Талдықорған: +21°C
$ 466.08
€ 538.56
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ИНВЕСТИЦИЯ — ИГІЛІКТІ ІСТЕР АРНАСЫ

24.05.2024
КҮЛТӨБЕ
ИНВЕСТИЦИЯ - ИГІЛІКТІ ІСТЕР АРНАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі  Бейбіт ИСАБАЕВ арнайы іссапармен  Ақсу ауданына барды. Аймақ басшысы алдымен  аудандық орталық аурухананың күрделі жөндеу жұмысымен танысты. Одан кейін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша  қабылдап,  Қобызшы Молықбай атындағы Мәдениет үйінде халықпен кездесу өткізді. Жиында облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруы бойынша қолға алған шараларға тоқталды. Түстен кейін Бейбіт Өксікбайұлы Балқаш көліне дейін салынып жатқан жолдың құрылысымен танысып, көл жағалауына инфрақұрылым  тарту мәселелерін таразылады. 


БАЛҚАШ ЖАҒАЛАУЫ ЖАНДАНАДЫ

Балқаш көлі – Жетісудың туристік әлеуетін жақсартатын табиғаттың тартуы. «Алматы – Өскемен, Лепсі – Ақтоғай» тас жолының құрылысын көруге арнайы барған облыс әкімі Бейбіт Исабаев мердігер мекеменің өкілдерімен кездесіп, кеңес өткізді.

Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін көл жағалауын жандандырудың маңыздылығына тоқталған Бейбіт Өксікбайұлы алдымен инфрақұрылымды жақсарту керек екенін айтты. 

– Су, кәріз, электр қуатын тартуымыз керек. Жол салу жұмысының уақыты ұзаққа созылып кетті. Биылдан бастап курорттық аймақты игеруді бастаймыз. Лепсіден су, электр қуатын тартамыз. Келесі жылы бизнес-жоспарға сай инвестициялық жобаларды іске асырамыз. Инвесторларға жерді бөліп береміз. Алдағы 10 жылдың жобасы жасалуда. Бір тәулікте 10000 адамның демалуына мүмкіндік жасалса, жақын ауылдардағы халықты жұмыспен қамтуға мол мүмкіндік туады, – деді аймақ басшысы.

Молалы айналма жолынан Балқаш көліне дейін жүргізіліп  жатқан жол құрылысының басталғанына 6-7 жыл болды. Толық пайдалануға берілуін көпшілік тағатсыздана күтіп жүр. Өйткені, құрылысқа пайдаланған шақпақ тастар көліктердің дөңгелегін тесіп, демалуға барған көпшілік  ренжіп қайтады. Ұзындығы 110 шақырымға созылатын жолдың 35 шақырымының асфальт төсеу жұмысы толық аяқталыпты. Айналмадан Матайға дейін сайрап жатқан жол бойына демалатын орындықтар, дәретхана салыныпты. Күрежолдың бойындағы көпірлер де қауіпсіз. Енді 28 шақырымның асфальтбетон жабындысының 2-қабаты төселуде. Қалғанының 2-ші, 3-ші қабаттары қарқынмен салынуда. Суға шомылу науқаны басталғанша бірталай шақырым пайдалануға берілмек. Қалған 42 шақырымын қазан айына дейін қолданысқа беру жоспарлануда. Әкім «Жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығына қазан айынан кешіктірмей діттеген шаруаны аяқтауды тапсырды.

Тағы бір қуантарлық жағдай, Үкімет қаулысына сәйкес Балқаштың 16 шақырымдық жағалауында курорттық-рекреациялық  дамыту жобасы басталды. Инвесторлар келіп, жобаларын қорғады. Бірінші қадам – магистральдік-инженерлік инфрақұрылым жүргізу. Бұл мақсатқа 2,5 млрд. теңге бөлініпті. Аталған істі қолға алған «Сапа құрылыс – 2007» компаниясы атқаратын жұмыстарының жоспарын көрсетті. Көркі мен сәулеті таңдай қақтырады. 

Балқаштың жағалауында туризмді дамытуға қолайлы 600 гектар жер бар. Бүгінде оның 60 гектарында ғана демалыс орындары орналасқан. Ол 21 бөлімшеге бөлінген. Оның 9-ы пайдаланылмай жатыр. Жол бітіп, су, жарық, кәріз жүргізілсе көлдің жағасынан жер алуға ынталы инвесторлар легі ағылары анық. Ал тиімді жоба таңдау ісін әкім республикалық инвестициялық комитетпен бірлесе атқармақ.

