Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

22 мамыр 2022
РУХАНИЯТ
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Тіл сарайында әдебиет зерттеушісі, түркітанушы ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Үздік оқытушы» облыстық байқауы өтті.

Өз кезегінде алғашқы құттықтау сөзді облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс  Жолдыбаев алды. Ол:

— Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық практикалық орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде «Үздік оқытушы» байқауы өтеді. Осыған орай Алматы облысында да алдымен өңірлік іріктеу кезеңін өткіздік. Іріктеуден өткен қатысушы республикаға жолдама алады. Тіл комитетінің ережесіне сай байқау төрт кезеңнен тұрады. Мұғалімдер бейнесабақтары мен бағдарламаларын соған сай дайындап келген. Өткен жылы киелі Түркістан қаласында өткізілген жарыстан 1 орын алған болатынбыз. Биыл да шыққан биіктен құламау – біздің басты мақсат. Биылғы байқау Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай үлкен форматта өтіп отыр. Байқау облыс бойынша тәжірибе алмасу болып табылады. Сұрақтардың барлығы тіл майданында тер төгіп кеткен ұлылар бойынша қойылды. Бүгінгі шарада жеңімпазды анықтап, республикаға жіберетін боламыз, – деп шараның маңызын түсіндірді.

Аталмыш сайыста облыс бойынша азаматтардың тілге деген қызығушылығын арттырып, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді жетік меңгеруіне атсалысып жүрген 14 үміткер бақтарын сынады. Байқауға тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Туғанай Рахымберлина, Талдықорған қалалық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының аға әдіскері Мәрия  Сәдуақасова, республикалық «Үздік оқытушы» байқауының бас жүлдегері Жанар Елесбаева төрелік етті.

Қазылар шешіміне сәйкес, облыстық «Үздік оқытушы» байқауының бас жүлдесі және республикалық «Үздік ұстаз» байқауына жолдама Панфилов ауданынан келген Надира Қадыроваға табысталды. Ал І орын қапшағайлық Гүлмира Дусанбаеваға, ІІ орын Нарынқол өңірінен Зубайра Жорабекке, ІІІ орын ілелік Балжан Төлегеноваға бұйырды. Жарыстан озғандардың бәріне дипломдар мен ақшалай сыйлықтар берілді.

Жиын соныңда облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Рахмет  Есдәулетов сөз алып, облыстың екіге бөлінуіне байланысты республикалық байқауға Алматы облысы атынан бірінші орын иегері Гүлмира Дусанбаеваның баратынын жеткізді.

Кәмилла ТҰЯҚОВА

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Тура биде туған жоқ…

Тура биде туған жоқ…

Бүгін, 17:00
Жетісудың жұлдызы

Жетісудың жұлдызы

Бүгін, 16:20
Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Ата Заң – әділетті қоғам қалыптастырудың құқықтық негізі

Бүгін, 15:19
«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

«АБОРИГЕНДЕР» тұра ма?

Бүгін, 15:00
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Бүгін, 14:20

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.