Талдықорған: +26°C
$ 470.80
€ 545.99
₽ 6.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚОС АРЫСТЫҢ ТАЛАЙЛЫ ТАҒДЫРЫ

21.11.2020
КҮЛТӨБЕ
ҚОС АРЫСТЫҢ ТАЛАЙЛЫ ТАҒДЫРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Сердалы, сен де аман бол, қайран Саяқ» 

ПЫШАН АҚЫН

Тамыры терең тектілік

Сан қатпарлы, сарқылмас тарихы бар Қараталдың ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында асыл киіп, жорға мінген, сұлу сүйген, бақуатты да мағыналы ғұмыр кешкен, есімдері ел аузында қазірге дейін сақталғандардың қатарында бір әулеттен тараған Сердалы қажы мен Саяқ болыстың аты құрметпен аталады. Біз бұл жолы да әдептен озбай, ақиқаттан аттамай халық арасында бір-бірінен ажыратпай, егіз қозыдай жұптасып айтылатын қос арыстың ел-жұртына, туған жеріне жасаған жақсылығы мен талайлы тағдыры, кейінгі текті ұрпағы жайлы сөз қозғап, сыр бөлісуді ұйғардық. 

Қойнынан Құраны, аузынан Алласы түспеген халқымыз әдетте «Тектіден текті туады, тектілік жолын қуады» деп игі жақсылардың бекзаты арғы тегі мен кеспекті ата мен әкеге тартып туған, сөзіне берік, кесек алып, ірі турайтын бергі ұрпағына сүйіспеншілік білдіріп, өзгелерге үлгі етері бар. Өміршең маңызы бар осы қағида әңгімемізге арқау болып отырған қараталдық Сердалы мен Саяқ сынды елім деп еміреніп өткен арыстардың төл табиғатына дөп келеді. Бұл ретте театр мен кино саңлағы, Қазақстанның халық әртісі Бикен Ырымқызының (Римова) естелігіндегі қажы атасының әріден тамыр тартатын, кезінде өлкетанушы, ақын Т. Шәріпбаев ағамыздың Бикен тәтенің 80 жылдығына орай жазған «Ұмытпаймыз, Бикен апа!» мақаласындағы («Бастау», 26.12.2003ж.) кейіпкердің ататек тарату жүйесіне жүгінейікші. Бикен тәтеміз 1994 жылы авторға берген сұхбатында: «Біз Андас атамыздың екінші баласының алтыншы ұрпағы Қалқадан тараймыз. Ал Қалқаның алты баласы болған үлкені Дүйсенбіден Тәймөңке, Қайдауыл, Қанқожа өрбиді. Қайдауыл бабамыздың атақ-даңқын жауапкершілік заманда ту ұстап, тұлпар мінген Түрке мен Саурық батыр және Ордағұл есімді ұлы аспандатады. Сол жаужүрек Саурық батырдың әкеге тартқан Құлшығаш, Байшығаш, Қасқарау, Қарқабат, Байғабат, Жанғабат атты ұлдары да ержүрек болған деседі. Байшығаштың сегіз ұлы болған. Кенже ұлы Көпеден бес бала: Жүндібай, Бұланбай, Мұнарбай, Бердалы, Сердалы тарайды. Ал Сердалының кіндігінен бойының алыптығымен ерекшеленген, өмірден ерте озған Қаспақбай (көз көргендердің айтуына сүйенсек, өте сымбатты, бойы екі метрден асатын) мен менің әкем Ырым (Рым) және Құдайберген өрбиді», – деп ағынан ақтарылады. Байқап отырғанымыздай, Бұланбай атамыздың өз қатарынан оза туған ұлы Саяқ ағамыз сонда Сердалының інісі. Замана жүгін бірге көтерісіп, ел-жұртына қамқор қолын созудың жарқын үлгісін көрсетеді. Алайда тағдырдың құйынды дауылының тепірішін, дүрбелеңді Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ қоғамын бай мен кедей, ишан мен сұпы деп бөлген, қолдан жасалған қиянат атаулының ауыртпалығын біркісідей көтереді. 

Біздің тарих жылнамасынан білетініміз, Ұлы жүздің барлық рулары амалсыздан патшалық Ресейдің құрамына кірген, бодандығын қабылдаған соң (1866 ж.) құрамына Жетісу және Сырдария облысы енген Түркістан генерал-губернаторлығы құрылады. Патша әкімшілігінің жергілікті билеушілері әу баста қазақ даласын мекендеген мұсылман қауымының (татар, ұйғыр, өзбек, т.б.) дәстүрлі дінінің қанат жайып, жастардың діни мектеп пен медреселерде оқып, білім алуына, Мекке мен Мәдинеге сапар шегіп, қажылық парызын өтеуге мүмкіндік туғызады. Осындай жылымықты сәтті пайдаланған қойнынан Құраны, аузынан Алласы түспейтін Сердалы билік орындарының арнайы рұқсатымен сол тұстағы Қапал уезінен 1912 жылдың тамыз айында Жетісу облысы бойынша жасақталған жетпістей адамның құрамына еніп, бір қиырдағы Меккеге аттанады. Топ жетекшісі міндетін Тастөбе өңірі, Ши болысының оқығаны мен тоқығаны мол, жан-жақтылы білімді Ғалымбек Жұматайұлы болады.