Атап өтерлігі, Лепсіден Балқашқа дейін де жол жасалыпты. Жоба құны 4,5 млрд. теңгені құрайтын бұл істі «Казстройцентр» ЖШС жүргізген. Көлге тақтайдай жолмен жүйткіп жетуге болады. Ал суы әзірге салқын болғанымен Балқаш тез жылитын көл. Бұйырса, алдағы айдың ортасында шомылу маусымы ашылады.
Кәсіпкерлер биыл туристердің көп болатынын айтуда. Көлден пайда тауып отырғандар нәпақасының өсетінінен үмітті. Сондықтан  демалушыларды қабылдауға күн-түн демей дамылсыз дайындық жасауда.

КЕМШІЛІККЕ КЕҢШІЛІК
 ЖАСАЛМАЙДЫ
 

Іссапар аясында облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ аудандық орталық ауруханаға барды. Мақсат –  күрделі жөндеу  жұмысымен танысу. Жағдай мәз емес. Құрылысшылар кестеден әлдеқайда кешігуде.  Сүрілген қабырға сол қалпында қотыр аттың арқасындай жауыр болып тұр.  Биыл күзде аяқталуы тиіс жұмыстың уақытында бітпейтінінен сыр береді.  Аталмыш аурухана 1972 жылы салынғаннан күрделі  жөндеу көрмеген.       

Аурухана, әкімшілік блок  және асхана күрделі жөндеуден өткізілуде.  Құрылысшылардың айтуынша,  көктемдегі елді жайлаған қарғын суға байланысты республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы  түспеген.  Жұмыстың қарқынын бағамдаған облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлы «Rakada Group» ЖШС-нің өкілі Ербол Нұрмағамбетовке сын айтты.  «Облыстық бюджеттен құрылыстың 30 пайызына жететін қаржы аудардық. Ал сендер 10 пайыздай ғана шаруа атқарғансыңдар.  Жұмыс істеп жатқан адамдар да көрінбейді. Аурухананың күрделі құрылыс жұмысы уақытында аяқталуы тиіс. Алдымен шатырын жасап алуларың керек. Себебі, күн суығанда жұмыс жүргізу үшін төбелеріңнен қар-су сорғалап тұрмауы тиіс. Ал сендер ғимаратты бұзғансыңдар да жұмысты тоқтатып тастағансыңдар. Сонда келесі жылға қалдырып,  құрылыс материалдары қымбаттады деп шығынды қайта есептетіп, тағы ақша сұрауды ойлап отырсыңдар ма?! Олай болмайды. Жұмысты  кестеден қалдырмаңдар.   Әйтпесе жұмыс істей  алмайды деп үстілеріңнен шағым түсіреміз», – деп құрылыс жұмысының шатқаяқтап тұрғанына реніш білдірді. Шынымен де, ғимарат маңында техника да, адам да көрінбейді. Есік-терезесі алынған ғимарат алқа-салқа қалпында қалған. Ал ауруханада жатқан сырқаттар уақытша «Ақсу агротехникалық колледжінің» жатақханасына көшірілген. Онда барлығы 41 дәрігер еңбек етуде. 

Ауданда барлығы 41 медициналық мекеме жұмыс істейді. Ақсуда  Қапал, Матай  ауылдарында аурухана бар. 11 дәрігерлік амбулатория, 4  фельдшерлік-акушерлік пункт, 23 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетуде. Биыл ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту  «Ұлттық жобасы» бойынша  Жаңалық, Қаракөз, Көкжайдақ, Ашыбұлақ ауылдарында жаңадан медициналық ғимарат салу жоспарлануда. Құрақсу, Қопа, Еңбек ауылдарында блокты-модульдік кешен орнату жоспарланған.  Аудан бойынша,  2023 жылы 37 445 495 мың теңгеге медициналық құрал-жабдық сатып  алынған. 

Байқадам Болатұлының айтуынша, өткен жылы ауданға  үш дәрігер келген. Олар акушер-гинеколог, кардиолог, реаниматолог.  Өткен жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша  9 маманға үй алуға несие беріліп,  17 маманға көтерме жәрдемақы төленіпті.  Жыл басынан бері  тағы 3 маманға  «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен  баспана алу мақсатында 3  көтерме жәрдемақы төленген. Мамандарға арналған 12 қызметтік үй орталық аурухананың есебінде тұр. 
 

