Талдықорған: +31°C
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АҚША БҰЛТТАН АРЫ АСЫП, КӨК ЗЕҢГІРМЕН ЖАРАСЫП

31.01.2019
КҮЛТӨБЕ
АҚША БҰЛТТАН АРЫ АСЫП, КӨК ЗЕҢГІРМЕН ЖАРАСЫП
WhatsAppTelegramFacebook

   Еліміздің өркендеуінің  жарқын мысалын облыс орталығы Талдықорған қаласының көркеюінен көруге болады. Қызылды-жасылды көше шамдары самаладай жарқыраған шаһар айшығы жұрт назарын аударып, шетелдік туристердің қызығушылығын оятып отыр. Осындай шуақты кезеңде қала әуежайы да дамудың жаңа деңгейіне көтеріліп, Чехиядан шағын ұшақтар сатып алды. Облыс орталығынан Астана, Алматы, Өскемен сынды қалаларға қысқа уақытта жетуді ойластырған жолаушыларға  қалтқысыз қызмет көрсететін «Жетісу» әуекомпаниясы» АҚ туралы компания басшысы Қалмұхамет Дөңсебаев әңгімелейді.

 

– Әр мекеменің өзіндік тарихы, қалыптасу кезеңі, өнегеге толы өткені бар. Ондай мәліметтер көпшіліктің қызығушылығын оятып, тың деректерге қанығуға септігін тигізеді. Ендеше, алғашқы сұрақты Талдықорған әуежайының тарихына арнасақ. Әуежай қашан құрылды, қай уақыттан бастап жолаушы тасымалдап келеді?
– Өткен ғасырдың 30-шы жылдары азаматтық авиацияның ұшақтары Талдықорған қаласына тоқтап, аз уақыт дамылдаған соң қайта ұшып отырған. 1936 жылы қазіргі облыс орталығындағы 5 ықшамауданы орналасқан аумақта алғашқы шағын әуежайдың қазығы қағылады. Алғашында Алматы – Үшарал – Аягөз бағытында пошта тасымалдаған «ПО-2» деп аталған ұшақ Талдықорғанға қонып, қажетті жанар-жағармай құйып алатын. Сөйтіп, алғашқы ұшақтар шалғайдағы халықтың жаңалығын орталыққа, орталықтан шыққан түрлі бұйрықтар мен қаулыларды шекараның шетінде жатқан жұртшылыққа жеткізіп отырған. 1946–1947 жылдары алғашында екі адамнан жолаушы тасымалдаған «ПО-2» ұшақтары топырақ алаңнан көкке көтеріліп, ешқандай радиобайланыссыз ұшып отырған. Метеорологиялық өзгерістерге қарамастан ел ішін байланыстырған ұшқыштардың сол жылдардағы қызметін ерлікке балауға болады. Талдықорғандағы «ПО-2» ұшақтары 1952 жылы шағын авиаэскадрилья жасақтап, айтулы мерекелерде көкке самғап шеберліктерін  көрсетіп отырған. Кейінгі жылдары Талдықорған әуежайына «Як-12» және «Ан-2» ұшақтары келе бастайды. Көпшілік «кукурузник» аталып кеткен «Ан-2» ұшақтарын жақсы біледі. Кейіннен Чехославакияда шығарылған «Морава» ұшақтары халықтың игілігіне жарады. Одан кейінгі 60-шы жылдары «Қазақстан әуежолы» мекемесі Талдықорғаннан рейстер ашып, Алматы – Талдықорған – Қостанай – Мәскеу бағытында жолаушы тасымалдай бастады. Одан соң «Боралдай авиа» компаниясы «АН-24» ұшақтарымен Талдықорған – Павлодар, Талдықорған – Семей маршруты бойынша қызмет көрсетіп, халықтың ықыласына бөленді. 1977 жылы «ЯК-40» ұшақтарын сатып алған Талдықорған әуежайы шағын ұшып-қону жолағын едәуір ұлғайтып, «ИЛ-2», «ИЛ-14» сынды алып ұшақтардың қонуына мүмкіндік ұсынды. 
 Қазақстан Республикасы өз алдына дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін жариялаған соң азаматтық авиация дамудың жаңа сатысына қадам басты. Алғашында «ЭйрАстана» авиакомпаниясы сынды түрлі компаниялар ашылып, еліміздің әуе кеңістігінде жолаушы тасымалдауды өз деңгейінде атқарып келеді. Солардың қатарында «Жетісу» авиакомпания» АҚ-да өз қадерінше жұмыс атқарып, көпшілік көңілінен шығуда. 
Қазіргі күні барлық әуежай  халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетуі тиіс екендігі белгілі. Соған байланысты облыс әкімдігінің қолдауымен ұшып-қону жолағы ұлғайтылып, әуежай ғимараты жаңартылды, соңғы үлгідегі заманауи техникалар алынды. Соның арқасында қазір әлемдік байланыстарды қамтамасыз ете алатын кез келген ұшақтарға қызмет көрсете аламыз. Яғни, «Руслан» сынды жүк тасымалдайтын алып ұшақтардың қонуына да мүмкіндік бар. Одан бөлек, өзіміздің «Як-40» ұшақтары мен «Скат» әуекомпаниясының ұшақтары Астана – Талдықорған – Астана маршруты бойынша жолаушы тасымалдаумен айналысады. Былтыр Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Азаматтық авиация комитеті жергілікті шағын авиацияны дамыту мақсатында «Жетісу» авиакомпания» АҚ-ын таңдап алды. Бұл біз үшін үлкен сенім мен жауапкершілік. Осыған орай жолаушы тасымалы бағытын ұлғайту үшін Чехияның «L-410» маркалы екі ұшағын сатып алдық. Жоспар бойынша биыл жоғары санатты үш ұшақ алуды мақсат етіп отырмыз. Яғни, «Эмбрайер» секілді 50-70 орындық ұшақ алсақ па деген ой бар. Ал, жаңадан алған екі «L410» ұшағы 19 жолаушы тасымалдай алады. Оның біреуін санитарлық авиацияға пайдалануды көздеп отырмыз. Дәл қазір екі ұшақ та жабдықталу үстінде. Алдағы наурыз айының басында маршрутқа шығып, жолаушы тасымалына кіріседі.