Алланың сүйікті елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың ізі қалған қасиетті жерге аттанып, 1913 жылдың наурызында туған жерге аман-сау оралған Сердалы атасын ел-жұртты қалайша күтіп алғандығын Бикен апамыз «Өмір белестері» естелік кітабының «Балалық шақ» бөлімінде (А. «Арыс» баспасы, 2003 ж.)  «Сол жылы (1913 ж.) қар қалың түсіп, қыс қатты болып, халықтың қатты күйзелген кезі екен. Наурыз айының ескіше оны күні Ташкент қаласына жеттік деген Сердалы атамыздан хабар келеді. Бұл хабарды ести сала ағайын-туыс қарсы алуға шығады. Ішінде менің әкем Ырым да бар. Бастап келген ағасы Қаспақбай мен Саяқ болады. Олар 1912 жылдың тамызында Меккеге аттанған атамызды бұрынғы Верный (қазіргі Алматы) қаласы Өзбек көшесі, № 37 үйде өзіміздің Шара мен Хадиша Жиенқұлованың атасы Баймолда мен Байбұланның отбасында күтіп алады», – деп сипаттайды. Тектінің ұрпағы, өнер тарланы Бикен апамыздың бұл естелігінен аңғарғанымыз, сол заманда қазақ даласынан қасиетті Меккеге жүрегіне имандылық ұялатып, ат арыта отырып барған діндар жандар: Арқадағы Құнанбай сұлтан, Жетісудағы Жәлменде би қатарынан көріне білген Сердалы болыстың айшылық жол жүретін алыс сапарға аттануы мен туған жерге аман-сау оралуының өзі көл-көсір қуаныш әрі шат-шадыман мейрам іспеттес бағаланған. 

«Аллаға жағамын десең азаншыл бол, ағайынға жағамын десең қазаншыл бол»  деген қанатты қағиданы жас кезінен бойына сіңіре білген және елі құрметтеп болыстық қызмет атқарған жылдары имандылық пен биліктің тізгінін  таразы басындай тең ұстаған Сердалы қажы мен шоқтығы биік інісі Саяқ болысты турашылдық пен әділдіктің ақ жолынан айнымай халқының қалаулысы, елінің сүйіктісі бола білгенін күні кешеге дейін арамызда болған, кейінгіге ғибратты сөздерін қалдырған, кеудесі қазынаға толы қараталдық абыз ақсақалдарымыз: Сейдахмет Қосжанов (1920-2016 ж.ж.), Ғабдол-Ләтіп Ғисанов (1924-2002 ж.ж.), кейінгі жас толқын өкілі, журналист, ақын Гүлайым Түстікбай (1960-2015 ж.ж.) мен Жетісудың жампозы, шежіреші, қаламгер Наурыз Қылышбаев ағамыз өз жазбалары мен ауызша әңгімелерінде жетер жеріне жеткізе баяндайды. Шынтуайына келгенде, біз жоғарыдағы қария мен қаламгерлердің ойын жүйелеп, бір арнаға тоғыстырдық. Кейінгі  ынталы жастың ізденісіне жөн-жоба көрсетіп, жол аштық.

