Облыстық полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы есірткінің заңсыз жарнамасын жоюға бағытталған рейд өткізді.
Шара барысында нашаның таралуын болдырмау үшін оларды насихаттайтын көптеген хабарландыру сырланды. Құқық қорғау қызметкерлері азаматтарға қырағы болуды, заңсыз жарнама табыла қалған жағдайда дереу полицияға хабарлауын сұрайды. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы жұмыстар полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.
Айдар ҚАЛИЕВ