КҮДІКПЕН КІРІП, ҮМІТПЕН ШЫҚТЫ 

  Облыс әкімі Бейбіт Исабаев аудан  тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Жылына бір келетін әкім қабылдауына тұрғындар көкейтесті мәселелерін айта келетіні белгілі. Көбі әлеуметтік жағдайына байланысты мәселе қозғайды. Бүгін де солай болды. Алғашқы кірген 3-топтағы мүгедек Арайлым Әбсематова мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана берілсе деген өтінішін айта келіпті. Бюджеттік мекемеде қызмет істегендігі бойынша кезекке тұрған Арайлымға биыл орталықтан 60 пәтер салынатыны айтылды. Көпбалалы ананың алдағы уақытта өз кезегі бойынша жаңа пәтерге ие болуға мүмкіндігі бар.

Жеке қабылдауға келген Айман Қалиолдина өзіне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды сұрады. Бұл орайда облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаевтан көмек тағайындаудың заңдылығын түсіндіруді сұрады.  Маманның айтуынша, мұндай көмек алу үшін ол жұмыс істеуі керек екен. Айман қоғамдық жұмысқа баруға балаларынан шыға алмайтынын, күнұзақ сыртта жүруге мүмкіндігінің жоғын айтты. Сонымен, басқарма басшысы Айманға баспанасына жақын тұрған мекемеден қолынан келетін жұмыс ұсынбақшы. 

Әкімнің қабылдауына келген Жадыра Жолдасова шағын бизнес ашуға қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға  көмек сұрады. Жадыра аудан орталығынан жастарға арналған ойын-сауық орнын ашпақшы.  Былтыр конкурсқа қатысып, өте алмай қалған екен. Жансүгіров ауылында кешке жастар барып  демалатын караоке ашу мақсаты бар. Бейбіт Исабаев: «Бизнес-жоспарыңды қайта қара. Пайдалы жағын жетілдір.  Жоспарыңды осындағы мамандарға тексертіп, конкурсқа қайтадан қатыс»,– деген ұсыныс айтты. Сонымен, Жадыра кәсіпкерлікпен айналысу үшін жоспарын жандандыруға кеңес алды.

Әкімнің жеке қабылдауына келген 3 адам да  көңіліндегі сауалдарына нақты жауап алып, алдағы күндеріне сенім арқалап шықты. 

 ЕЛ ТІЛЕГІ ЕСКЕРІЛЕДІ

 Мұнан кейін халықпен кездескен облыс басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішіне қысқаша тоқталып,  аудан халқы көтерген мәселелердің орындалуы барысында  ақпарат берді.

«Өткен жылы облыс экономикасының өсу қарқыны 117,4%-ды құрады. Бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Салалардың ішінде ауылшаруашылығында өсім  1,8%, өнеркәсіпте  4,4%, тұрғын үйді пайдалануға беру –11%-ды құрады. Сондай-ақ, 350,8 млрд. теңге инвестиция тартылды», – деді.  Аймақ басшысы одан ары қарай  егіс алқабын 6,8 мың гектар,  мал шаруашылығы өнімін өндіруді 1,4%-ға ұлғайту үшін салаға 4,9 млрд. теңге инвестиция тарта отырып, 11 жаңа нысанды іске қосу жоспарланып отырғанын айтты.  

Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібінде  6 нысанды пайдалануға беру және кеңейту қолға алынатынын жеткізді. Жұмыс істеп тұрған «Алацем», «Қайнар АКБ», «Алмаз Керамикс», «ASMA Indastrial», «SSА Feed Mills», «Майями Солар»  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмысы жанданатыны сөз болды.  Жұмысы тоқтап тұрған «Агрокомплекс Жетісу Мажико» кәсіпорнын іске қосу жоспарланатынын қуанышпен жеткізді. Цемент, аккумулятор батареялары, керамика плиткаларын шығару жолға қойылып, құрама жем, күн панельдерінің өндірісі дамытылады. Алда атқарылатын шаруалар әлеуметтік инфрақұрылым нысандары, автокөлік жолдары және теміржол желілері  салынып, инвестициялық жобалар іске асырыла отырып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту көзделуде. Биыл жол салуға 31,7 млрд. теңге қарастырылып отыр. Соған сәйкес облыстық маңызы бар 202 шақырым және 54 елді мекеннің ішкі жолдарын жөндеу жоспарланған.  Жетісудың туристік кластерін дамыту аясында Молалыдан Балқаш көліне дейінгі автожолын салу  толық қабылданады.