Бар жазығы – болыс болғаны 

Қазақ сахарасына аты шулы, қанқұйлы Қазан төңкерісі орнағанға дейін жүзді қайырып, мыңды айдаған, сал-серілігімен елді аузына қаратқан болыс Пышан Жәлмендеұлы (1884-1921 ж.ж.) жазықсыз жаланың  құрбаны болып, 1921 жыл Талдықорғанның түрмесіне қамалғанда жары Қайшаға арнаған қамығу жырында: «Сердалы, сен де аман бол, қайран Саяқ, жылаймын уайым қып сендерді аяп. Өкіметтің байқасаң заңы қатты, мен кеткесін сендерге тұр ғой таяп», – деп тағдыры ортақ, сыры бір қос замандасын әсіре  белсенді большевиктердің қызыл жағалысы мен жергілікті шолақетек атқа мінерлердің өктемдігінен сақтандырады. Қапастағы Пышан өз басынан кешкен қиындыққа сүйене отырып, жоғарыдағы ойын аяушылықты білмейтін қызыл өкіметтің «Аяғың бір нәрседен тайып кетсе, түрі жоқ жіберетін ешкімді аяп», – деп толықтыратыны тағы бар. Иә, сол тұстағы ақ алмастың жүзіндей лыпылдаған замана құбылысын, уақыт тамырын дөп баса білген және дала қазағының басына үйірілетін, көзді жасқа, көкіректі шерге толтыратын қанқұйлы  нәубеттің зардабын көреген жандай болжай білген Пышан сазгердің замандасы, сырласы Сердалы мен Саяқтың алдағы талайлы тағдырына білдірген топшылауы көп уақыт өтпей-ақ айна-қатесіз шындыққа айналады. Ең алдымен, қызыл жағалылар тықыры Сердалы қажыға таянып, үстем тап өкілі бай, діндар қажы әрі ел билеген болыс деген желеумен әр тараптан әрқилы түртпек басталады. Биліктегілердің үсті-үстіне қарадай соқтығысуынан зәрезап болған Сердалы қажы ауыл ақсақалдарымен ақылдаса келіп, жасының ұлғайғандығын желеу етіп болыстың тізгінін немере інісі Саяққа береді. Алайда 1925 жылдан бастап Қазақстандағы өлкелік партия комитетінің хатшысы қызметін қанды-қасап жағдайда атқарған Ф. Голощекин И. Сталиннің келісімі арқасында  қазақ жерінде «Кіші қазан» саясатын бет-жүзге қаратпай іске асыруға кіріседі. Әдетте революция үстемдік құрған жерде нақақтан қан төгілері, қолдағы бар байлық атаулының тәркіленері, жазықсыз жандарға қуғын-сүргін басталары бесенеден белгілі. Араға үш жыл салып, 1928 жылы етек-жеңі кең қазақ даласының әр өңірінде өмір кешіп келген, белгілі дәрежеде мал мен қазына мүлікке ие болып отырған, ел арасында ықпалы бар мыңдаған бай адамдар арнайы тізімге алынып, мал-мүлкі орталық қазына үшін кәмпескеленеді. Тұтқындалып, жауапқа тартылады. Отбасымен түгел дерлік басқа өңірлерге еріксізден көшіріледі. Міне, сол тұста қабырғалы Қаратал өңірінен сол қара тізімге қажы ағасынан болыстық лауазымын қабылдап алған Саяқ Бұланбай-  ұлы да ілігеді. 

Біз 2015 жылы облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген «Қаратал ақтаңдағы» тарихи-танымдық кітаптағы «Бар жазығы болыс болғаны» жазбамызда басы дауға қалған, өрістегі мыңғырған малы мен тұрмыстық мүлкі тәркілеуге түскен қараталдық болыс Сақбай Тілегеновтың осындай ауыртпалыққа тап болуы жайлы баяндаған едік. Танымал жазушы Ж. Ахмадидің «Қазақстан Zамаn» газетіндегі «Мұрағат – архив сөйлесе» мақаласында ҚР мемлекеттік орталық ұлттық архивінде 1928-1930 жылдары Қазақстан бойынша «компескіге» ілінген байлардың тәркіленіп алынған мал-мүлкіне қатысты құжаттар арасынан Қаратал ауданына тиесілі тұсы сипатталады. Сол құжаттың жеке кесте күйіндегі нұсқасына сүйеніп, Сақбай мен Саяққа қатысты мәліметтерді оқырманға ұсынған едік. Онда Саяқ болыстың отбасы мүшелерінің саны, оның ересегі мен балалары, жалпы кәмпескелеуге деп ұйғарылған мал саны 545 (жылқы, түйе, ірі қара, майда малды қамтиды) деп көрсетілген. Мұнымен бірге, бағалау құны 900 сом тұратын екі киіз үй мен қыс қыстайтын саз балшықтан құйылған үйі де қоса тіркелген. Жанат ағамыздың шаң басқан архивтен анықтаған мұрағаттық құжатында (4 қор, 1 жазба, № 103 іс) біз сөз етіп отырған Саяқ және Сақбай болыспен қатар қара тізімге ілінген қараталдық А. Диқамбаев, Б. Абылайханов сынды ауқатты жандардың есімдері де аталады. Мұндай жанкештілік еңбегі үшін Жанат ағамызға айтар алғысымыз шексіз. 

