Талдықорған: +29°C
$ 456.88
€ 534.64
₽ 5.47
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Қаһарман құтқарушы

22.08.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қаһарман құтқарушы
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісудың інжу-маржанына айналған Алакөлдің жағалауы жаз айларында ерекше құлпырады. Ақ моншақ тағынған шалқар көлге шомылған күн сәулесі мың құбылып, жағалауды думанға бөлейді. Бірі суға түсіп, бірі жағажайда тынығып, енді бірі қайықпен көл төсін кезіп жүреді. Сырт көзге мұның бәрі бейқам демалыстың көрінісі. Алайда осы тыныштықтың ар жағында адам өмірінің қауіпсіздігі үшін күні-түні қызмет етіп жүрген мамандар бар. Олар – құтқарушылар.

Алакөл жағалауындағы Төтенше жағдайлар министрлігінің әмбебап құтқару бөлімшесі шомылу маусымында күшейтілген режимде жұмыс істейді. Құтқарушылар жағалауды бақылап, судағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын қадағалайды, демалушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қажет болса санаулы секундтың ішінде суға түсіп, адам өмірін арашалауға дайын. Солардың қатарында талай адамның өміріне араша болған бірінші сыныпты сүңгуір, бүгінде бас құтқарушы қызметін атқарып жүрген Жанат Дүйсетаев бар.

Жанат Нұрмұханбетұлы 1964 жылы Алакөл ауданының Қамысқала ауылында дүниеге келген. Балалық шағы Ақши ауылында өтті. Осындағы мектепте білім алып, кейін кәсіптік-техникалық училищеде оқуын жалғастырды. Азаматтық борышын Ресейдің Жуковск қаласында өтеді.

– Ол уақытта қазіргі біз айтып жүрген ТЖД деген жеке сала қалыптаспаған еді. Жалпы құтқарушылар қызметі болды. Әскерден келген соң қай салада еңбек етсем екен деп ойлана жүріп, адам өмірімен тікелей байланысты осы мамандыққа келдім. Кейін Алакөл жағалауындағы құтқару қызметіне жұмысқа орналастым. Содан бері, міне, 34 жыл өтіпті, – дейді кейіпкеріміз.

Құтқарушы үшін оның әрбір күні, сағаты, шақыруы бір адамның тағдырымен өлшенеді.

– Менің осы салада қалуыма себеп көп. Бірақ ең бастысы – адам өміріне араша болу. Бір адамды құтқарсаң, бір адам ғана құтқарылды деп қарамау керек. Оның артында ата-анасы, балалары, жары, бауырлары бар. Бір адамның өмірі – бір әулеттің тағдыры. Сондықтан біреудің өмірін сақтап қалу үлкен жауапкершілік, – дейді Жанат Дүйсетаев.

Сүңгуір маманы сырт көзге батылдықты ғана талап ететіндей көрінгенімен шын мәнінде үлкен кәсіби дайындықты, төзімділікті, сабырды қажет ететін жұмыс. Суға түсу үшін тек жүзуді білу жеткіліксіз. Құтқарушы судың мінезін, ауа райын, ағыс бағытын, тереңдікті, көріну мүмкіндігін, адамның судағы әрекетін есепке алуы керек. Қандай жағдайда да абдырап қалмауы тиіс.

– Су тілсіз жау. Оны адам толық меңгеріп кетті деуге болмайды. Алакөлдің де өз мінезі бар. Жел көтерілсе көлдің жағдайы әп-сәтте өзгеруі мүмкін. Сондықтан мұнда жұмыс істейтін адам әрдайым дайын болуы керек. Құтқарушының «бүгін тыныш күн болады» деп босаңсуына болмайды. Себебі төтенше жағдайдың қай уақытта болатынын ешкім білмейді, – дейді ол.

Қауіптің алдын алу – құтқарудың ең үлкен жолы. Құтқарушының жұмысы тек суға түсіп кеткен адамды іздеп, құтқарумен шектелмейді. Керісінше, ең маңызды міндеттердің бірі – қайғылы жағдайға жол бермеу. Сондықтан Алакөл жағалауындағы мамандар күн сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Демалушыларға суға мас күйінде түспеу, белгіленбеген жерде шомылмау, балаларды қараусыз қалдырмау, су көліктерін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде ескертеді.

