Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛАДЫ

11 сәуір 2020
КҮЛТӨБЕ
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жуырда жазиралы Жаркент өңірінде «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында «Универсал» ЖШС жұмысшылары мен ауданның аз қамтылған, көпбалалы, көмекке мұқтаж азаматтарына қайырымдылық акциясы өткізілді.


Шара алдымен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кеңсесінде бастау алып, бұл басқосуды партияның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Талғат Өмірәлиев кіріспе сөз сөйлеп ашты. Ол дүниежүзінде орын алған індеттің салдарын тілге тиек етіп, осындай қиын кезеңде қоғамның аз қамтылған әлжуаз топтарына материалдық және азық-түлікпен қолдау жасау шараларын сараптап өтті.

Жиында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев өткізіліп отырған акцияның мақсаты мен маңызын саралап сөз сөйледі. Сонан соң осында шақырылған бір топ көпбалалы аналар, мүгедек жандар мен аз қамтылған отбасыларға арнайы қораптарға біркелкі бөлініп салынған қант, өсімдік майы, кеспе, тағы басқа да күнделікті тұрмыста қолданылатын азық-түлік топтамасы тапсырылды. 

«Универсал» ЖШС-інде осындай шағын жиын өткізіліп, Закир Кузиев, Серік Ақсубаев, Мұрат Аубакиров, Тасқын Жапарқұл, тағы басқа да кәсіпкер азаматтар жинаған 12 миллион теңгеге сатып алынған азық-түлік топтамалары өңірдегі аз қамтылған 1600 отбасына таратылды. Бұған дейін «Ернар» ЖШҚ төрағасы Тасқын Жапарқұл Талдықорған мен Жаркент қаласының базарларына 150 тонна картоптың килесін 70 теңгеден таратқан болатын.

Жалпы, Алматы облысы бойынша «Біз біргеміз» республикалық акциясы бойынша 19 наурыз – 8 сәуір аралығында «Nur Otan» партиясы және оның жастар қанаты аймақтық және аумақтық филиалдары арқылы кәсіпкерлердің қолдауымен аз қамтылған отбасыларға 32 миллион теңгенің көмегі көрсетіліпті. Сонымен қатар, партия белсенділерінің бастамасымен 64582 бетперде тігіліп, халыққа таратылды.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20
Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.