Талдықорған: +26°C
$ 470.80
€ 545.99
₽ 6.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰЛЫЛАРДАН БАТА АЛҒАН

21.11.2020
КҮЛТӨБЕ
ҰЛЫЛАРДАН БАТА АЛҒАН
WhatsAppTelegramFacebook

Әр бұтасына ән қонақтап, әр сайына жыр ұялаған, өлкесіне өлең қонып аттанған киелі өңір – Жамбыл ауданының қасиетті бір бұрышы Үмбетәлі ауылы дер едім. Үмбетәлі Кәрібаев пен Әсімхан Қосбасаровтай Халық ақындары шыққан, кезінде Қанипа Бұғыбаевадай ақын мен Уәли Бекеновтей шертпе күйдің шебері, Қилан Сәрсембиевтей домбырашы, сазгер, басқа да қаншама өнер саңлақтары тұрған, ғарышкер Талғат Мұсабаевтың кіндік қаны тамған бұл ауылдың қасиетін сөзбен айтып жеткізу қиын. Мұндай саңлақтар қатарын қазақтың талантты ақын қызы, осы ауылдың келіні Надежда Лушникова толықтыра түседі.


Осыдан біраз жыл бұрын Алматы облысының Жамбыл облысындағы мәдени күндері дүркіреп өткен болатын. Сол жолы тараздықтар Жетісу жерінен барған бір топ өнер қайраткерлерін ерекше құрметпен қарсы алды. Әлімқұл атамызды көргенде Жамбыл жәкеміздің өзін болмаса да көзін көргендей болған жұртшылық орындарынан тік тұрып ұзақ қол шапалақтады. Әлімғазы Райымбеков атамыз таудай тұлғасымен орнынан көтерілгенде көпшілік Тайлақтың жас кезімен – өздерінің жастық шақтарымен қайта жолыққандай болып тағы да дүр көтерілген. Дәл осындай құрметті Надежда Андрейқызы Лушникова көргенде менің онсыз да асқақтап тұрған көңілім ғарыш жүзіне шарықтап кеткендей болды. Мектептегі ұлағатты ұстазым, алғашқы өлеңімді тыңдап, ақ батасын берген апайым мұндай құрмет көріп жатса қалай толқымассың?!

Надя апайымыз бізге біраз уақыт сынып жетекшісі болып, қазақ әдебиетінен сабақ берді. Осы аз ғана уақыттың ішінде бұл пәннен де білгенімнен білмейтінім көп екендігін айқын аңғардым. Әр сыныптың әдебиеттік оқу кітабын қаншалықты жаттап алсам да оның сыртында мен білмейтін көп нәрсе жатқандығын сол қазақ әдебиетінен сабақ беретін орыс апайымыз аңғартқан еді. 

Жасыратыны жоқ, көп мұғалімдеріміз оқу бағдарламасынан көп ауытқымай дәрістерін мектеп оқулығында айтылған әңгімелердің төңірегінде ғана құрады емес пе? Ал Надежда Андрейқызының сабақтары ретіне қарай кей кездері тарих тақырыбына ұласып, тағы бірде ән-күй сабақтарына да ұқсап кететін еді. 
Апайымыздың сондай сабақтарының бірі: «Ал, балалар, қазақтың басына қаралы күн туған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезінде дүниеге келген «Елім-ай» әнінің қалай айтылатынын білесіңдер ме?» деген сұрақтан басталды. Жайшылықта абыр-дабыр болып жүретін, кейде тіпті шуылдап та кететін сыныптың оқушылары бір сәт тым-тырыс бола қалдық. Аталған ән сөзінің әлденеше шумақтарын жатқа білгеніммен әнін естіп көрмеген мен де ыңғайсызданып төмен қарадым. 

Сонымен сол күнгі сабағымызда мұң мен зарға толы, толарсақтан саз кешкен, қабырғадан қан кешкен елдің тағдырына деген жанашырлыққа толы «Елім-ай» әні айтылып, қабырғамызды қайыстырды, жанарымызға жас тұндырды. Бір рет қана айтылып қойған жоқ, бәріміз қосыла айтып, ән мақамын толықтай бойымызға сіңіріп алғанша сан мәрте қайталанды. Кейін Абайдың, Ақан серінің шығармашылығы тақырыптарын өткенде де осы жағдай қайталанды. Бұдан бәріміз әнші, өнерпаз болып кетпесек те сол бір мазмұнды сабақтар бәріміздің рухани қоржынымызды толықтыра түскендей еді. Бүгінде сол күндер еске түсіп кеткенде ешкім естімейтін жерде менің де «Маңмаңгер, ән қосайын жүрісіңе» деп ыңылдап қоятыным бар.  