– Қанша адамды құтқарғанымды білмеймін. Кейбір жағдайлар есімде, кейбірі уақыт өте келе ұмытылып кетеді. Бірақ құтқарған адамдарымның жүздері, жақындарының қуанышы есте қалады. Кейде бір отбасы келіп, «сіз осы күні баламызды құтқардыңыз» деп алғыс айтып жатады. Сондай кезде құтқарушы мамандығын бекер таңдамағанымды түсінемін, – дейді Жанат Нұрмұханбетұлы.

Бүгінде жағалауда бақылаудың заманауи құралдары да қолданылады. Дрондар мен бейнекамералар қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті бақылауға мүмкіндік береді. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқарып, жағалаудағы жағдайды жіті қадағалайды.

Жанат Дүйсетаевтың отбасында да әке кәсібінің қадірі жоғары. Оның екі қызы, бір ұлы бар. Балаларының барлығы жоғары білім алған. Ал ұлы Әділ Нұрмұханбетов әке жолын жалғап, Төтенше жағдайлар саласында қызмет етіп жүр. Қазір ол майор шенінде. Бұл – Жанат Нұрмұханбет- ұлы үшін үлкен мақтаныш.

– Балам менің жолымды таңдағанына қуанамын. Бірақ жұмыстың оңай еместігін де жақсы білемін. Құтқарушының отбасы да оның қызметімен бірге өмір сүреді. Кейде кезекшілік, шақырту, түнгі жұмыс, қауіп-қатер болады. Сондықтан балама үнемі «қандай жағдай болса да, ең алдымен адам өмірін ойла» деп айтамын, – дейді ол.

Құтқарушы үшін марапаттан адамның амандығы маңызды. Қызметтік атақтан ар алдындағы жауапкершілік биік.

– Менің қазығым осы жерге қағылды десем болады. Себебі адам өміріне араша болғым келді. Адамдық борышымның алдында арым таза болғанын қаладым. Біреудің басына қиындық түскенде сырт айналып кету – менің табиғатыма жат. Қолыңнан келіп тұрса, көмектесуің керек. Әсіресе сен сол үшін арнайы дайындалған маман болсаң, жауапкершіліктен қашуға болмайды, – дейді Жанат Нұрмұханбетұлы.

Оның бұл сөзі мамандықтың мәнін де, адамдық ұстанымын да аңғартады. Құтқарушы болған соң өзіңді бірінші орынға қоя алмасың да анық. Қауіптің ортасына кіргенде «маған не болады?» деген ой емес, «ана адамды қалай аман алып қаламын?» деген ой бірінші келуі заңдылық. Бұл жұмыстың қиындығы да, қадірі де осында.
Жылдар жылжып, заман өзгерсе де Жанат Нұрмұханбет- ұлының сол қазығы орнынан қозғалған жоқ. Керісінше, оның өнегесі ұлы Әділдің де осы салаға келуімен беки түсті. Бүгінде ол Алакөлдің жағасында өзі ғана емес, өзінен кейінгі буынның да қауіпсіздік жолындағы қызметіне демеу болуда. Адамның өмірдегі қазығы берік болса, қандай толқын соқса да ол өз жолынан адаспайды. Жанат ағамыздың қазығы да – адам өмірін арашалау деген асыл мұратқа мықтап қағылған.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Шетелдіктер қызыққан өнім

Шетелдіктер қызыққан өнім

22.08.2026
Қазақстандағы кітапханалар бірыңғай электронды жүйеге біріктіріледі

Халықаралық жазғы мектеп жетістігі

22.08.2026
Берекелі өмірдің бастауы

Берекелі өмірдің бастауы

22.08.2026
Бейбіт Исабаев талдықорғандық 51 отбасына жаңа баспана кілттерін тапсырды

Бейбіт Исабаев талдықорғандық 51 отбасына жаңа баспана кілттерін тапсырды

21.08.2026
Ұлттық құрылтай: ұсыныстан нақты шешімге дейін

Ұлттық құрылтай: ұсыныстан нақты шешімге дейін

21.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.