Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады.
Қорғаныс министрлігі қаулы жобасын «Ашық НҚА» порталында жариялады.
Құжатқа сәйкес, 2025 жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады. Әскери қызметке шақырылған азаматтар 24 ай бойы Қарулы күштерде, ҰҚК Шекара қызметинде, ІІМ Ұлттық ұланында және Төтенше жағдайлар министрлигінде офицерлік құрам қызмет атқарады.
Запастағы офицерлерді шақыру әскери дайындалған резервті жинақтау және офицерлер құрамының бос лауазымдарын толықтыру үшін ұйымдасырылған.
Фото: ІІМ





