Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Әлеуметтік желі: пайдасы мен зияны

4 маусым 2024
КҮЛТӨБЕ
Әлеуметтік желі: пайдасы мен зияны
WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі таңда ғаламторға деген тәуелділік артып тұр. Оған себеп әлеуметтік желі мен түрлі ойындар.

Көп адам әлеуметтік желіні хабар алмасу үшін пайдаланса, енді бірі қызық көріп, алтын уақыттың қадірін кетіріп жүр десек қателеспеспіз.

Ғаламторды дұрыс пайдалану арқылы ақша табуға болады. Білімін дамытып, шет тілдерді үйреніп, пайдасына жарататындар да жоқ емес. Одан бөлек кез келген кітаптің электрондық нұсқасын оқуға болатын да мүмкіндіктің барын айта кеткеніміз жөн. Бірақ бұрынғыдай кітапханаға барып, кітап оқып отырған жастарды сирек кездестіреміз. Мұны телефонның пайдалы тұсы деп қарауымыз керек. Бұрын оқитын кітап тапасақ, қазір қаптаған кітапты оқитын оқырманның жоқтығы көңілге көлеңке ұялатады.

Телефонға деген тәуелділікті жоюдың сан мыңдаған түрі бар. Мамандар телефонға деген тәуелділік ең бірінші денсаулыққа зиян екенін айтып, дабыл қағуда. Бірақ оған құлақ асып, көңіл бөліп жатқандар шамалы.

Жасөспірімдер әлеуметтік желіні өз пайдасына жаратпайды деп айту да дұрыс емес. Жастармен жағаласып, жасамыстар да осы ауылдың тұрақты тұрғынына айналғаны қынжылтады. «Батыстың әжесі» деген лақап атпен желіккен жастармен желіде отыратын әжелердің қатары да көбейді. Өкінішті-ақ. Ал біз «әже» дегенде көз алдымызға ақ кимешек киген, әдемі қартайған, қалтасына құрт пен тәтісін салған әже елестейді. Немерелерді жанына жинап, ертегі айтып, маңдайымыздан мейірлене сүйіп отыратын әжелерді қазір кездестіру тым қиындап кетті. Бұл ащы да болса шындық. Бүгінгінің әжесі әлеуметтік желінің жетегінде кеткені ұят-ақ. Ақша таппасын демейміз, бірақ халыққа пайдалы дүниелер түсірсе нұр үстіне нұр болар еді.

Қазірден бастап әлеуметтік желіге деген тәуелділіктен арылмасақ, өз-өзімізді жоғалтып, денсаулығымызды құртып алуымыз әбден мүмкін. Сондықтан әр нәрсенің тек өзімізге пайдалы жақтарын қолдана білуіміз қажет.

Зарина БЫЖЫБЕК,
Жетісу университетінің  3 курс студенті

Фото: azattyq-ruhy.kz

 

Қатысты жаңалықтар

Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

28 қараша 2026
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

28 қараша 2026
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

28 қараша 2026
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

28 қараша 2026
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

28 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.