Үшқоңырдың етегінде туып, қазақ мектебінен тәлім алған, одан кейінгі жерде Қызылорда педучилищесін бітіріп, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тамамдаған апайымыз біздің бойымыздағы қазақтық намысымызды, қазақтық мақтанышымызды оятты. Олай дейтінім, екі сөзінің бірінде: «Қазақ деген қасиетті атқа лайық болуларың керек қой», «Қазақ деген атқа мақтануың керек емес пе?» деп қайталап отырудан жалықпайтын. Ондай сөзді ол кезде екі қазақтың бірінің батылы барып айта алмайтынын ескерсек, Надя апайымыздың біз секілді жасөспірім ұл-қыздарға ұлттық тәрбиенің ең үлкенін бергендігін, нағыз ұлттық салт-дәстүрді бойымызға сіңіргендігін байқаймыз. Апайымызға сол үшін де шын жүректен шыққан алғысымызды айтамыз.

Жаңылыспасам, апайымыз сол кезде мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін де атқарды. Жұмыстың ыңғайына қарай тәртібі шектен шығып кеткен кейбір шәкірттерінің тағдырына да араласты, өзінің бет-беделін салып, талайын қатаң шарадан қорғап қалғандығы да есімізде.

«Бірін айт та бәрін айт» деген сөз бар ғой. Сол айтқандай, сөз орайы келгенде апайымның өлеңдегі алғашқы ұстазым болғандығын да айта кетейін. Менің өлең жазып жүргендігімді естіген апайым арнайы шақырып алып, азын-аулақ жазғандарыммен танысты. Содан кейінгі жерде тіпті жақын тартып, сол кезде мектебімізде жиі өтіп тұратын поэзия кештеріне қатыстыратын болды. Апайымның сондай қамқорлығының арқасында ауылымыздың аға ақындары Әсімхан Қосбасаров пен Әсімхан Майлыбаев, Қанатберген Деңгелбаев, Сағымқан Исламбеков, Нұрбай Қарашолақовтардың назарына ілігіп, аялы алақандарының жылуын сезіндім. Содан кейін де шығар, кейінгі бір өлеңімде: «Ағалары асқақ көрінген, ақыны тұтас бір қауым. Ауылым, сенің төріңде оқылса болды жырларым, – деп тебіренген едім. Шын сырым, ақындар мен батырлар елінің бір бұрышында жатқан шағын ғана ауылымның төрі маған басқа қалалардың барлығының мінберінен биік көрінеді.

Ұлағатты ұстазымыз содан кейінгі жерде аламан айтыстарға қатысып, жоғалып бара жатқан дәстүрімізді жаңғыртуға атсалысып жүрді. Әр жылдары «Елім менің», «Көңіл хошы», «Қазақтың бір қызымын» атты жыр жинақтары жарық көрді. «Көңіл хошы»  жинағы үшін ақынға Қазақстан комсомолының сыйлығы берілді. Өңірдің рухани дамуына қосқан қомақты үлесі үшін «Жамбыл ауданының Құрметті азаматы» атанды.

Ауылға келін болып түскенде өзінің бетін ашқан халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаев мұражайының меңгерушісі болып көп жылдар бойы жемісті қызмет атқарды. Осыдан біраз жыл бұрын өмірден өтіп кеткен Тұрлыбек ағамыз екеуі Құралай мен Қарлығаш, Ләйлә атты қыздар мен Жәнібек атты ұл тәрбиелеп өсірді.
Бұл жерде мен Лушникова апайымның өмір, еңбек жолын тізбелеуден аулақпын. Ол қалың көпшілікке белгілі бір дәрежеде мәлім де. Сондықтан ол кісінің елге көп мәлім емес қырының бірі – өлке тарихын терең білетіндігі жайлы бірер сөз айтып кетпекпін. 

Сонау бір жылдары Әлімқұл Жамбылов атамыз бен жазушы Мұхамеджан Абдрахманов, Жамбыл мұражайының сол кездегі меңгерушісі Мәулен Қожашев ағаларымыз, Надежда апайымыз біздің үйде бас қосты. Әңгіме қыза келе Жамбыл ауданының аумағында ертеректе өмір сүрген, бұл күнде жалпақ елге ұмытыла бастаған тұлғалар жайына ойысқан. Бұл жағына келгенде Әлекеңе тең келетін жұмыр басты пенде жоқ екені белгілі. Бір таңғалғаным – Надежда апайымыз да көп ретте ол кісіден қалыса қоймады. Атамыздың әңгімесінің кей тұстарын толықтырып, кейде әңгімені мүлдем басқа арнаға бұрып, біз естімеген қаншама тың деректер айтып аузымызды аштырып тастады десе де болады. Сол кезде көкейімізге «Надежда апайымыз жай ақын ғана емес, бұрынғының жыраулары секілді өткен-кеткеннің бәрінен хабары бар алтын көмбе, құймақұлақ адам екен ғой. Бұған дейін неге білмей жүргенбіз? Шіркін-ай, Әлекең екеуінің осы айтқандарының бәрін жазып алар ма еді?» деген де ой келді. 