Текті әулет саналатын Сердалы қажының немересі  Бикен апаның «Өмір белестері» (2003ж.) кітабындағы «Балалық шақ» бөліміндегі естелігі мен журналист, ақын Гүлайым қарындасымыздың «Тәкен Саяқұлы кім еді?» мақаласындағы Сақмырза Жүндібаев қарияның айтқан дерегіне сүйеніп таратқан мәліметке жүгінсек, үкімет тарапынан мал-мүлкі тәркіленген Саяқ болыс та жер аударылып, қуғынға ұшырайды. Бұл аздық еткендей, жергілікті билік Сердалы қажыны баласы Ырым (Бикеннің әкесі) мен Саяқ болыстың ұлы Тәкеннің (Тәңірберген) ізіне шам алып түседі. Ырым 1928-1929 жылдардағы кәмпескенің тұсындағы асыра сілтеушіліктің салдарынан кінәлі деп танылып, Алматы түрмесіне қамалады. Бикеннің анасының күйеуіне кешірім жасау үшін 1930 жылы жоғарғы органға жазған арызы негізінде ұлт жанашырлары О. Жандосов, Т. Тастеміров, Қ. Құдайқұлұлының араша түсіп, көмектесуінің арқасында Ырым ақталып шығады. Елге оралғасын тұрақтай алмай, қырғыз асып, Бішкекті паналайды. Кейінде Бөрлітөбеге көшеді. Тұрмыс ауыртпалығымен Балқаш қаласын мекендейді. Бұл жерде де ізіне қуғын түседі. Қамауға алынады. Ақыры ауруға шалдығып, көз жұмады. Ал Саяқұлы Тәкенге келсек, 1930 жылы болыс, бай баласы болғаны үшін жер түбіндегі Орынборға айдалады. Абақтыда отырады. Сотталған жерінен жұмысқа берілгендігі мен тәртіпті мінезі үшін мерзімінен бұрын ақталып шығады. Қазақстанға оралып, Шу қаласындағы теміржол мекемесінде жұмыс істейді. Шаңырағы шаттыққа кенеліп, қос ұлы Долда мен Сәмен  дүниеге келеді. Бертінде елге оралып, 1953 жылы қазіргі Қарабұлақ кентіне қарасты Абай атындағы ұжымшарда шопан болып еңбек етеді. Қатарының алды, өндіріс озаты атанады. Өрісті ақтылы қойға толтырады. Зейнет жасына толған соң ата-бабасының туған топырағына – Қараталға оралады. Ұлы Долданың кіндігінен тараған ұл мен қыз – Әділ, Болат және Ғанижамал атты немеренің қызығын көреді. Әйтеуір, не керек, атасы мен әкесі үшін баласы жазғырылған қиын күндер біртіндеп артта қалады. Бүкіл әлемді қаһарымен дүрліктірген КСРО-ның сірескен мұздай солақай саясаты ең алдымен жылымық, ал кейінде жариялылық желімен, демократия үрдісімен жібиді. Еліміз бабалар аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізеді. Ел жүрегінде мәңгі сақталған батыр мен қолбасшыларымыз, би мен шешендеріміз, ақын, сазгерлеріміздің есімдері (қатарында мыңғырған мал айдаған бай мен жұртқа шапағаты тиген болыс пен сұлтандар да бар) әспеттеліп, халықтық құрмет көрсетіле бастады. Шүкір дейміз Аллаға!

Түйін. Заманында атқарған ізгі қызметіне сай есімдері ел аузында қосарланып айтылатын Сердалы қажы мен Саяқ болыстың кейінгі ұрпақтары, немере, шөберелері де түпкі тегіне, бекзат болмысына тарта білді. Солардың қатарында жоғарыда аттары аталған сахна саңлағы, Қазақстанның халық әртісі Бикен Римова, құрылыс инженері, кезінде республика Парламенті Мәжілісіне баламалы жүйеде депутат болған, облыстық деңгейдегі басшылық қызметті абыройлы атқарған, әлі де ат үстінен түспеген азамат Болат Долдаұлы да бар. Әсілінде, жақсы тегіне тартады, көргені жақсы көш бастайды деген осы болса керек. Осылайша замана көші тоқтаусыз алға тарта бермек. Өткенімізді ілтипатпен еске алып, арыстарымызды құрметтей білейік, ағайын! Біздің ұстаным – тектілер ұмыт қалмасын, қасірет қайтып келмесін!      

Қараша ҚАРАМАН, 
өлкетанушы, журналист
Қаратал ауданы

Қатысты жаңалықтар

Шекара қызметіндегі тағылым мен тәрбие сабақтастығы

Шекара қызметіндегі тағылым мен тәрбие сабақтастығы

25.05.2026
Шекарашылар арасында рухани-мәдени шаралар ұйымдастырылды

Шекарашылар арасында рухани-мәдени шаралар ұйымдастырылды

25.05.2026
Дәрігер деген дара есім

Дәрігер деген дара есім

25.05.2026
Жетісуда жас мамандар слеті өтті

Жетісуда жас мамандар слеті өтті

25.05.2026
Спорт саласына серпін

Спорт саласына серпін

25.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.