Талдықорған: +18°C
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚУАНЫШ ЕСЕЛЕНЕ ТҮСТІ

18.08.2017
КҮЛТӨБЕ
ҚУАНЫШ ЕСЕЛЕНЕ ТҮСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандықтар тағы да қоныстойын тойлап жатыр. Бұл ретте «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары есебінен бой көтерген 1 және 2 бөлмелі 168 пәтер иесіне табыс­талды. «Арлан жоба» ЖШС-ның жобасы бойынша «Жетісужилсоцтрой» ЖШС-нің құрыш қолды құрылысшылары тұрғызған 5, 6, 7 қабатты үш үйдің құрылысы 2014 жылы басталған болатын. Жалпы алаңы 11 мың шаршы метрге жуықтайтын үйлерді тұрғызуға 1 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Құрылыс жұмысы басталғаннан аяқталғанша «Krav Инженеринг» ЖШС техникалық қадағалау жұмысын жүргізіп отырғандықтан нысан сапалы салынып, уақытында бітіп, ел игілігіне берілді. Облыс әкімі Амандық Баталов пен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайы­мы Ляззат Ибрагимова көптің қуанышына ортақтасып, пәтер кілтін табыстады.

Құрылыс индус­трия­сы – ел экономикасын өркендететін күш делінсе, облысымыз осы көштің басында тұр. Оған жыл сайын бой көтеріп, ел игілігіне берілген  көпқабатты үйлер мен халыққа қызмет көрсететін орталықтарды дәлел ретінде келтіруге болады. Олар қалаға сән беріп қана қоймай, облыс орталығының инфрақұрылымын дамытуға қозғау салуда. Нәтижесінде Талдықорған қаласы күн сайын өзгеріп, түрленіп келеді. Сол қатарда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жергілікті билікпен бірлесіп, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді сәтті жал­ғастыру­да.

Бүгінде облы­сы­мыз­­дың 43 мың­­­нан астам тұрғыны «Қазақ­станның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» салымшы ретінде тіркелген. Олардың 20 мыңы облыс орталығында тұрса, қалғандары елді мекендердің тұрғындары. «Бұл еліміздің өзге аймақтарына үлгі болатын көрсеткіш», – дейді Ляззат Еркенқызы. «Олардың дені дәрігерлер, мұғалімдер, қарапа- йым еңбек адамдары, мемлекеттік қызметкерлер, тағы да басқа санаттағы азаматтар. Олардың бәрі орташа табыс иелері болса да, тұрмысынан үнемдеген қаржысын банктегі есепшотына аударып, кезегі келгенде тұрғын үйге ие болуға үмітті», – дейді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының директоры Ғалымжан Шалғынбаев. Міне, бүгін сондай үміттегі азаматтардың ойлары жүзеге асып, жүздері күлімдеп пәтер кілтін алып жатты.

Жасыратыны жоқ, бүгінге дейін банк облыс орталығында ғана тұрғын үй салумен айналысып келді. Енді «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында барлық аудан осындай тұрғын үйлермен қамтылады. Бұл жайлы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова:

– Алдағы уақытта шағын қалалардағы тұрғын үй құрылысына ерекше мән беріледі. Алматы облысында тұрғын көп, шағын қалалар жеткілікті. Алғашқы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Қаскелең қаласында салынған тұрғын үй биыл пайдалануға беріледі, – деп атап өтті.

Айта кетерлігі, көп уақыт өтпей облыс орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша екі қабатты 607 коттедж салына бастайды. Ол үшін облыс әкімдігі 100 гектар жер бөліп, дайындық жұмыстарын бастап та қойыпты. Аталған банк жетісулықтардың бұл бастамасына ерекше ден қойып, қолдау танытуға ниетті. Осы мақсатта облыс­тық әкімдікте облыс әкімі Амандық Баталов пен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ля ззат Ибрагимова екіжақты ынтымақтастық келісімге қол қойды.

 

Қажет АНДАС.

Қатысты жаңалықтар

Президент халықаралық конвенция жетекшілерімен кездесу өткізді

Президент халықаралық конвенция жетекшілерімен кездесу өткізді

23.04.2026
Өмір сүруге қолайлы елдер тізімі: Қазақстан көрсеткіші қандай?

Өмір сүруге қолайлы елдер тізімі: Қазақстан көрсеткіші қандай?

23.04.2026
«Жетісу» Тайландта. Жанкүйерлердің ықыласы

«Жетісу» Тайландта. Жанкүйерлердің ықыласы

23.04.2026
Әлеуметтік азық-түлік бағасы тұрақты ма?

Әлеуметтік азық-түлік бағасы тұрақты ма?

23.04.2026
Ұлт тарихын көтерген ұлы есім

Ұлт тарихын көтерген ұлы есім

23.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.