– Ұшқыштарға үлкен жауапкершілік, мол сенім артылатыны белгілі. Талдықорған әуежайында қанша ұшқыш жұмыс істейді?
– Былтыр ұшқыштарымыз жұмыспен толық қамтылып, жолаушы тасымалын абыроймен атқарды. Биыл жаңадан келген ұшақтарды басқаратын алты адамды Чехияға оқуға жібердік. Олардың бәрі де қазіргі халықаралық талаптарға сәйкес ағылшын тілін меңгерген мамандар. Оқуларын бітірген соң алынған ұшақтарды маршрутқа шығарады деп сенеміз. Жалпы, «Жетісу» авиакомпаниясы» АҚ-да еңбек ететін 100-ден астам қызметкердің бәрі қажетті айлық жалақымен қамтылған. Жылдық жоспарымызға сәйкес маршруттарымызды жандандырып, ұшқыштарымыз «Як-40» және «L410» ұшақтарымен жолаушы тасымалын жалғастырады.

– Жалпы, Талдықорған қаласынан шығатын маршрут саны қанша? Қандай қалалармен байланыс орнатылған?
– Қазір ұшақтарымыз Астана – Талдықорған бағытына аптасына 7 рет қатынайды. Ал, алдағы көктемнен бастап Астана – Үшарал, Талдықорған – Үшарал, Үшарал – Алматы бағыттары бойынша аптасына 4 рет тұрақты маршруттар ашылады. Енді бір ұшақты санитарлық авиация мақсатында Астана әуежайына қоймақшымыз. Яғни, ол санитарлық авиация қызметін атқарады. «Жаман айтпай жақсы жоқ» деген сөзді айтқан ата-бабаларымыздың ізін жалғасақ, қоғам болған соң түрлі жағдайлар кездесетіні шындық. Соған дайын болу мақсатында санитарлық авиацияны қолдану әлемдік тәжірибеде бар. Біз де содан шет қалмау үшін осындай қадамға барып отырмыз.

