Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ ШАРАСЫ

24 сәуір 2020
КҮЛТӨБЕ
ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ ШАРАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Әлемді жайлаған коронавируспен күресудің бір жолы – үйлер мен ғимараттарды, қоғамдық орындар мен көшелерді зарарсыздандыру болып табылады. Бүгіндері Қаскелең қаласы мен Қарасай ауданында осы бағыттағы жұмыстар қауырт жүргізілуде. Аталған шараны «Дезинфекция» деп аталатын жеке кәсіпорын атқарып келеді.

Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін қауіпті індетті тоқтату шаралары дер мезгілінде қолға алынған болатын. Осылайша, «Дезинфекция» ұжымы мен Қаскелең қаласы және ауылдық округтер арасында келісімшарт жасалынып, тиімділігі өте жоғары заманауи препараттарды пайдалана отырып барлық елді мекендерде зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Кәсіпорын басшысы Гаухар Бабажанованың айтуынша, адамдар мен жан-жануарлардың денсаулығына қауіп төндірмейтін, вирустарға қарсы қолданылатын, құрамында хлоры бар мұндай ерітінділер коронавирусты зарарсыздандырып қана қоймай, менингокок инфекциялары мен туберкулез таяқшаларын да жоюға қабілетті. Ресей мен Қазақстанда өндірілетін зарарсыздандыру препараттарының тиімділігі түрлі жағдайда тексеруден өткізіліп, жоғары бағасын алған.

Зарарсыздандыру шаралары жүргізілген кезде ең алдымен адамдар көп жиналатын аялдамалар мен базарлардың, сауда орталықтары мен дүкендердің, почта бөлімшелері мен банктердің бірінші кезекке қойылатыны белгілі.  Мұндай жұмыстар қажеттілігіне қарай және ауа райының құбылуына байланысты айына үш-төрт мәрте жүргізіледі. Жауапты жұмыспен тәжірибесі мол сегіз адам айналысса, оларға осы салаға маманданған  нұсқаушылар мен дезинфекторлар кеңес беріп отырады. Аталған шаралармен медициналық білімі бар арнайы мамандар айналысатын болғандықтан еріктілер тартылып отырған жоқ.

Бүгіндері Қаскелең қаласы, сонымен қатар Райымбек, Іргелі, Шамалған, Жандосов, Ұмтыл, Елтай ауылдық округтері және өзге де елді мекендер зарарсыздандыру жұмыстарымен толық қамтылған. «Дезинфекция» жеке кәсіпорнының ұжымы осындай шаралармен қатар тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ,
Қарасай ауданы

Қатысты жаңалықтар

Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.