«Биыл 2-ші жартыжылдығында «Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбырының құрылысын бастаймыз. Сөйтіп 2028 жылға дейін Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының 124 мың тұрғыны бар 66 елді мекені, оның ішінде Ақсу ауданының 26 ауылы газға қосылады», – деді  баяндамашы газ тарту жұмысы жайлы сөз қозғап.  

Бейбіт Өксікбайұлы Ақсу ауданында өткен жылы 1 013 ауылшаруашылық субъектілеріне 3,1 млрд. теңге көлемінде субсидия бөлу арқылы қолдау көрсетілгенін айта келіп, биыл  56 жобаға 350 млн. теңге көлемінде шағын несие берілетінін жеткізді. 

Биылғы  көктемгі дала жұмыстары толыққанды жүргізіліп, аяқталды. Жалпы егіс алаңы 129 гектарға ұлғайтылып, 62,4 мың гектарды құрады. Көктемгі дала жұмыстары кедергісіз, сапалы және уақытылы жүргізілуі үшін ауданда 418,7 тонна дизель отынының қоры қалыптастырылды. 

Ақсу ауданы – облыстың қызылша егетін аймақтарының бірі. Облыстағы екі қант зауытының бірі осы ауданда орналасқан. Оның қуаттылығы – 450 мың тонна. 
Соңғы жылдары тоқтап тұрған Ақсу қант зауытын жаңғыртуға  мемлекет тарапынан 12,7 млрд. теңге бөлінді. Қант зауытының орталық жылу электрстансысын жаңғырту мақсатында қуаттылығы 135 тонналық 3 қазандығы  күрделі жөндеуден өтуде. Мердігер –  «TEMEL GROUP STROY» ЖШС, бөлінген қаражат – 1,9 млрд. теңге.  Жоспар бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі – 2024 жылдың  қыркүйек айы. 

Зауыт Ақсу ауданымен қатар көршілес Алакөл, Сарқан аудандарының шаруашылықтарынан қант қызылшасын қабылдайды. Биыл бұл аудандар қант қызылшасын 5,7 мың гектарға екті. Оның ішінде Ақсу ауданының үлесі 2,2 мың гектар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артық. Өнімділікті арттыру мақсатында аудан әкімдігі шаруашылықтармен агротехнологияның сақталуын барынша қамтамасыз ету қажет. Ол үшін қызылша өсіруші 89 шаруашылық жоғары сапалы тұқыммен толық қамтылды. Сонымен қатар, өткен кездесуде көтерілген қант қызылшасы бағытындағы техниканың жетіспеушілігін шешу мақсатында биыл ауданның 7 шаруа қожалығы біріктіріліп, 3 сервистік-дайындау орталығы құрылған. Оларға 421 млн. теңгеге 13 сепкіш алынып, шаруа қожалықтарына таратылды. Қосымша «Жетісу» ӘКК АҚ арқылы лизингке 2 комбайн, 2 жапырақшапқыш алынған. Қалған 4 комбайн мен 3 жапырақшапқыш жазда сатып алынбақ. Биыл ауа райы да қолайлы болып тұр. 

СЫН САДАҒЫ

 Жарыссөзге шыққан аудан тұрғыны Мұрат Орманов малға  екпе жасау жұмысының дұрыс жүргізілмейтін айтты. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев  бұл мәселені анықтауды құқық қорғау саласы басшыларына жүктеді.   

Егінсу ауылының тұрғыны Назгүл Әдибаева ауыл әкімінің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. Халық сайлаған әкімнің жұмысына тұрғындар сыншы. Облыс басшысы  аудан әкімі Берік Тынышбаевқа ауыл әкімінің үстінен неге арыз түсіп жатқанын анықтауды тапсырды.  Кінәлі болса шара қолдануды жүктеді.      

 Гүлмира Оспанова облыс деңгейінде мүмкіндігі шектеулі балаларға бір реттік жәрдемақы берілгенін айта келіп, осындай көмекқаржы 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жандарға да берілсе деген ұсыныс айтты. Сонымен қатар аудан орталығындағы көптеген мекемеде пандустың жоқтығына қынжылыс білдірді. Әсіресе, елдің бәріне қажетті Халықққа қызмет көрсету орталығына қоларбамен кіріп-шығатын пандус салынса деген ойын жеткізді. 

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаевқа мекемелерді тексеріп, пандус орнату жайын шешуді тапсырды. Бұл орайда  жекеменшік мекемелерге де қатаң талап қою керек екенін ескертті.