– Әуежай жұмысының жандануы ең алдымен жолаушы санына тікелей байланысты. Жолаушысы көп әуежайдың өзге аймақтармен қарым-қатынасы жиілейді. Жалпы, Талдықорған әуежайы жыл сайын қанша адамға қызмет көрсетеді?
– Иә, оныңыз рас. Жыл сайын мыңдаған адамға қызмет көрсетіп, көпшіліктің ризашылығын аламыз. Мысалы, былтыр біздің әуежай арқылы 40 мың адам сапарлаған. Биыл да осы межеден асыруды көздеп отырмыз. Өйткені, іргедегі Алакөл аймағына 1 миллионнан астам турист келіп, шипалы судың қызығын көріп қайтты. Осы жылы да туристердің қарасы былтырғыдан көп болмаса кем болмайтыны анық. Біздің ұшақтарымыздың былтырғы шомылу мауысымында, яғни, шілде, тамыз айларында Үшаралға көптеген жолаушыны жеткізгені белгілі. Биылғы межені одан да асырамыз ба деген ой бар. Оның үстіне, жылдан жылға дамып келе жатқан Алакөл ауданына барушылардың қатарына шетелдіктер де қосылып отыр. Олардың басым бөлігі көршілес Ресей Федерациясынан екенін айтып өткім келеді.

– Маршрутты кеңейту, бағыттар санын арттыру бойынша қандай жұмыстар атқарылуда? Жалпы, бұрын Алматы облысының шалғай өңірлеріне де ұшақтар қатынайтын. Сіз айтқан Үшарал қаласында, Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылында, Қаратал ауданының Көпбірлік ауылында шағын әуежайлардың жұмыс істегені белгілі. Соларды қайтадан іске қосу, жаңғыртып, дамыту ойда бар ма?
– Біздің алдағы жылдарға қойған ұзақ мерзімдік жоспарларымыздың қатарында бір кездері жолаушы тасымалдап, халыққа хат-хабар жеткізіп отырған шағын әуежайларды жандандыру, іске қосу жұмыстары бар. Жақында Чехиядан сатып алған «L410» ұшақтары сол маршруттарға арналған. Қазіргі күні облыс әкімдігімен бірлесіп, Жаркент, Кеген өңірлеріне әуежай ашу туралы мәселені қарастырып жатырмыз. Балқаш көлінің жағасындағы Көпбірлік, Саяқ әуежайларына «АН-2» ұшақтары қатынап, түрлі ауылшаруашылық мақсатындағы жұмыстарды атқарғанын көпшілік жақсы біледі. Сол аэродромдар әлі бар. Соларды іске қосу жөнінде жұмыстар істеліп жатыр. Оған облыстық бюджеттен қаржы қарастырылуда. Егер олар іске қосылып, ел игілігіне жарар болса биылдың басты жаңалығына айналары сөзсіз.

