Талдықорған: +15°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Балаларды қуанышқа бөледі

28 қыркүйек 2017
РУХАНИЯТ
Балаларды қуанышқа бөледі
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс орта­лығы тағы бір балабақ­шамен толықты.    «Бамбини» атауы­мен бала бақытын арт­тырған мекемеге  Талдықорған қала­сының әкімі Бағдат ҚАРАСАЕВ арнайы келіп, жаңа ғимарат­тың тұсауын кесті.

Шевченко көшесінің бойы­нан орын тепкен жаңа ғимараттың ауданы 1000 шар­шы метрді қамтиды. Сәулетті нысан мемлекеттік және же­ке­меншік әріптестік аясында бой көтерген. Бүлдіршіндер мен ата-аналарды қуанышқа бөлеген салтанатты шараға арнайы келген Бағдат Қара­саев кәсібінің нәсібін көрген балабақша меңгерушісі Зуль­фия Валишановаға алғысын жеткізді. Жас та болса үлгілі ісімен таныла білген Зульфия Русланқызының бұл қадамы расымен де көңіл шаттан­дырады. Ол  2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетінің «Мемле­кеттік және жергілікті бас­қару» мамандығын бітіріп, 2017 жы­лы  І. Жансүгіров атындағы ЖМУ магис­тратурасын аяқта­ған. Үлкен жүрегімен кішкен­тайлардың көңіліне нұр себуге асық бол­ған батыл қыздың қадамына жұртшылық та сүй­сіне қарай­ды. Қала әкімі бүл­дір­шіндерге деген ақ ниетін жеткізіп, бала­бақшаның лента­сын қиды. Кең де көрікті ғима­раттың ішін аралап, балалар­дың өнеріне қанық болды. Қос қабатты ғимарат бүлдіршін­дерді тәр­бие­леп, ой-өрісінің өсуіне ықпал етпек. Арнайы оқулық­тар мен ойыншықтар алынып, заманға сай құралдар­мен жаб­дықталған.  Балабақша бүл­діршіндерге тек тәрбие беріп қана қоймай олардың спортпен айналысуына да сеп­тігін тигіз­бек. Бүлдіршіндер үшін білік­тілігі жоғары 33 маман жұ­мыс­қа қабылданып, орта есеп­пен 50000 теңге кө­ле­мінде айлық белгіленген. Мектепке дейінгі мекемеде оқы­ту қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. 125 бала  5 топқа бөлініп білім алмақ. Періште­лерді  қуантқан сәттің  сауабы да үлкен бола­ты­нын айтқан Зульфия Руслан­қызы  мекеме­де  медициналық бөлім, ас даяр­лау орны,  кір жуатын бөлме,  5  ойын, 1 дене шынық­тыру алаңы, 10 көлікке ар­нал­ған автотұрақ барын да тілге тиек етіп өтті.

Айта кетерлігі, бүгінде об­лыс орталығында 60 мектепке дейінгі мекеме жұмысын жал­ғастырып келеді.  Оның 16-сы мемлекеттік, 36-сы жеке­мен­шік, 8-і мектеп жанынан ашыл­ған шағын орталықтар. Мек­тепке дейінгі мекемелерде 7648 бала бар. Бүгінгі күні 3-6 жас аралығындағы балаларды бала­­бақшамен қамту пайызы – 92,5. Қала бойынша 9350 бала балабақша кезегінде тұр. Бірақ араға ұзақ уақыт салмай, бұл мәселенің де толық шеші­ле­ті­ніне «Бамбини» секілді бала­бақ­шалардың ашылуы дәлел.

 Балалардың дайындаған кон­церттік бағдарламасын көрген Бағдат Әбілмәжінұлы кішкен­тайларға сәттілік тілеп, ойын­шықтар үлестіріп, бала­бақ­шаға қаржылай сыйлық табыстады.

Құралбек СӘБИТОВ.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Бүгін, 12:31
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Бүгін, 12:26
Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды

Президент Үкіметке әрбір ірі қаланың даму жоспарын бекітуді тапсырды

Бүгін, 12:20
Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 трлн теңге бөлінеді

Бүгін, 12:15
«Жетісу» алғашқы ойында жеңді

«Жетісу» алғашқы ойында жеңді

Бүгін, 12:15

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.