Жазып алу дегеннен шығады, сол кездегі әңгіменің бір бөлігін ғана диктофон таспасына түсіріп үлгерген едім. Соны ұстазыма бір көрсетіп толықтырып алуға, ауылға бір барғанда асықпай әңгімелесіп қайтуға жайшылықта табыла кететін уақыт шіркіннің бір ыңғайы келетін емес. Уақыт тауып сол тұлғалар жайлы Надежда Андрейқызының өзі жазып шықса тіпті керемет болар еді-ау…

Жалпы қазақтың ұғымында ақындық адамға Алланың өзгеше сыйы ретінде берілетін, бақ пен кие қонған жандардан батаменен ауысып, қанмен берілетін ерекше қасиет саналады. Бұл ақиқатқа Надежда Андрейқызы да айрықша ден қояды. Содан кейін де өзіне ақындық қасиеттің қонғандығын қаршадай қыз кезінде Жамбыл атасының өз қолынан алған алмамен, ұлы жыраудың сол алма арқылы берілген ықыласымен байланыстырады. Келін болып түскенде «Өлеңнің қара жорғасы» атанған Үмбетәлі ақынның бетін ашып, ақ бата ретінде небір әдемі тілектерді төгілткені де одан арғы тағдырына әсер еткен деп санайды. «Менің пірім Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп жыр жолындағы піріне сыйынып өткен Жәкем секілді Надежда апайымыз да өзі пір тұтқан ақындарды бір атап өтпей көшелі сөз бастамайды. Бүгінде сексен деген мерей жастың сеңгіріне көтеріліп отырған арқалы ақынды сол ұлылардың аруағы қолдай берсін дейміз.

Сөз орайы келгенде Н. Лушникованың Үмбетәлі Кәрібаев мұражайының қорын толықтырып, жұмысын жолға қою мақсатымен үлкен жұмыс атқарғандығын да айта кетейік. Бұл орайда оның аудан мен облыс, республика жұртшылығы, басшылық алдындағы абырой-беделі мен іскерлік, ұйымдастырушылық қасиеттері үлкен рөл атқарды. Бүгінде мұражай үлкен өнер, шығармашылық орталығына айналса, бұл жерде оның алғашқы меңгерушісінің айтарлықтай еңбегі, қомақты үлесі бар. 

Қанмен берілетін қасиет дегенге келетін болсақ, марқұм Тұрлыбек ағамыз бен Надежда апайымыздың ортаншы қызы Қарлығаштың – Алена Нұрбекованың ақындығы жайында бірер сөз айтып өту қажет болады. Бүгінде жырсүйер қауым өлеңдерін орыс тілінде жазатын Аленаның ақындық дарынын мойындады. Ақын қыздың біраз жыл бұрын жарық көрген жыр жинағын оқырмандар өте жылы қабылдады.

Негізінен ұзақ жасау да тұқым қуалайды деп жатады емес пе? Надежда апайымның туған ата-анасы мен ата-әжелерінің қанша жасқа келіп дүниеден өткендігін білмеймін, әйтсе де ақ батасын алған Жамбыл атасының ғасырлық межені еңсергені белгілі. Олай болса ақылмандық жасқа жеткен, кезінде ұлылардан бата алған, орыс болып туып, қазақтың ақын қызы атанған Надежда Андрейқызына сол Жамбыл атамыздың жасын тілейміз.

Нүсіпбай ӘБДІРАХЫМ,
Қазақстанның Құрметті журналисі

Қатысты жаңалықтар

Шекара қызметіндегі тағылым мен тәрбие сабақтастығы

Шекара қызметіндегі тағылым мен тәрбие сабақтастығы

25.05.2026
Шекарашылар арасында рухани-мәдени шаралар ұйымдастырылды

Шекарашылар арасында рухани-мәдени шаралар ұйымдастырылды

25.05.2026
Дәрігер деген дара есім

Дәрігер деген дара есім

25.05.2026
Жетісуда жас мамандар слеті өтті

Жетісуда жас мамандар слеті өтті

25.05.2026
Спорт саласына серпін

Спорт саласына серпін

25.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.