– Ендігі сұрақ өзіңізге арналады. Ұшқыш ретінде ұшақтарды тізгіндеудің әсері айтып жеткізгісіз шығар? Зау көкке шығу, бұлттар ғана жүретін биіктікті бағындыру шынында қандай әсер қалдырады?
– Әр баланың көкірегін тербеген арманы болады ғой. Әсіресе, КСРО-ны көрген балалардың басым бөлігі ұшқыш, ғарышкер болғысы келетін. Мен де бала күнімде ұшқыш болуды армандадым. Күндіз алтындай, түнде күмістей көрінетін Қаратал өзенінің етегінде орналасқан Үштөбе кентінде балалығым өтті. Шыбықты ат қылып мініп, көшенің шаңын бұрқыратып жүрген күндерде аспаннан қос жолақты із қалдырып ұшқан ұшақтарды көрген сайын көңіліміз алабұртып қалатын. Оның үстіне үлкен ағам авиация саласында еңбек етіп, ғұмырын ұшқыштыққа арнаған жан. Мектепте жүргенде-ақ сол кісінің жолымен жүруді мақсат еттім. Соған байланысты жастайымнан спортты жаныма серік етіп, ұшқыш болуға талпындым. Өмірімнің 25 жылы ұшақ штурвалында өтті. «АН-2» ұшағымен алғаш көкке көтерілгенім әлі күнге есімде. Одан соң «Як-40» ұшағын тізгіндеуге қатысып, ұшақ командирі болдым. Еңбегім ақталып, абыройым асқақтады. Міне, Талдықорған әуежайын басқарып отырғаныма 20 жылдан асып кетті.

– Әдетте әскери ұшқыштардың кәсібилігі сағатпен есептеледі. Азаматтық авиацияда ондай есеп жоқ па?
– Иә, бізде де сағатпен есептеу бар. Менің көкке көтерілген сағатымды есептесем, 25 жылда 10 мың сағат ұшыппын, аспанда 10 мың сағатымды өткізіппін. Шырқау көктен қара жерге аман-есен табан тіреп, бүгінгі күннің қызығын көріп отырмыз.

– Ұшақ штурвалына отырғанда қандай ой келеді?
– Ұшқыш үшін күнделікті тіршіліктің күйбеңін жерге қалдырып, белгілі бір бағытқа шыққан жолаушыларды жетер жеріне аман-есен апарудан басқа қымбат нәрсе жоқ. Одан басқаны ойлауға мұрсат та болмайды. Меніңше, ұшқыш үшін әрбір жолаушының амандығынан артық мақсат та, мұрат та болмауы тиіс. Соларды аман жеткізіп, ұшақты талапқа сай қондырсақ деген ойдан асыл нәрсе болған емес өз басымда. Қазір жиналыс өткізген сайын әуежайымыздың ұшқыштарына: «Ең алдымен сапарларыңыздың сәтті болғанын, аман ұшып, сау қонғандарыңызды ойлаңыздар! Қалған мәселенің бәрін жерге тастап кетіңіздер!» – деп ескертіп отырамын. Өйткені, әрбір ұшқыштың артында 10-нан 50-ге дейінгі жолаушының тағдыры тұр. Солардың амандығы алдыңғы орында тұру керек. Бізге солай үйреткен, біз де кейінгі ұшқыштарға солай үйретуге тырысып жүрміз. 
 Әрине, қазіргі жастардың көзқарасы бөлек, алдымен ақшаны ойлап тұратын мамандар да жоқ емес. Өз басым соңғы 20 жылдың ішінде көптеген қазақтың жастарына тәрбие беріп, ұшқыш мамандығының қыр-сырын үйреттім. Солардың бәрі де еліміздің әр тарапында жұмыс істеп, «Эйр Астана» әуекомпаниясының «Боинг», «Эйрбус» сынды ұшақтарында борт командирі болып жүр. Әр жаңа жыл сайын телефон шалып, құттықтап жатады. Осы жылдар ішінде есептеп қарасам, 100-ге жуық ұшқыштың кәсіби тұрғыдан жетілуіне көмектесіппін. Оның ішінде бауырым мен қарындасымның балалары да бар. Олар да қазір «Эйр Астана» әуежайында ұшқыш болып қызмет етеді. Сол себепті, ел ішінде «авиациялық отбасы» деп аталған біздің әулет ұшқыш боламын деген жастардың тілегіне қолдау көрсетуден танған емес. Осының өзі үлкен мақтаныш. Үлкен ағам Қалқаман Қызылорда, Астана әуежайларын басқарған адам. Одан кейінгі ағам Әлмұхамед те авиация саласында еңбек етіп келеді. Менен кейінгі інім Арман да ұшқыш. Бәріміз осы авиация саласынан жетістікке жетіп, көпшіліктің ықыласына бөленіп отырмыз.