 

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН ИННОВАЦИЯ ТҮЛЕТПЕК

Ақсу ауданы бойынша су үнемдеу технологиясы қарқынды қолданылуда. Биыл су үнемдеу технологиясын 16 шаруа қожалық  2 107 гектар жерге іске асыруда, оның ішінде: 1 622 гектар жаңбырлатып,  485 гектар тамшылатып суару әдісін қолданады. Аймақ басшысы аудан әкімдігі қызылша шаруашылықтарының жазғы жұмысын тиімді ұйымдастыруы тиіс екенін қадап айтты. 

Аудан мал шаруашылығы бағытындағы өңір болғанына қарамастан, өткен жылмен салыстырғанда статистика деректері мен ИСЖ базасы арасындағы айырмашылығына байланысты мал басының төмендеуі анықталған. Мәселен, ірі қара мал 1,8% — ға, ұсақ мал басы 5,0%-ға, құс – 7,6%-ға төмендеген.  
Осындай кемшіліктерді жою үшін республика бойынша ауылшаруашылығы малдарының санағы жүргізілуде.

Сондықтан мал санағын дұрыс жүргізіп, статистикалық есептерге нақты мал басын енгізуді тапсырды. Ірі қара мал бордақылауға арналған (3,5 мың бас) 9 нысанның жүктемесі небәрі 22%-ды құрап отыр (747 бас). Биыл  ауданда 200 басқа арналған 1 бордақылау алаңын ашу жоспарлануда. Осы орайда етті мал шаруашылығын дамытуға жіті көңіл бөлу керегін ескертті.

Тауарлы-сүт ферма бойынша 180 басқа арналған тек 2 нысан бар. Өңірде сүт фермаларын ашуға қажетті жағдайлар бар, алайда ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы дамымай отыр. 

Аудан әкіміне ауылшаруашылығы басқармасымен бірлесіп, жоғарыда аталған кемшіліктерді жоюды және тауарлы-сүт фермалары мен ауылшаруашылық тауарларын өңдеу кәсіпорындарын ашу бағытында нақты жоспарлы шаралар қабылдауды тапсырды.

Ветеринария саласын дамытуға да облыста, ауданда баса көңіл бөлінуде. Былтыр Арасан, Ақсу, Сырттанов ауылдық округтерінде кұны  35,8 млн. теңгеге 3 модульді ветеринариялық пункт қолданысқа беріліп, 3 автокөлікпен қамтамасыз етілді.

Биыл Суықсай, Н. Есеболатов, Көшкентал ауылдық округтеріне жалпы құны 32,9 млн. теңге болатын  3 модульді ветеринариялық пункт салынуда. Аталған нысан шілдеге дейін қолданысқа беріледі. Бұған қоса,1 дана арнайы автокөлік, 17 дана планшет пен 17 дана компьютер жиынтығы беріледі. Осы мақсаттарға жалпы бюджеттен 614,9 млн. теңге бөлінген. 

Ауылшаруашылық жануарларын аса қауіпті аурулардың алдын алу бойынша вакциналауға 2 млн. 20 мың доза жоспарланып, 5 айлық көрсеткіш 80%-ға орындалды. 

Қолдауларға қарамастан жыл басынан мал ауруының 2 қолайсыз ошағы тіркелді. Нақтырақ айтқанда, мүйізді ірі қара малының құтыруы және бруцеллезі, өткен жылы  5 ошақ:  онда құтыру, листерез, пастерелез анықталған. Сондай-ақ, бруцеллез ауруы өткен жылы 140 малдан шықса, биыл 173 басқа дейін өсіп, облыс бойынша көрсеткіштің 30 пайызын құрап отыр. 

Қазіргі уақытта ошақтар сауықтырылды, бруцеллезбен ауырған малдар ветеринариялық талаптарға сай санитариялық союға өткізілді.

Осы орайда аудан әкімдігі мен ветеринария басқармасына аталған ошақтар мен типтік үлгідегі мал қорымдарына қатысты шұғыл шаралар қабылдап, ауылшаруашылық жануарларын уақытылы вакциналау жұмыстарын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Ауданда тұрғындармен жиі көтерілетін өзекті мәселенің бірі – жер мәселесі.  

Өткен жылдан бері пайдаланбай жатқан 95,8 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. 

Биыл пайдаланбаған 8 мың гектар жер қайтып алынды. Пайдаланбай жатқан ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару маңызды жұмыстардың бірі. Осы жерлер қайтарылып, өз шаруашылығын ашамын деген азаматтарға беріледі.  

