оралып, жауынгерлер терең тыныс алады. Алайда 1941 жылғы 22 маусымда Кеңес одағына фашистік Германияның соғыс ашарын ешкім болжап білген жоқ-ты.

Дүниені дүрбелеңге түсірген Екінші дүниежүзілік соғыс 1418 күн мен түнге созылып, талай боздақтың жанын қиды. Атқыштар батальонының қатардағы жауынгері Нұрболат Уразымбетов соғыстың алғашқы күндерінде Смоленск облысындағы Вязьма қаласы үшін болған қанқасап ұрысқа қатысады. Кеңес одағының астанасы Мәскеу қаласына қарай өршелене ұмтылған жауға қасқая қарсы тұрып, жан алып, жан берген ұрыстан Жаратқанның жәрдемімен тірі қалады. Кейіннен сол ұрыстың жай-жапсарын бағамдаған әскери тарихшылар Вязьманың түбіндегі соғыста кеңес әскері мен офицерлерден құралған жеке құрамның 90 пайызға жуығының қаза тапқанын растайды. Осынау қанқұйлы ұрыста ауыр жараланған Нұрболат командирімен бірге тұтқынға түседі.

– Әкеміз соғыс туралы айтқанды ұнатпайтын, – деген Асқар Нұрболатұлы өткенді еске алады. – Сондықтан не болғанын білмейміз. Тек анамыздың кенже інісі Құрманбай ағаның арқасында әкеміздің үш рет тұтқынға түсіп, үш рет қашып шыққанын білдік. Толыстағы милиция полковнигі Құрманбай аға ардақтымыздың өткен өмірі жайлы кітап жазған болатын. Сонда кезінде әкемізден естіген әңгімесін тәптіштеп жазып шығыпты…

Иә, кейінгі ұрпақтың біле жүруі үшін пайдалы еңбек қалдырған Құрманбай ағаға рахмет! Оның естеліктерінен тұтқыннан алғаш қашып шыққан Нұрболаттың өз командирімен бірге Сібір мен Қиыр Шығыс өлкесінде Кеңес үкіметінің орнауына үлес қосқан қолбасшы Сергей Лазо атындағы партизандар отрядына қалай қосылғанын, сол отряд құрамында белорус орманында фашистерге қарсы қалай соғысқанын білдік.

Жастайынан табиғаттың ортасында өскен Нұрболат ит тұмсығы батпайтын қалың орманнан жол табуды оңай үйренеді. Өйткені, өзі туып-өскен өлкенің әрбір соқпағын жетік білетін. Қай тұстан жыртқыш аңның шыға келетінін, қай жерде жидектің қалың өсетіндігін жақсы білетін жауынгердің қарым-қабілеті қажетке жарады. Таудан құлап аққан Көктал мен Кескен Терек өзендері суының көкпеңбек Көксуға құятыны, оның өз кезегінде Қараталға қосылып, Балқаш көліне қарай жол шегетіндігі көкейінде сайрап тұратын. Табиғатты сезіну, жер бетіне түскен әрбір ізді анықтау, қалың нуды кезіп өткен қандай аң екенін ажырата білу Нұрболаттың белорус орманында тірі қалуына септігін тигізді. Бұған өзі ғана емес, отрядтағы әрбір партизан шүкіршілік ететін. Себебі, иіс сезгіштігі мен табиғат қабағын танығыштығы жауынгерлерді талай зобалаңнан аман алып шыққан-ды.

Нұрболат Минск облысындағы Борисов қаласының түбінде сатқындықтың кесірінен екінші рет тұтқынға түседі. Алайда ретін тауып, қамаудан қашып шығуға мүмкіндік алады. Сөйтіп, белорус орманында партизандық соқпаққа қайта түскен Нұрболат ниеттес достарын жан тазалығымен, ақкөңілдігімен, көзсіз батырлығымен, түн қараңғылығында, қандай қауіп-қатерде де селт етпес қайсарлығымен, алысты болжағыш тапқырлығымен тәнті ете түседі.

Тұтқынға үшінші рет түскенінде қамаудан бірден қашып кете алмапты. Бірақ қамауда жатса да ерекше тапсырма алып, көздеген мақсатына жетеді. Ондай тапсырманың бірі – фашистердің кеңес әскеріне қарсы қою үшін түркі тектес халықтар өкілдерінен құрған Түркістан легионының жағдайы қандай екендігін білу болатын.

Бұл тапсырманы оның қалай орындағанын мына бір жайттан білуге болады: 1944 жылғы жазда Түркістан легионының қатарындағылар фашистерді қапыда қалдырып, қару-жарақтарын, құнды құжаттарды тартып алған күйі Жерорта теңізінің жағалауында фашистермен соғысып жүрген француз партизандарына барып қосылады. 

Оларға Жеңіс туралы хабар Франция жерінде жүргендерінде жетеді. Содан партизан Нұрболат Уразымбетов француз партизандарының қатарында соғысқан Түркістан легионының басқа да мүшелерімен бірге КСРО-ға қайтарылады. Әбден тергеліп, қатаң тексеруден, іріктеу комиссиясының сұрауынан алдымен өткендердің қатарында Нұрболат Уразымбетов те болды. 

Оның бірнеше рет тұтқынға түссе де мойымай дұшпанмен ерлікпен шайқасқандығы, қайтпас қайсарлығы әскери басшылық тарапынан ескерусіз қалмай І дәрежелі Отан соғысы орденімен, ІІ және ІІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталады. Кейіннен Жеңістің 20 және 50 жылдық мерекелік медальдарын кеудесіне қадаған кейіпкеріміз өмірлік жарымен бірге «Еңбек ардагері» медалін де алады. Ал, Қалыш апайдың үш дәрежелі «Ана даңқы» орденін иеленгені өз алдына бөлек әңгіме.

Осылайша өз өмірлерін абыроймен өткізген Нұрболат аға мен Қалыш тәтенің соңынан ерген үрім-бұтағы қанатын кеңге жайған бәйтерек секілді тамырын тереңге салып, өсіп-өніп отыр. Олардың ғибратты ғұмыры немерелері мен шөберелеріне үлгі-өнеге.

Қабдрахман Наурызбаев
Аралтөбе ауылы,
Кербұлақ ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

25.05.2026
Жетісуда 14-17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация басталды

Жетісуда 14-17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация басталды

25.05.2026
15603 әскери бөлімінде мерзімді қызмет сарбаздарын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

15603 әскери бөлімінде мерзімді қызмет сарбаздарын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

25.05.2026
«Жетісудың» капитаны Ұлттық құрамаға шақырту алды

«Жетісудың» капитаны Ұлттық құрамаға шақырту алды

25.05.2026
Көлік нөмірі мен жүргізуші куәлігін алудың жаңа ережесі күшіне енді

Көлік нөмірі мен жүргізуші куәлігін алудың жаңа ережесі күшіне енді

25.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.