– Балаларыңыз ше? Немерелердің ұшқыш болғысы келетіндері бар ма?
– Өз балам Талғат басқа саланы таңдап, мұнай-газ саласының инженері атанды. Мәскеу университетін бітіріп, сол саланың жұмысын жандандыруға үлес қосып жүр. Одан кейінгі балаларымның ішінде «Әкем сияқты ұшқыш боламын!» дейтіндері де бар. Көреміз енді қалай боларын… Ал, жастарды тәрбиелеу менің басты мақсатымның бірі. Кеңес одағының кезінде қазақтың балаларына ұшқыш болу өте қиын еді. Оны өз басымнан өткергендіктен жақсы білемін. Сондықтан еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап қаракөздеріміздің осы саланы меңгеруіне көмектесіп келеміз. Қазіргідей жаңа технологиямен жабдықталған ұшақтарды тізгіндеуге де мүмкіндік бар. Тек ықылас болса болғаны. Қалғаны тынымсыз еңбек пен талмай оқудың арқасында келеді.

– Талдықорған әуежайына әлемдегі алып ұшақтардың қатарына жататын «Руслан» ұшағы да қона алады деген сөз жиі айтылады. Сол қаншалықты рас?
– Рас айтылған сөз. Әуежайымызға 2011 жылы Қорғаныс министрлігінің қолдауымен жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2,5 шақырымға тең ұшып-қону жолағы 3 шақырымға ұзартылды. Ені 60 метрге тең. Сондықтан Талдықорған қазір барлық деңгейдегі ұшақтарды, оның ішінде жүк тасымалдайтын ұшақтар да бар, қабылдай алады. Сол арқылы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін әуежайлардың бірінен саналады.

– Алматы облысының Қытай, Қырғызстан секілді мемлекеттермен шектесетіні белгілі. Ресей Федерациясы, Моңғолия елдері де аса алыс емес. Сондай елдермен халықаралық маршрут қалыптастыру ойда бар ма?
– Әрине, Ресеймен арадағы байланыс орнатылды. Былтыр Алакөлге келген туристерді биыл да тасымалдау жоспарымызда. Қытай Халық Республикасымен байланыс орнату біз үшін тиімсіз. Себебі, 180 шақырым жерде халықаралық Алматы әуежайы тұр. Оның жылдар бойы қалыптасқан, орныққан маршрутымен бәсекеге түсе алмайтынымыз анық. Ертеректе Талдықорған – Өскемен –Новосибирск бағыты жұмыс істеген. Сол бағытты жандандыруды алдағы күндердің еншісіне қалдыра тұрайық. Ал, өткен ғасырдың 70-ші жылдары Моңғолия Халық Республикасымен авиабайланысымыз болған. Онда да көршілес мемлекетке санитарлық мақсатта, ауылшаруашылығын дамыту мақсатында қолдау көрсетіліп, ұшақтарымыз қызмет жасаған. Әзірге ол бағытты іске қосу жайында айтуға ертерек. Дегенмен, уақыты келгенде орындалуы мүмкін.

– Ендеше, ойлаған ойларыңыз жүзеге ассын деген тілекпен сұхбатымызды аяқтайық. Алтын уақытыңызды бөлгеніңізге рахмет!

Сұхбаттасқан 
Мәди Алжанбай

Қатысты жаңалықтар

Нобель иегерімен жүздесу

Нобель иегерімен жүздесу

22.06.2026
Колледждерде құжат қабылдау 25 маусымда басталады

Колледждерде құжат қабылдау 25 маусымда басталады

22.06.2026
Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

22.06.2026
Елімізде балалар спортын қолдауға 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Елімізде балалар спортын қолдауға 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

22.06.2026
Бақытжан Бектенов. Намыс жеңіске жетелейді

Бақытжан Бектенов. Намыс жеңіске жетелейді

22.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.