Ауданда 19,3 мың гектар жерді пайдаланбаған 13 шаруашылық анықталған. Жерді мақсатына сай пайдаланбағандықтан шаруашылық басшылары жауапкершілікке тартылып, 741,4 мың теңге айыппұл салынды. 

Өткен жылы қыркүйекте Матай ауылдық округі бойынша конкурс ұйымдастырылып, қатысушылар қабылданған шешімнің қорытындысымен келіспей сотқа әлі де шағымдануда. Аудандық жер комиссиясының жұмысында кемшіліктер орын алған. 
Сондықтан шаруашылықтар арасында конкурсқа қатысудың ережелері мен өткізілетін құжаттар бойынша түсіндіру жұмыстары тиімді  жүргізілуі керегін және алдағы өткізілетін конкурстар әділ және ашық өтуіне, пайдаланбаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруды, қайтарылған жерлерді қайта айналымға енгізуге тікелей жауапкершілікті аудан әкіміне міндеттеді. 

ӨНДІРІС ӨРІСТІ КЕҢЕЙТЕДІ 

Өнеркәсіп өндірісінде ауданда 11 кәсіпорын жұмыс істейді. Өткен жылы 7,3 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімін өндірген. Биыл 4 айдың қорытындысы бойынша «Ақсу қант» ЖШС өнім өндіруінің нәтижесінде 6,6 есе өсіп, 1,7 млрд. теңгені құраған. 

Жылдың аяғына дейін жалпы құны 40 млн. теңгені құрайтын бір жобаны іске асыру жоспарлануда. Ол — «Көкиірім» ЖШС наубайхана құрылысы, қуаты күніне 1 200 нан, жалпы құны – 40 млн. теңге, 4 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. 

Өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 20,2 млрд. теңге болса, оның ішінде жеке қаражат есебінен 11,6 млрд. теңгені құраған. Осы жылдың 4 айында ауданға жалпы 4 млрд. теңге инвестиция тартылды. Жеке қаражат есебінен 1,3 млрд. теңге. 2023 жылдың тиісті кезеңінен есептегенде 60,7%-ға төмендеген.

Бейбіт Өксікбайұлы тартылған инвестициялар құрылымындағы жеке қаражаттың үлесі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы төмендігін тілге тиек етіп, нәтижелі көрсеткішке жатқыза алмайтынын жеткізді. 

Жалпы аудан аумағында 2024-2027 жылдар аралығында 310 жұмыс орнын құра отырып, 11,8 млрд. теңгеге 20 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Жоба құны – 1,2 млрд. теңге, 79 жұмыс орны болатын «Копал Алтын» ЖШС-ның алтын өңдеу фабрикасын салу. Қазір барлау-іздестіру жұмыстары жүруде.

Аудандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.  Мәселен өткен жылы 82 пәтер берілді, оның ішінде 22 пәтер сатып алынды. Кезекте тұрған әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға  биыл 60 пәтерлі тұрғын үйді сатып алу жоспарлануда. Оған 962,8 млн.теңге бөлінген. Нәтижесінде жыл соңына дейін тұрғын үй кезегі  7%-ға төмендейді деп отыр. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру мақсатында келесі жылы пайдалануға берілетін Жансүгіров ауылында жалгерлік 60 пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысы басталды, жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ, Матай ауылында 112 жеке тұрғын үйдің құрылысына бөлінген 15 гектар жерге инженерлік-коммуникациялық желілердің (сумен, электрмен жабдықтау) құрылысы жүргізілуде. 

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев мұнан кейін ауызсу, жол, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы мен кемшіліктеріне тоқталып, жауапты мамандар мен аудан әкіміне тапсырма жүктеді. Сондай-ақ, аудан тұрғындарының сауалдарына да тұшымды жауап қайтарып, басты  мәселелерді күн құрғатпай шешіп отыруды тапсырды.

Гүлжан ТҰРСЫН

 

Қатысты жаңалықтар

Ақындар алыбын ардақтады

Ақындар алыбын ардақтады

10.08.2026
Ұлт руханиятының темірқазығы

Ұлт руханиятының темірқазығы

10.08.2026
Батадан – береке, сөзден – өнеге

Батадан – береке, сөзден – өнеге

10.08.2026
«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

«Ақыл, қайрат, жүрек» кітап бұрышы ашылды

10.08.2026
Болашақтың берік негізі

Саяси жаңғыру: Құрылтай сайлауы – жаңа басқару моделінің басты сынағы

10.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.