Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ЖОЛ АПАТЫ АЗАЙМАЙ ТҰР

16.09.2024
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
ЖОЛ АПАТЫ АЗАЙМАЙ ТҰР

Автомобиль – әлемдегі ең қауіпті көлік. Елімізде қазір күн сайын емес, сағат сайын көліктер соқтығысып, адам шығыны боп жатады. «Жол менікі» деп тайраңдап, жолдағы қауіпсіздікті сақтамайтын жүргізушілердің кесірінен облыс аумағындағы жол-көлік оқиғасы жиілеп кетті. 


Былтыр  7 айда 250 жол-көлік оқиғасы орын алса, биыл жол апатының саны 381-ге өскен.  Салдарынан 75 адам қаза тауып, 547 адам дене жарақатын алған. Оның ішінде, республикалық маңызы бар жолдарда 55 оқыс оқиға орын алып, 30 опат болған. «Елді мекендердегі жол апатының негізгі себебі – жаяу жүргіншілермен соқтығысуы және жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауынан» дейді мамандар. Сонымен қатар, облыс аумағында балалардың кінәсінен болған 8 жол-көлік оқиғасы орын алып, 8 бала жараланған.

Патрульдік полиция тобының жеке құрамы ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесіп балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Жол-көлік оқиғасының алдын алу және оны болдырмау үшін жыл басынан бері «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Құқықтық тәртіп», «Мотоцикл» сынды 12 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Жол-көлік оқиғасын алдын алу бойынша полиция департаменті қызу жұмыс жүргізіп, жедел шаралар өткізуде. Тек автокөліктер ғана емес, электр көлік құралдары да қатаң бақылауда. «Жол жүрісі туралы» Заңның шағын электр көлік құралдары мен электр самокаттарды пайдалануды регламенттеу бөлігіне заңнамалық түзетулер енгізіледі.

Осылайша, Заңға бұрын болмаған «электр самокат» және «шағын электр көлік құралы» ұғымы енгізілді («Жол жүрісі туралы» Заңның 1-бабы 53-1 және 57 тармақшалары). Заң  30 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі. Осыған орай  Қазақстан Республикасы ӘПК-мен ПД басшылығы  жолаушыларды тасымалдау және көлік жолдары  бөлімінің  басшылары және электр самокаттарды жалға беру компанияларының қызметкерлерімен бірлесіп электр самокаттарды жолда пайдалану алгоритмін талқылау бойынша ZOOM режимінде кеңес өткізді.

Қайғылы жағдайды азайту үшін заң бұзушылықтарды анықтайтын бейнебақылау камералар көбейтіліп, заң күшейтіліп жатыр. Десе де «темір тұлпар» тізгіндеген әр адам өзінің және өзгенің өміріне жауапты екенін жадынан шығармағаны абзал.

Айдар ҚАЛИЕВ

Фото: freepik.com

Қатысты жаңалықтар

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

25.05.2025
Білімім – отаныма

Білімім – отаныма

25.05.2025
12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.