Талдықорған: +16°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Сервистік қызмет артып, жол сапасы жақсарды

Жетісу облысы – табиғаты әсем, тарихи-мәдени мұрасы бай өлке. Соңғы жылдары аймақта туризм саласы қарқынды дамып, облыстың әлеуметтік-экономикалық өсуіне айтарлықтай үлес қосып келеді. Сондай-ақ, бұл сала жаңа жұмыс орындарының ашылып, жергілікті тұрғындардың кәсіпкерлікпен айналысуына мол мүмкіндік туғызуда.

13.09.2025
КҮЛТӨБЕ
Сервистік қызмет артып, жол сапасы жақсарды

informburo.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Осыған байланысты Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында облыстағы туризмді дамыту бойынша жиын өтті. Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қатысуымен өткен отырысқа туризм саласына жауапты қызметкерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары және кәсіпкерлер мен аудан, қала әкімдері, тағы басқалары шақырылды. Аймақ басшысы алдымен кәсіпкерлер өнімдерінің көрмесін тамашалады.

Ол жерге алыстан ат терлетіп демалуға келген туристердің қызығушылығын тудыратын өнім түрлері қойылды. Олардың бәрі Жетісу жерінде өндіріліп, өсірілгендер мен қолөнер бұйымдары. Мәселен, онда Текелінің алмұрты мен Сарқанның алмасы, Көксу, Ақсудың шекері мен Үштөбенің ірімшігі, Кербұлақтың сары майы мен Ескелдінің құлпынайы және Талдықорғанның тілүйірерлік бал дәмі көпшілік назарына ұсынылды.

Сондай-ақ, Бұрқан-Бұлақ, Айғайқұм, Жасылкөл, Ақтау таулары, Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің көріністері көрсетілді. Бұған қоса, кәсіпкерлер шығарған сабын мен бал түрлері, қой жүнінен жасалған бұйымдар жиналғандарды таң-тамаша етті. Туризм саласына қажет тауарлар да осы жерден табылды. Көрмені аралау барысында Жетісу өңірінде өндірілген мұндай тауарлар экологиялық тазалығы және сапасымен ерекшеленетіні, сондай-ақ, туристердің де қызығушылығын тудыратыны әңгімеленді.

Бұдан соң жиын басталып, аймақтағы туризмді дамыту мәселелері талқыланды. Облыс әкімі алдымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында туризм саласындағы түйткілді мәселелерге назар аударғанын, Мемлекет басшысының осы бағытта берген тапсырмаларын ойдағыдай жүзеге асыру маңызды істердің қатарында екенін саралап айтып берді. Жиын барысында аймақтағы туризмді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатовтың та баяндамасы тыңдалды.

Бейбіт Өксікбайұлының айтуынша, облыстағы туризмді дамыту су, экология және тау туризмдеріне арқа сүйейді. Атап айтқанда, олар – Алакөл, Балқаш көлдері, «Жоңғар Алатауы» мен «Алтынемел» ұлттық табиғи саябақтары және тау туризмі. Жетісуда жолдар жөнделіп, қонақүйлер мен демалыс аймақтарының саны артуда. Алакөл маңында жаңа қонақүйлер, отбасылық демалыс орындары ашылып, сервистік қызмет көрсету сапасы жақсара түсті. Сондай-ақ, туристерге қолайлы жағдай жасау үшін теміржол және әуе қатынасы реттеліп, көлік қолжетімділігі күшейтілді. Жаз айларында әсіресе Алакөлге келетін демалушылар ағыны бірнеше есеге артты.

Инфрақұрылымды дамыту бағытында қабылданған шаралардың арқасында өткен жылдармен салыстырғанда аймақтағы туристік нысандарға келетіндер көбейді. Табиғаттың әсемдігі, тарихи орындар мен заманауи инфрақұрылым аймақты Қазақстандағы туризмнің маңызды орталықтарының біріне айналдыруда. Бұл үдеріс алдағы уақытта да жалғасып, Жетісудың халықаралық деңгейде танылуына жол ашпақ. Облыс құрылғаннан бері туризмді дамытуға мемлекеттік бюджеттен 58,5 млрд. теңге қаражат бөлінген. Барлық жобаның жалпы құны 97 млрд. теңгені құрайды.

Облыс әкімі, сондай-ақ, туризм Жетісудың экономикалық әлеуетін көтеретін негізгі салалардың бірі екенін, инвестор, инвестиция, туристер тарту, туризмді жарнамалау, су жүйелерін ретке келтіру, тазалық сақтау және оны қадағалау, Балқаш, Алакөл жағалауы мен ұлттық саябақтарды дамыту, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты мәселелерге айрықша ден қойып, саланың одан әрі дамуына барынша көңіл бөлу қажет екеніне баса назар аударды. Сондай-ақ, Жетісу университеті жанынан туризм саласы мамандарын даярлайтын бөлім ашылатыны, олардың мүмкіндігінше шет тілдерді меңгеруін жолға қою қажеттігі тілге тиек етілді.

Бұған қоса, облыста жыл соңына дейін туризм басқармасы құрылатыны, осы бойынша Балқаш, Алакөлде коммуналдық кәсіп-орындар ашылуы тиіс екені назарға алынды. Талдықорғанды өркендетуге көп көңіл бөлініп, жолдар жасалатыны, көгалдандырылып, жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлердің сырты әрлендіріліп, шатырлары жасалатыны, абаттандыру жұмыстары жанданып, қонақтарды қызықтыратын шаһардың біріне айналатыны сөз етілді.

Соңында аймақ басшысы жиналғандардың ұсыныс-тілектеріне құлақ асып, ойлар ортаға салынды. Осы сала бойынша туындаған сұрақтар пысықталып, салаға жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Көрермен көңіліне орныққан «Капитан Байтасов»

Көрермен көңіліне орныққан «Капитан Байтасов»

30.04.2026
Теңдессіз спорт кешені салынуда

Теңдессіз спорт кешені салынуда

30.04.2026
Өнердегі өшпес мұра

Өнердегі өшпес мұра

30.04.2026
Кітап пен кітапханашы руханияттың тамыры

Кітап пен кітапханашы руханияттың тамыры

30.04.2026
Президент Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровты қабылдады

Президент Ресейдің сыртқы істер министрі Лавровты қабылдады

30.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.